Шпаргалка по "Конституционному праву"
Автор: Адема Данияр • Сентябрь 5, 2021 • Шпаргалка • 38,554 Слов (155 Страниц) • 322 Просмотры
№ 1 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
- Конституциялық құқығының пәні мен әдісі.
Құкық жүйесінің басты саласы – конституциялық құқық болып табылады (кейбір елдерде ол “мемлекеттік құқық” деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқык, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, каржы құқығы және т.б.
Конституциялык құқық маңызды мынадай мәселелерді:
- қоғам мен мемлекет кұрылысының негіздерін;
- мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
- адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.
Конституциялык құқық – адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте қажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемжкеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялык құқықтың пәнін құрайды.
Конституциялық құқықтың пәні - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асырумен және оны ұйымдастырумен, мемлекеттің құрылымымен, сонымен қатар адам мен мемлекет арасындағы байланысты қоғамдық қатынастар. Сондықтан конституциялық құқықты құқықтық реттеудің пәні мемлекет пен қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларын қамтитын тек іргелі қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл конституциялық құқықты Қазақстан Республикасы құқығының жетекші саласы деп атауға мүмкіндік береді.
Құқықтық реттеу пәні сапалық бірыңғай қоғамдық қатынастарды құрайды. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін, қоғамдық қатынастар конституциялық құқық пәні болып саналады, мемлекет пән қоғам құрылысының негізін құрады және мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты. Құқықтың басқа салаларымен салыстырғанда конституциялық құқық түбегейлі түрде өзгешеленеді. Конституциялық құқық қоғамның өмірлік қызметінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани және т.б. бүкіл аясында қалыптасатын қатынастарды реттейді, сонымен бір мезгілде басқа салалар сияқты өмірдің қандайда бір саласындағы қоғамдық қатынастарға әсерін тигізеді. Конституциялық құқықтың ерекшелігі, әрбір көрсетілген аядағы базалық қатынастар мен оның нормалары көрсетілген салалардағы қатынастардың белгілі бір қабаттарын ғана реттейтіндігінен тұрады.
Конституциялык құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:
- міндеттеу әдісі;
- тыйым салу әдісі;
- ерік беру әдісі;
- мойындау әдісі.
Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады).
Міндеттеу әдісі мемлекеттік органдарға сияқты, жеке тұлғаларға қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.
Контитуциялық құқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жадайларда ғана қолданылады.
ҚР Конституциялық құқығы демократияның шынайы көрінісі болып табылатын ерік беру әдісін де кең қолданады. Мұндай әдіс көп жағдайларда адамдардың және азаматттардың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады. Мысал ретінде әркімнің, заңмен белгіленгеннен басқа ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп тұруын және тұратын орнын еркін тандауын айтуға болады. Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде де қоланылады.
...