Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ЖСН «нумерологиясы»

Автор:   •  Март 27, 2022  •  Реферат  •  1,318 Слов (6 Страниц)  •  160 Просмотры

Страница 1 из 6

[pic 1]


ЖСН «нумерологиясы»    


     Қазақстанда 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр азаматқа 12 таңбалы жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) беріледі. Ол жеке куәліктің беткі жағында көрсетіледі.
Алғашқы алты сан рет-ретімен жазылған туған күн датасы: жыл, ай, күн. Жетінші цифр (1-ден 6-ға дейін) азаматтың жынысы (тақ сандар ер адамдарға, жұп сандар әйелдерге сәйкес келеді) мен өмірге келген ғасырын кодтайды: 1-2 – ХІХ ғасыр, 3-4 – ХХ ғасыр, 5-6 – ХХІ ғасыр. 
     Келесі төрт цифр – құжатқа Әділет органы беретін реттік нөмір. Ал соңғы цифр, он екінші сан – бақылаушы. Оны есептеу үшін келесі алгоритм қолданылады:
1) ЖСН-нің әр цифрын оның позициясының нөміріне көбейтеді: яғни бірінші цифрды бірге, екіншісін екіге және дәл осылай ары қарай 11-ге дейін көбейтіп шығады.
2) Алынған цифрларды жинақтайды.
3) Алынған санды 11-ге бөлгеннен алынған қалдық бақылау саны болады.
     Заманауи әлемде адамдар өмірлерін реттеп қоюға тырысады. Бұл бірегей нөмірлерді беруден басталады: жүргізуші куәлігі, телефон кодтары, түрлі куәліктер, тізімді осылай жалғастыра беруге болады. Осы цифрларды қателесуден сақтайтын механизмнің қажет болғаны – заңды құбылыс. Солардың қарапайым әрі пайдалысы – бақылау цифрлары.

1-сұрақ 


Төмендегі жеке куәлік иесінің жынысы мен дүниеге келген ғасыры қандай? 
[pic 2]

  1. [pic 3]

ер., ХХ ғасыр

  1. [pic 4]

ер., ХХІ ғасыр

  1. [pic 5]

әйел, ХХ ғасыр

  1. [pic 6]

әйел, ХХІ ғасыр

2-сұрақ 

 

Бірегей нөмірлер қандай заттарға беріледі?   

  1. [pic 7]

тізімдерге

  1. [pic 8]

куәліктерге

  1. [pic 9]

жүргізуші парағына

  1. [pic 10]

Сүт генетикасы

[pic 11]

     

     Адам лактозаны сіңіру қабілетін аш ішек зақымданғанда, жарақат алғанда немесе жасы келе жоғалтуы мүмкін. Ғаламшарымыздағы тұрғындардың басым бөлігінің ағзасы лактазаны бала кезде жақсы бөледі, ал есейе келе төмендете түседі. Егер лактаза өте аз бөлінсе немесе мүлде жоқ болса, лактозаны қабылдай алмаушылық пайда болады. Дегенмен сәбилерше лактазалық белсенділік деңгейін есейгенше сақтап, сүтті өмір бойына қандай да бір кедергілерсіз қорыта беретін бақытты жандар да болады.

Сүтті сұрыптау
     Лактазаны бөлудің төмендеуі гендердің жұмысымен байланысты. LCT гені (Lactase сөзінен шыққан) – аш ішектің жасушалары осы ферментті синтездейтін нұсқаулық. Ол екі күйде болады: «қосылған» (лактаза өндіріледі) және «сөндірілген» (синтез жүрмейді). Геннің ауысуы оған метилді топтардың қосылуы, яғни метилдену арқылы жүзеге асады. Қосылған кезде олар онда жазылған нұсқаулықтың оқылуына кедергі келтіреді. «Әдепкі қалпы» бойынша, LCT гені өмірге келгенде қосылып, шамамен шектен шығатын жасқа келгенде сөнеді (өмір үшін аса қажет мұқтаждық болмаса, ағзаның ресурстарын ферментті өндіруге шығындаудың қажеті қанша?). Ендеше ауру ретінде қаралатын лактозаны қабылдамау, негізінде, біздің басты күйіміз.
Онда неге кей ересектер лактозамен «достық» қарым-қатынасты жалғастыра береді? Оның себебі – LCT геніне жақын орналасқан МСМ6 геніндегі мутация, ол метилді топтың қосылысына кедергі келтіреді: генді салыстырып оқу аяқталмайды – ферменттің синтезі тоқтамайды. Геннің бір көшірмесін анамыздан, екіншісін әкемізден аламыз. Сүт ішу қабілетін сақтауға жұмыс істейтін бір ғана көшірменің болуы жеткілікті.

...

Скачать:   txt (9.8 Kb)   pdf (666.5 Kb)   docx (944.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club