Эмбриондық гемоцитопоэз
Автор: danabekova99 • Март 15, 2018 • Реферат • 797 Слов (4 Страниц) • 2,275 Просмотры
Кіріспе
Гемоцитопоэз (haemopoesis) дегеніміз – қанның дамуы. Эмбионалды және постэмбрионалды гемопоэзді ажыратамыз. Эмбрионалды гемопоэз эмбрионалды кезеңде жүреді және қанның тін ретінде дамуына әкеледі. Ал постэмбрионалды гемопоэз қанның физиологиялық регенерациясымен көрінеді
Қантүзілу — қан жасушаларының түзілу, даму және толық пісіп жетілу процесі, яғни қан жасушаларының адам мен жануарлар организмінде белгілі бір қызмет атқаруға маманданған жасушаларға айналғанға дейін, көпсатылы дамудан өтетін күрделі процес. Омыртқасыз жануарларда қан жасау мүшелерінің жетілмеуіне байланысты қантүзілу негізінен қуыстық сұйықта және қанның өзінде, ал адам мен омыртқалы жануарларда бұл процесс қан жасау мүшелерінде жүреді. Қан тірі ұлпа ретінде ұрықтық кезеңде дамып жетіледі. Ал іштегі нәресте туғаннан соң, қанда негізінен физиологиялық қалпына келу процесі жүреді. Осыған байланысты қантүзілудің екі түрі ажыратылады. Олар: ұрықтық және туғаннан кейінгі қантүзілу.
Эмбриондық гемоцитопоэз
Ұрықтық қантүзілу — қанның формалық элементтерінің ұрықтық құрсақта ұлпа ретіндегі даму және қалыптасу процесі. Ерекшелігі – түзілетін жерінің де және пайда болатын формалық элементтер құрамының өзгеріп отыруы. Нақтылы бір қан түзуші ағзаның әр кезеңде жетекші рөліне қарай эмбрионалдық гемоцитопоэздің үш этапын ажыратады:
1. Мезобластикалық этап
2. Гепатолиенальды этап
3. Медуллярлық этап
Мезобластикалық қан түзілу
Эмбрионның қан түзілудің МЕЗОБЛАСТИКАЛЫҚ немесе ҰРЫҚТАН ТЫС ЭТАПЫНЫҢ ерекшелігі: ұрықтың денесінен тыс – сары уыз қапшығының қабырғасында, хорион мен жалғаулық сабақшада адам эмбриогенезінің 2-ші аптасының соңынан бастап 12-аптаға дейін өтеді.
Сары уыз қапшығы қабырғасының бос орналасқан, жұлдызша пішінді мезенхималық жасушалары “қан аралшықтарына” жинақтала бастайды. Қан аралшықтарының перифериялық жасушалары жалпайып, қалыңдап біріншілік тамырлардың қабырғасын құрайды. Ал оның ортаңғы жасушалары домаланып дің жасушаларының бірінші генерациясын құрайды, олар өз кезегімен интраваскулярлы мегалобластикалық және нормабластикалық эритропоэзге қатысады.
Меголобластикалық эритропоэз
Қалыптасқан біріншілік эритроциттер болады:
• Ірі көлемді;
• Жиі ядролы бар;
• Гемоглобиннің ерекше түрін – эмбрионның Hb гемоглобинді иеленеді.
Нормобластикалық эритропоэз
ҚДЖ ---- Екіншілік ---- Нормоцит
эритробласттар (Екіншілік эритроциттер)
Бұдан басқа сары уыз қапшығы қабырғасында біріншілік лейкоциттер экстраваскулярлы қалыптасады. 6аптада ҚДЖ-ның шамалы бөлігі сары уыз бен аллантоис веналары арқылы бауырдың бастамасына түседі.
Гепатолиенальды қан түзілу
Екінші, гепатолиенальды қан түзілу ұрық дамуының 5-6 аптасынан басталады. Бұл кезде бауыр гемопоэздің негізгі мүшесіне айналады, бұл жерде ҚДЖ-ның екіншілік генерациясы қалыптасады. Бауырдың ҚДЖ-ы тимусқа, көкбауырға және лимфалық түйіндерге таралады. Қан түзілу экстраваскулярлы жүреді. Негізінен бұл мүшелерде пайда болатын эритроциттер НbF гемоглобинін иеленеді.
Қанның бауырда түзілуі
Эмбриогенездің 5-6 аптасында басталады. Алғашқы кезде мұнда эндоваскулярлық мегалобластикалық эритропоэз өтеді, яғни біріншілік мегалобласттар пайда болады. 7-аптадан бастап ол экстраваскулярлық нормобластикалық эритропозге алмасады. Эмбриондық типті гемоглобин фетальдық түріне ауысады. 12-аптадан кейін өсетін гранулоциттер дамиды. Сонымен қатар тромбоциттердің даму көзі – мегакариоциттер
...