Кинезотерапия
Автор: S_y_m_b_a_t-96 • Апрель 27, 2020 • Творческая работа • 1,043 Слов (5 Страниц) • 422 Просмотры
Сейітбек С.Б. 526 топ
2-тапсырма
Кинезотерапия – физикалық жаттығуларды қолдану арқылы денсаулықты тез әрі толық қалыпқа келтіруге бағытталған және аурудың асқынуын алдын алуға бағытталған емдік-профилактикалық әдіс. Оның негізінде қимыл-әрекет жатыр – организмнің маңызды биологиялық функциясы.
Физикалық жаттығулар нерв жүйесінің барлығы звеносын іске қосады – перифериялық жүйкеден ми қыртысына дейінгі. Бұлшықеттердің қимыл әрекеті арқасында қанға бұлшықеттің қызметтік өнімдері шығып, ол өз кезегінде барлық организмге әсерін береді.
Көп жағдайда кинезотерапияны патогенетикалық ем ретінде қарастырады.
Кинезотерапия әдістерінің классиффикациясы:
- Гимнастикалық жаттығулар:
А) Изотоникалық (динамикалық) – бұлшықеттер жиырылғанда буындардығ қимылы пайда болады.
Б) Изометриялық (статикалық) – бұлшықеттер жиырылғанда буындар қозғалысы тоқтайды
В) белсенді және пассивті(массаж)
Г) арнайы – бұл әдісті жасағанда белгілі бұлшықет топтары іске қосылып ішкі ағазаларға әсерін береді
Д) жалпыдамытатын
Е) рефлекторлы(негізінде шартсыз рефлекстер жатыр)
Ж) бұлшықеттерді босансыту, созу, координация, күш, дәлділік, тепе-теңдік
З) тыныс алу жаттығулары:
- статикалық/ кеуделік не диафрагмалық/ толық тип (негізгі тыныс бұлшықеттері көмегімен)
- динамикалық(сииметрилы және ассиметриялы) – қосымша тыныс бұлшықеттерін іске қосу арқылы жасалынады
- Дренажды – қақырықты шығаруға бағытталған(плевральді қуыста спайкалардың пайда болуын алдын-алуға бағытталған және бронхоспазмды жоғалту үшін жасалынады)
2. Спорттық:
А) жүру; Б) жүгіру; В) жорғалау; Г) жүзу; Д) шаңғы тебу; Е) велосипед тебу
3. Ойындар: А) орында жасалатын; Б) аз қозғалтатын; В) белсенді қозғалтатын; Д) спорттық
Емдік жаттығуларында тағайындағанда келесі принциптерді ұстану қажет:
А) индивидуальді болуы – әдіс түрі және дозировка науқастың ауруы, жасы, жынысы, функционалдық мүмкіндікутеріне сай жасалуы қажет
Б ) Жүйелілік және кезектілік
В) Тұрақтылық
Г) Ұзақ уақыт қолдану – ағзалар жүйесі толық қалпына келгенге дейін
Д) Біртіндеп физикалық жаттығуды күшейту
Көрсеткіштер:
- Омыртқа остеохондрозы
- Дорсалгия
- Коксартроз , гонартроз І-ІІ стадиялары
- Омыртқа сегменттерінің тұрақсыздығы
- Иық-жауырындық периартроз
- Сколиоз
- Рефлекторлы-бұлшықеттік синдромы бар омыртқараралық грыжалар
- Полинейропатия, сонымен қатар тұқымқуалаушылықты
- Орталық және перифериялық паралич және парездер
- Аяқ-қолдарға жасалға операциялардан кейінгі 2-3 апта уақыт
- Ірі буындар мен омыртқа маңайында ауырсынулық сезімнің болуы(функционалды бұзылыс)
Абсолютті қарсы көрсеткіштері:
- Реанимациялық пациенттер
- Аурудың жедел фазасы
- Жоғарғы температура(38 градустан бастап)
- Ағзалар жағынан декомпенсацияның орын алуы
- Қан кету
- Тамырлар тромбозы
- Ауырсынудың қатты болуы
- Іріңді процестер(карбункул, фурункул, флегмона, абсцесс)
- Психикалық ауру және есінен айырылу есебінен қоршаған ортамен байланыстың үзілуі
Тұрақты ток – өз бағытын өзгертпейтін электрлік ток. Келесідей түрлерін ажыратады: а) гальваникалық; б) экспоненциялы импульсивті; в) жартылайсинусиодальды импульсивті; д) тікбұрышты импульсивті
[pic 1]
Гальванизация – төменгі кернулі 30–80 В және күші аз 50 А электрлік токты қолдану болып табылады. Денеге контактылы электродтарды қолдану арқылы жасалынады.
Бұл токтар қарсылығы төмен тіндерге тез өтіп, оларды поляризация процесін туғызады. Тіндерде иондардың жинақталуы, яғни электрлік поляризация процесінің пайда болуы:
...