Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Деляфондиоз

Автор:   •  Май 26, 2021  •  Реферат  •  1,274 Слов (6 Страниц)  •  384 Просмотры

Страница 1 из 6

Деляфондиоз

Қоздырғышы - Delafondia vulgaris. Ауруды Strongylidae тұқымдастығына жататын Delofondia vulgaris нематодасының балаңқұрты қоздырады. Дерттi ересек құрттың балаңқұрт-тары тудырады, олар тiк iшек сырты қантамырларын, шажырқайдың артерияларын жайлайды, iшкi қабығын тiтiркендiрiп қабындырады, тамыр iшiнде қан ұйып түйiледi, ал оның қабырғасы созылып кеңейедi, соның салдарынан өсiндi-қалташылар (аневризм) пайда болады. Ауырған жылқының тынышы кетiп, тыпыршып мазасыданады, iш түйнеп қатты шаншиды, жантапсыруы да iлезде болуы мүмкiн.

Өсiп-өнуi. Инвазиялық балаңқұрттар жылқы iшегiне түскен соң сыртқы қабықшасын тастап кiлегейлi қабыққа тереңiрек бойлап одан əрi қантамырларына енедi, ет жəне шажырқай артерияларына түседi. Олар белсендiлiкпен қан ағысына қарсы жүрiп шажырқай артериясына, қолқа жəне оның тармақтарына дейiн жетедi. Мұнда қан ағымы бəсеңдейдi, қан ұйып, қатайып, тромбыға айналады. Бiрақ балаңқұрттар өсуiн жалғастыра бередi, олар сыртқы қабықшаларын тастап түлейдi, ұзындығы 2 см-дей болады. 5-6 ай өткен соң балаңқұрттар “тұтқыннан” құтылып қантамыр-лар iшiне қайта түсiп, (көшiп жүрген оларды эмбол дейдi) қан ағымымен бiрге бүйен мен тоқ iшекке келедi, одан аталған органдардың қатпар-қабырғасына кiрiп тоқтап, онда 3-4 аптада тұрақтап үлкендiгi бұршақтай түйiндер түзiп, одан қайта шығып ақырында iшектiң қуысына өтiп, өсiп жынысы жетiлген еркек жəне ұрғашы жұмыр құртқа айналады. Толық даму айналым мерзiмi 6-7,5 ай.

Эпизоотологиясы. Деляфондиоз барлық жерлерде кездесетiн iндет. Дерттi ересек құрттары бар мал таратады. Iндет дымқылды, жаңбыры көп жылдары жиi ұшырайды. Энтоозия түрiнде өршiп жылқы арасында бiрен-саран өлiм де байқалады. Қантамырларында өсiндi қалташалар 2-3 айлық құлындардан бастап табыла бередi жəне олар 1-3 жастағы малда көбiрек кездеседi.

Аурудың өрбуi. Деляфондияның балаңқұрттары iшек қатпарларына енген соң, оларды жаралайды, iшек пен шажырқайдың сiрi қабықтарында көлемi ноқаттай көптеген қанталау ошақтары пайда болады. Балаңқұрттар мал қантамырларының iшiне енген соң қанның ағысына қарсы жылжып қантамырларды бiртiндеп бiтейдi, себебi iшкi қабығы эндотелийдiң зақымдануынан қан ұйып тромбыға айналады. Қантамырларының iшкi қабығының нығыздалып қатаюынан склероз дамиды. Олар улы заттар бөлiп шығару əсерiнен орталық жүйке жүйесi зақымданып, малды күйсiздендiредi. Гельминттер əлсiреген денеге сақаудың, қылаудың т.б. iндет қоздырғыштарын жұқтыруға ықпалын тигiзедi. Сонымен қатар шажырқайда iрiңдi қабыну пайда болып тұтас дененi сепсиске апарып соғады, ақырында жануар өлiп тынады. Iшектi қоректендiретiн артерия-ларда өсiндi-қалташалар орын ала бастайды. Олардың саны 50-ге дейiн не одан да көп болуы ықтимал, басым көпшiлiгi алдыңғы шажырқай артериясында болады. Үлкендiгi бұршақтан да кейде iрi жұмыртқадан да асып түседi, тiптi кейбiреулерiнiң салмағы 16-35 кг дейiн жетедi. Қомақты аневризмдер жарылып кетуi де мүмкiн, онда құрсақ қуысына қан құйылуы салдарынан түлiк көп ұзамай жан тапсырады. Кейде өсiндi - қалташалар iрiңдейдi (абцесстер). Аневризмдер жүйке тамырлары мен торшаларды қысыңқырап басып тұрғаннан олар семiп кетедi, ендi олардың орнына дəнекер ұлпалар қаулап өсiп басып алады. Нəтижесiнде қоршаған жүйке тамырларының қызметi бұзылады. Малдың iшi қатады (капростаз), iшек айналады (инвагинация), түйiледi.

Iшектiң зақымданған бөлiгiнде қан айналымының бұзылуына байла-нысты (тромбоз, эмболия) инфаркт өрбiп ағзаның кiлегей қабығы, оның бүрлерi жансызданады (некроз). Түйнек белгiлерi жиiлейдi. Iшектiң бүлiнген тұсы жиырылуын (перистальтика) мүлдем тоқтатады, iшiнде газ жиналуынан ол қампиып керiледi. Əлсiреген iшек қатпарынан құрсақ қусына зардапты микробтар түседi, олар көбейiп сiрi қабықты қабын-дырып перитонитке апарады, дене жаппай уланып жануар жантапсырады. Жылқы инвазиямен азғантай мөлшерде залалданғанда патологиялық процестер асқынбай, өршiмей өтедi. Өсiндi-қалташалар 2-3 айлық құлындардан

...

Скачать:   txt (18 Kb)   pdf (69.8 Kb)   docx (12.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club