Веналық қантолу
Автор: smagulovaaya • Ноябрь 20, 2022 • Практическая работа • 272 Слов (2 Страниц) • 215 Просмотры
№7-ші ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырып: Веналық қантолу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Веналық гиперемия – анықтамасы, түрлері.
2. Жалпы жедел және созылмалы веналық гиперемияның себептері; жүрек жеткіліксіздігі түралы түсінік, оның көріністері.
3. Өкпенің веналық гиперемиясы: себептері, даму механизмі, морфологиясы.
4. Бауырдың веналық гиперемиясы, себептері, даму механизімі, морфологиясы.
Макропрепарттарды сипаттау:
1. Бауырдың созылмалы веналық гиперемиясы (мускатты бауыр). Анықтау керек: ағзаның өлшемінің ұлғайюы, оның консистенциясының тығыздалуы, кескінде түсінің біркелкі болмауы, патологиялық процестін негізі, себебін және салдарын атау.
2. Өкпенің созылмалы веналық гиперэмиясы (өкпенің қоңыр индурациясы): анықтау керек- өкпенің ауаға толуының төмендеуі, кескіндегі түсі, консистенциясының тығыздалуы, процестің себебін және салдарын анықтау.
Микропрепараттарды қарап, суретін салу:
1. «Мускат» бауыр (Г-Э). Анықтау керек. Қан толуының біркелкі болмауы, орталық гепатоциттердің жағдайы.
2. Өкпенің қоңыр индурациясы (Г-Э). Анықтау керек: өкпенің ауаға толуының төмендеуі. Дәнекер тіннің өсуіне байланысты альвеола аралықтарының қалыңдауы, бронхтар мен альвеолалардың куысында сидерофагтардың шоғырлануы.
Дайындыққа арналған негізгі материал:
- Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия. Аударған М.Т. Айтқұлов. - М: Гэотар-Медиа, 2014.
- Зайратьянц О.В. Патологиялық анатомия: атлас. /қазақ тіліне аударған Айтқұлов М.Т.– М.: Гэотар-Медиа, 2014.
https://drive.google.com/file/d/1al9f5zWdGGmnUqGfBbGqaDSxTbw81vTQ/view
№7-ші БОӨЖ
Тақырып: Шок.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Шок - себептері, жіктелуі.
- Шоктың морфологиясы, «шоктық» ағза түсінігі.
Макропрепараттарды талдау:
- Шоктық бүйрек. Анықтау керек: ағза көлемінің үлкеюін, беткейін, кесіндісіндегі қыртысты және милы қабаттарының түсін сипаттап, бұл өзгерістердің дамуын түсіндіріңіз. Себептері мен нәтижелерін анықтау.
Микропрепаратды қарап суретін салу:
1. Шоктық өкпе (Г-Э бояуы). Анықтау керек: өкпе тініндегі ателектаздарды, өкпе қантамырларының біркелкілі емес қантолуы, микроциркуляциялық арнада стаз белгілерінің болуы. Альвеола қуыстарында серозды-геморрагиялық ісіну және фибриннен құралған эозинофильді мембраналардың болуы. Себептері мен нәтижелерін анықтау.
...