Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аэрозольдер

Автор:   •  Сентябрь 5, 2018  •  Реферат  •  1,773 Слов (8 Страниц)  •  2,433 Просмотры

Страница 1 из 8

АЭРОЗОЛЬДЕР (АEROSOLA)

Аэрозольдердің жалпы сипаттамасы. 

Аэрозольді баллон. Пропелленттер.

Аэрозольдер - газ тәріздес дисперсті ортадан және еркін қатты немесе сұйық бөлшектерден құралған дисперсті фазадан тұратын аэродисперсті системалар болып табылады.

Аэрозоль – «аеr» (грек тілінде) - ауа, «solutio»  (латын тілінде) - ерітінді деген мағына береді.

Аэрозольдердің ең қарапайым мысалы тұман, түтін, шаң болып табылады.

Аэрозоль деген түсініктің өзін түрлі тұрғыдан түсіндіруге болады:

  • терапевтік тұрғыдан: аэрозоль — белсенді дәрілік зат сіңірілетін жеріне аэродисперсті жүйе түрінде келіп түсетін дәрілік түр;
  • физико-химиялық тұрғыдан: бұл - дисперсті жүйелердің белгілі бір тобы;
  • технологиялық тұрғыдан:
  • аэрозоль - дәрінің шығарылу формасы, мұнда әсер етуші зат еріген, суспензияланған немесе эмульсияланған күйде итеруші газбен бірге клапанмен тығыз жабылған баллонның ішінде болады.

Гиппократ пен Гален заманынан бастап көптеген дәрігерлер әртүрлі дәрілік шөптерді жағу кезінде пайда болатын бу мен түтінді ингаляциялық терапия ретінде емдік мақсатпен қолданып келген. Емдік мақсатпен вулкандардың күкірітті буларын, минеральды көздердің буларын, ылғалды теңіз ауасын жұту қолданылып келген.

Аэрозольді орауыштағы дәрілік заттар қолдануға қолайлы, ықшамды болып келеді. Орауыш дәрілік затты ылғалдың, жарықтың және ауадағы оттегінің зиянды әсерінен сақтайды, препараттың ластануына және зақымданған тері бөлімін механикалық тітіркендіруге жол бермейді, дәріні ұзак уақыт сактауға мүмкіндік тудырады.

Аэрозольдер алғаш рет 1960 жылы ХНИХФИ-дің (Украина) тәжірибе зауытында «Ингалипт» аэрозолінің шығарылуынан бастап өндіріске енгізілді. Қазіргі кезде аэрозольдер тек тыныс жолдарын емдеу үшін ғана емес, сонымен қатар теріге, шырышты қабықтарға, жараларға күйіктерге жағу үшін де қолданылады.

Аэрозольдер бұлар өндірісте шығарылатын дайын дәрі түрі, мұнда дәрілік және қосымша заттар пропеллентпен бірге тығыз жабылған арнайы баллонның ішінде қысым астында болады. Дәрілік, қосымша заттар мен ығыстырғыштарды құюға арналған ыдыстарды баллондар деп атайды.

 Оларды металдан, полимерден және шыныдан дайындайды. Біздің елде баллондар тек шыныдан сыртын полиэтиленнен, поливинилхлоридтен жасалған полимерлі қабатпен қаптап дайындайды. Шыны баллондар НС-2 жэне НС-2А маркалы бейтарап шынылардан жасалынады, олардың көлемі 15 мл-ден 80 мл-ге дейін. Баллонның қабырғаларының қалыңдығы біркелкі және 20 атмосферадан кем емес ішкі қысымға төзімді болуы керек.

Шыныға қойылатын негізгі талаптардың бірі - жоғары химиялық төзімділігі. Ол - пропелленттердің, органикалық еріткіштердің, дәрілік заттардың агрессивті әсеріне қарсы тұру қабілеті.

Шыны термиялық төзімді болуы керек, 150°С-қа жуық температура айырмашылығына шыдамды болуы керек.

Аэрозольді баллоннын құрылысы.

Аэрозольді орауыш: баллоннан, сифонды түтікшеден, клапанды -шашыратқыш қондырғылардан және пропелленттен тұрады. Сұйық фазаның үстінде онымен тепе-тең қалыпта пропелленттің қаныққан бу қабаты орналасады, оның көмегімен баллонның ішіндегі дәрілік зат сыртқа шығарылып, ауада шашыратылады. Сифонды түтікше осы жіберілетін дәрілік заттың ерітіндісіне, суспензиясына немесе эмульсиясына батырылған (сурет 2).

[pic 1]

Пропелленттер - бұлар аэрозольді орауыштың ішінде қажетті қысым тудыратын газ тәріздес заттар. Олар тудыратын қысым әсерінен дәрілік зат сыртқа ығыстырылып шығарылады.

Пропеленттерге бірқатар талаптар қойылады: артық қысымда олар оңай сұйықтыққа айналуы керек; қаныққан будың қысымы 20°С температура жағдайында 2-8 атм. шамасында болуы керек; химиялық тұрақты және гидролизге ұшырамауы керек; дәрілік заттармен химиялық сыйымды болуы керек; тері мен шырышты қабыққа тітіркендіргіш әсер етпеуі және зиянсыз болуы керек.

...

Скачать:   txt (26.2 Kb)   pdf (152.1 Kb)   docx (30 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club