Алкоголизм, наркомания, токсикоманияның патофизиологиялық аспектілері
Автор: zhan1ya • Сентябрь 28, 2022 • Доклад • 468 Слов (2 Страниц) • 223 Просмотры
НАО «Астана медицина университеті» |
В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы |
[pic 1]
БӨЖ
Тақырыбы: Алкоголизм, наркомания, токсикоманияның патофизиологиялық аспектілері
Орындаған: Қонақбай Жания
Топ: 317 ЖМ
Қабылдаған: Ляззат Нұрмаханбетовна
Тест
1.Нейрон мембранасы арқылы биогендік аминдердің тасымалдануын бөгейтін есірткі түрі?
А)каннабизм
Б)кокаинизм
С)апиындық
Д)елестеткіш есірткілер
Е)антидепрессанттар
Дұрыс жауап негіздемесі: кокаинизм адам организміндегі нейрон мембранасы арқылы биогендік аминдердің тасымалдауын бөгейді және адренергиялық жүйке талшықтарының аяқтарымен катехоламиндердің түйіспе саңылауларынан кері қамтылуын тежейді.
2.Не себепті лизергин қышқылының диэталимиді, мескалин және псилоцибин емдік мақсатта қолданылмайды?
А)адамның шаршағандық сезімін жояды
Б)қорқыныш, үрей сезімдерін басады.
С)жүректі айнытады, адамның ойлау қабілетін бұзады.
Д)көзге елестер пайда болуына әкеледі.
Е)ішек қарынның қимылдық іс әрекеттерін бұзады.
Дұрыс жауап негіздемесі: Лизергин қышқылының диэталимиді, мескалин және псилоцибин қолдану адамның көз алдына елестердің пайда болуына алып келеді. Бұны елестеткіш есірткілер дейді. Бір рет қолданудың өзінде жан дүниелік өзгерістер пайда болып, жіті психоздар дамиды.
3.Нашақорлық пен уытқорлықтың бастапқы сатысы қанша уақытқа дейін созылады?
А) 2-6 ай
Б) 2-3 апта
С)1-3 жыл
Д) 2-5 жыл
Е) 3-9 айға
Дұрыс жауап негіздемесі: 2-6 айға созылады.Бұдан неврастениялық және психастениялық синдромдар дамиды, бұл заттарға рухани тәуелділік қалыптасады.
4.Этанолдың қандағы мөлшері 400 мг болғандағы адамның жағдайы?
А)адамның өліміне әкеледі.
Б)адамды есінен таңдырады.
С)қимыл қозғалыс үйлесімділігін бұзады.
Д)ауыр уыттандыру туындатып, организмнің қатты қозуына әкеледі.
Е)көңіл күйдің қобалжуын басады.
Дұрыс жауап негіздемесі: қанда этанолдың мөлшері 400 мг дан асса,адамның өліміне алып келеді,себебі ацетальалдегидтің бір бөлігі қанмен айналып жүріп,ағза мен тін жасушаларына жеңіл өтіп, оларға қатты уытты әсер етеді.
5.Мына сипаттама төмендегі варианттардың қайсына сәйкес келеді, өкпе ұяшықтарындағы макрофагтардың лизосомалары мен фаголизосомаларын бүлдіріп,олардың фагоцитоздық қабілетін белсенділігін төмендетеді.
А) есірткі
Б)алкоголь
С)темекі түтіні
Д) токсикоманиялар
Е)героин
Дұрыс жауап негіздемесі: темекі түтіні тыныс алу жолдарын зақымдап,созылмалы бронхит,өкпе қабынуы,өкпе эмфиземасы,өкпенің желдетілуіне алып келеді.
...