Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Стратиграфия

Автор:   •  Сентябрь 30, 2018  •  Реферат  •  6,910 Слов (28 Страниц)  •  598 Просмотры

Страница 1 из 28

                                                       Кіріспе

    Сипатқа берілген аудан Балхаштың солтүстігінде орналасқан және келесі координаталармен шектелген: 46°40᾿ - 47°20᾿ с. ш. және 77°00᾿ - 78°00᾿ ш. д.

    Әкімшілік қатынастарға қарағанда бізге берілген аудан өзінің оңтүстік үлкен бөлігімен Талды-Қорған облысына кіреді, ал солтүстік бөлігі Қазақ АКСР-дегі Семей облысына кіреді. Сипатқа берілген аудан Солтүстік Балхаштағы шөлді аймақтардың бірі болып табылады.

    Орографиялық қатынастарда бұл аудан өзіндік тұрғыдан қатты денудацияға ұшыраған эрозиялық пішіндерден тұратын бедер.  Бұл бедер депрессиялы жазықтықтардын және көбінесе ұсақшоқылықтардан, ұсақшоқылы таулы қыраттардан тұрады. Ауданның оңтүстік бөлігі ұсақшоқылықты жазықтықтардан, жеке аралды шоқылықтармен және бүктелген серпімді яшма-кварциттерден, порфириттерден тұрады. Ауданның орталығы және солтүстік бөлігі көбінесе ұсақшоқылықтардан тұрады, кей жерлерінде биік емес, қырлары қатты тілімденген ұсақшоқылы таулы қыраттардан тұрады. Ұсақшоқылықтардың биік қойырымдары 50-60 м аспайды. Ал таулықыраттар ұсақшоқылықтар 80-130 м-ге дейін көтеріледі. Беттің жалпы баурайы Балхаш көлінің бағытында, солтүстіктен оңтүстікке қарай құлайды. Ауданның солтүстіктегі шекарасында абсолюттіктегі биіктік 650-800 м-ге дейін жетеді, ал оңтүстіктегі шекарасында – 350-400 м-ге дейін жетеді. Ұсақшоқылықтар мен ұсақшоқылы таулы қыраттар кеңінен созылған аңғарлармен  жеке бөлікке бөлінген.

    Гидрографиялық желі бұл аумақта жеткілікті түрде тармақталған, бірақ, толық дерлік әрекетсіздік жағдайда тұр, тек қатты жаңбыр кезінде жанданып, қатты тілімденген жыра сайлардың жоғарғы бөліктерін су шайып, аңғарларға сынықты материалдарды шайып шығарып тастайды.

    Ауданның климаты күрт континентальды. Температураның жылдық ауытқуы 80°(-40° қыста және +40° жазда). Аяссыз кезең бұл ауданда мамыр айының екінші бөлігінен бастап қыркүйек айына дейін созылады. Жауын-шашын өте аз жауады, жылына 130 мм ғана. Жауын-шашын ең көп көлемі мамыр мен маусым аралығында жауады. Ең алғаш қар қазан айында жауады. Қараша айының ортасынан бастап тұрақты қар жамылғысы пайда болады.

    Ауданның өзінде тұрақты тұрғындары жоқ. Сипатқа берілген ауданның орталық территориясында Саяқ кенорнының геологиялық барлау  пунктінің кенті орналасқан, және бұл аймақтағы жалғыз тұрақтайтын жер болып табылады.

    Ауданға апаратын басты жолдар жеңіл көлікті грунтті жолдар, көбін Саяқ геологиялық барлау партиясы салдыртқан. Саяқ кентінен Балхаш қаласына дейін 230 км, Ақтоғай станциясына және Лепсі станциясына 280 км,  Түркістан-Сібір жолы.

    Ең алғашқы Балхаш туралы үстіртін геологиялық мәліметтерді А. Н. Шрен (1840-1843 жж), А. М. Никольскин (1885 ж), Л. С. Берг (1940 ж) жинастырған. 1910 жылы Балхаш жызықтығын Б. Ф. Меффет зерттеді. 1912-1913 жылдары А. А. Аносов (1916 ж) өзінің жолсапар бағдары арқылы берілген ауданды басып өтіп, бұрынғы Қарқара уездіне гидрогеологиялық зерттеулер жүргізген.

    Солтүстік Балхашқа қызығушылық 1928 жылы Коунрад мыс кенорны ашылғаннан кейін пайда болды. 1930 жылы Н. И. Ноконвников (1931 ж) Саяқ мыс-магнетит кен орнын ашып және қысқа геологиялық  сипаттама берілді.

    1951 жылы Саяқ кенорнына казгеобасқармасы геологиялық барлау партиясын жіберді. Партияны басқарғандар инженер М. С. Лизунов пен И. С. Гопонович (1932 жылы) болды.

    Геологиялық барлау экспедициясы Саяқ Ḭ және Саяқ ḬḬ кенорнына барлау жасап, Саяқтың мульдінің шығыс бөлігінде масштабы 1:25 000 геологиялық карта жасалуы және кен орнына магнитометриялық түсірілім жасалды.

    Солтүстік Балхаштағы геологиялық зерттеудің жаңа кезеңі 1936-1939 жылдары түсті және оны КСРО ғылым академиясы жүргізді.

    Зерттеулерінің соңында 1:500 000 масштабына геологиялық карта жасалды.

    1936 жылы И. П Новохатский (1938ф) L-43-XII территориясына зерттеулер жүргізеді. Тапқан өсімдіктердің зерттеулер қортындысында жоғарғы силур, төменгі және орта девон, төменгі таскөмір түзілімдері табылды. Дәл сол жылы В.С. Дмитриевский Солтүстік Балхаштағы кейбір гипербазисти массивтерді зерттегенде, Ақшоқы мен Тоғыр-Тастағы  ултьранегізді интрузияны егжей-тегжейлі  сипаттап берді. 1931 жылы В. А. Вохрамеев (1941ж) ауданды толығымен зерттеп, девонның және жоғарғы силурдың стратиграфиясын көрсетіп, Саяқтық мульдінің карбонаты түзілімдерінің стратиграфиясын сипаттап берді.

...

Скачать:   txt (93.7 Kb)   pdf (298.2 Kb)   docx (38.2 Kb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club