Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в ТОО “СК Семей”

Автор:   •  Сентябрь 26, 2020  •  Отчет по практике  •  9,995 Слов (40 Страниц)  •  500 Просмотры

Страница 1 из 40

24.06.2020

1 ТӘЖІРИБЕНІҢ БІРІНШІ КҮНІ

1.1 ТОО СКС Семей орталығына келіп жету

1.2 Жұмыс ауданына жету

Мақсаты: Аталған уақытта, яғни 24.06.2020 күні сағат 8:00 де, ТОО “СК Семей” компаниясының офисіне келу және жұмыс ауданына жету. Лагерьге орналасу.

Теориялық мәлімет:

Жұмыс барысы:

Жоспарланған уақыт бойынша ТОО “СК Семей”(сурет 1.1) орталығына келіп жеттім. Сол жерде жол жүру барысындағы, сонымен қатар бекеттерге тоқтау барысындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық алдым. Содан кейін, сағат 9:00 де жұмыс ауданына баратын көлік келіп жетті және біз жеке заттарымызды тиеуге кірістік. Сағат 9:30 да офистан жұмыс ауданына(Мунча(сурет1.2)) жолға шықтық. Мунча кен орны ШҚО, Көкпекті ауданы, Подгорное ауылынан 40 км қашықтықта орналасқан. Мунча кен орны орналасқан аймақтың рельефі таулы болып табылады. Кен орнындағы ең биік шыңның атауы «Холодная сопка» биіктігі 1027,3 м. Сағат 19:49 да кен орнынан 22 км қашықтықтағы Подгорное ауылына келіп жеттік. Ал лагерьге түнгі сағат 23:22 де келіп жеке жүктерімізді түсіріп, №5 ші дүңгіршекке (сурет1.3) орналастық.

10 бет

Қорытынды: Тәжірибенің бірінші күні барысында ТОО “СК Семей” компаниясының офисімен және іс-тәжірибе бойынша жетекшілермен және жұмысшылармен таныстым. Сонымен қатар, аталған офистен жиналып сирек жер металдары кен орны Мунчаға жолға аттандық және сол күні лагерьге келіп орналастық. Жолға кеткен уақыт 13 сағат, арақашықтық 650км болып табылады.

25.06.2020

2 ТӘЖІРИБЕНІҢ ЕКІНШІ КҮНІ

2.1 Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы бойынша инструктаж алу.

2.2 Еңбекті қорғау жайлы толығырақ мағлұматтар алу.

Мақсаты: Маршруттар жүру және ашық тау қазындыларды өту барысындағы қауіпсіздік техникасымен танысу.

Құрал-жабдықтар: Қауіпсіздік техникасы журналы, кеңсе тауарлары және жеке қауіпсіздік құралдары.

Теориялық мәлімет:

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

Жобаланатын далалық жұмыстардың негізгі түрлері: жер үсті тау-кен қазбаларын өту, колонкалық бұрғылау, іздестіру маршруттары, геофизикалық жұмыстар және олармен байланысты сынамалау және ілеспе жұмыстар болып табылады.

Барлық геологиялық-барлау жұмыстары келесі талаптарға орындалады:

- "Геологиялық барлау кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары" ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің 2009 жылғы 24 сәуірде қабылданған №86 бұйрығы бойынша іске асырылады.

- "Геологиялық барлау кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары" ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің 2008 жылғы 29 желтоқсанында қабылданған № 219 бұйрығы бойынша іске асырылады.

- "Еңбекті қорғауды басқару жүйесі (ЕҚБЖ)"

- "Геологиялық барлау жұмыстарына арналған өрт қауіпсіздігі ережелері"

- "ҚР кен орындарын игеру кезінде жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережелері

1999ж.".

Жалпы ережелер

1. Жұмысқа жаңадан қабылданғандардың барлығы инженерлік-техникалық

қызметкерлер, техникалық қызметкерлер және жұмысшылар медициналық

куәландырудан өтуі тиіс.

2. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша кез келген инженерлік-техникалық қызметкерлер, техникалық қызметкерлер және жұмысшылар жылына бір рет қайта медициналық тексерілуден өткізілуі қажет.

З. Жұмысқа жаңадан қабылданған және басқа жұмысқа ауыстырылған қызметкерлерді жұмысқа жіберу алдында

жұмыс орнында инструктаждан өткізу, тағылымдамадан өткізу жәнеатқаратын жұмысы бойынша білімін тексеру қажет.

4. Жетекші мамандықтардың

...

Скачать:   txt (157.5 Kb)   pdf (180.8 Kb)   docx (82.5 Kb)  
Продолжить читать еще 39 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club