Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гидротермалық кенорындар

Автор:   •  Октябрь 15, 2019  •  Лекция  •  394 Слов (2 Страниц)  •  544 Просмотры

Страница 1 из 2

ГИДРОТЕРМАЛЫҚ КЕНОРЫНДАР

4.1. Жаралу жағдайлары

Гидротермалық кенорындар негізінен жер қыртысының жоғарғы бөлігінде айналымданатын және суыған магмалық денелердің туындылары болып табылатын, минералданған ыстық газдық-сулық ерітінділерден қалыптасады. Пайдалы қазбаларды жасайтын минералдық заттар көпшілік жағдайда сулық ерітінділерде та- сымалданады. Олар физикалық-химиялық қүрамы бойынша жүзгін, коллоид және молекулалық (шынайы) ерітінділерге жатады.

Жүзгіндер немесе суспензиялар - дисперсиялық фаза бөлшектерінің өлшемі 0,1 мкм-ден асатын ерітінділер. Гидротермалық кен жаралуда олар елеулі рөл атқара қой- майды. Коллоид ерітінділер (дисперсиялық фаза бөлшектерінің өлшемі 0,1-1 мкм аралығында) гидротермалық үдерістерде үлкен рөл атқарады. Олардың коагуляңияла- нуынан гель пайда болады да, ары қарай метаколлоид минералдық массаларға айналады. Шынайы немесе молекулалық ерітінділер (иондар мен молекулалардың өлшемі 0,1-1 мкм аралығында) гидротермалық кен жаралудың негізгі көзі болып табылады.

Жорамал бойынша гидротермалық ерітінділер суының көзі магмалық, метаморфтық, ежелгі шөгінділер қүрамында көмілген терең айналымды атмосфералық су болуы мүмкін. Магмалық (түмса су) магмалық балқы- мадан оның қатаю және магмалық таужыныстар қалып- тасу үдерісінде бөлінеді. Эксперимент пен төгілген ла- валарды зерттеу деректері бойынша магмадағы судың мөлшері 1-7 шамасында, бүл гидротермалық кенорындар дамуының масштабын түсіндіре алады.

Минералдық заттар гидротермалық ерітінділерде минералдардың шынайы немесе коллоид ерітінділері, қарапайым иондық элементтер мен жиынтықты иондық-мо- лекулалық ерітінділердің оңай еритін қосылыстары түрінде тасымалданады. Аталған ерітінді түрлерінің соң- ғысы ең әмбебап тасымалдау түрі болып саналады. Бүл, бір жагынан, металдардың жиынтықты ион ерітінділе- рінде жоғары ерігіштігімен, екінші жагынан, иондардың физикалық-химиялық жағдайлар өзгергенде қарапайым түрлерге біршама оңай ыдырап, шөгіндіге бөлінетін қиын еритін қосындылар жаралуымен түсіндіріледі.

...

Скачать:   txt (6.4 Kb)   pdf (85.8 Kb)   docx (1.6 Mb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club