Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Эпизоотология

Автор:   •  Март 28, 2018  •  Лекция  •  25,815 Слов (104 Страниц)  •  772 Просмотры

Страница 1 из 104

Сібір жарасын – жіті жүретін  барлық малдармен адамдардың індетті ауруы, ол септицемиямен, токсемиямен және денесінде әр түрлі ісіктердің пайда болуымен, ішектің, өкпенің зақымдануымен сипатталады.

Қоздырғышы Вacculus anthrasis - аэробты спора капсула түзетін оң грамды микроб. Сыртқы ортаға түскенде спора түзеді, спораның арқсаында сыртқы ортада жүздеген жылдар сақталып жатады, ал ағзаға енгенде капсула түзеді. Капсула микробты ағзаның қорғаныс денешіктерінен (антиденеден) қорғайды.

Эпизоотологиялық деректер:

   Сібір жарасы өте сезімтал қой, ірі қара, жылқы, елік, түйе. Аз сезімтал – шошқа, ит, мысық, олар үлкен дозада жұқтырғанда ғана аурады

 Індеттін шығу көзі – ауру малдар, қоздырғыш ағзадан нәжісімен, зәрімен, сілекейімен, сүтімен шығады.

Берілу факторлары: қоздырғыш ластаған сыртқы ортадағы заттар. Әсіресе қауіпті сібір жарасынан өлген өлексе, сондай ақ терісі, жүні, сүйегі терісі. Сол себепті сібір жарасынан өлген өлексені жаруға болмайды. Іші жарылмаған өлекседе бацилла 3 тәулік өмір сүреді. Ал өлексені жарып жібергенде мүшелер мен ұлпаларға ауа кіреді, сол кезде бацилла спора түзіп алады да топырақта немесе басқа да сыртқы ортаның заттарына түсіп ұзақ уақыт сақталады. Сондай ақ, малдарды агональды кезінде союда қауіпті.

  Жиналмаған сібір жарасынан өлген өлексені етқоректілер жәе жыртқыш құстар жан-жаққа тасымалдап, індеттің ошағын кеңейтеді.

  Сібір жарасына тұрақтылық тән, яғни қолайсыз аймақта қайталануы мүмкін. Ол қоздырғыштың спорасының сыртқы ортада ұзақ сақталуымен байланысты. Сау малдарға ауру өте жиі жайылымда, бұрын бұл жерде мал қорымдары болғанда, қатты жаңбырдан немесе су тасқынынан қоздырғыштың топырақтың бетіне шыққанна пайда болады.

   Қоздырғыш ағзаға алиментарлы жолмен, аэрогенді, трансмисивті жұғады. Тарататын резервуар – ит, мысық, жыртқыш құстар. Ауру жылдың кез-келген мезгілінде өте жиі көктем-жаз-күз айлары кездесді, себебі бұл кезде малдар топырақпен жанасады, шыбын шіркейлер шағады. Эпизоотия түрінде жүреді.

Патогенезі – сібір жарасының қоздырғышы ағзаға зақымданған кілегей қабықша арқылы енген соң лимфа жүйесіне барады. Жергілікті қорғаныс кедергісін басып тастайды. Бацилла тез көбейіп лимфа мен лимфа бездеріне барады, содан соң  тез арада қанға  түсіп, қан арқылы  бүкіл ағзаға аралайды. Әсіресе көкбауырда көптеп орналасады, қайтадан қанға түсіп септицемия және ағзаның интоксикациясын тудырады. Бұл процесстің барлығы қандағы оттегінің азаюына, қанның қышқылдық-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылуына, қанның ұю қабілетінің жойылуына әкеп соғады. Клиникалық белгілері:

   Инкубациялық кезеңі 1-3 күн.  Аурудың негізгі 2 формасы бар септицемиялық және ісіктік (карбункулезді), сонымен қатар патологиялық процесстің орналасуына байланысты ішектік, өкпелік, ангиналық формалары болады. Алайда соңғы аталған формалар шартты түрде, тек аурудың клиникалық белгісін дұрыс сипаттау үшін қолданылады.

Ауру ағымы: өте жіті, жіті, жітілеу, созылмалы және абортивті. Өте жіті формасы: қой, жылқы, ірі қарады кездеседі. Мал қозады, ыстығы бірден көтеріледі, пульс және демалысы жиілеп, көрінетін клегей қабықшалары көгеріп, кенеттен құлап, аяқтары тартылып өліп кетеді. Аурудың ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағаттқа созылады. Сыртқы белгілері шығып үлгермейді.

Жіті ағымы ірі қара мен жылқыда кездеседі. Ыстығы 42°С көтеріліп, жабырқау тартады, асқа тәбеті болмайды, сиырда лактация төмнендейді. Дірілдеп, жүректің  жұмысы нашарлап, кілегей қабаты көгеріп кетеді. Конънктивада ұсақ нүктелі қан құюлар болады. Жұтқыншақ және көмей тұсы ісініп кетеді. Ірі қара малының іші кеуіп кетеді. Буаз малдар іш тастап кетеді. Аурудың ұзақтығы 2-3 күн аралығында.

Жітілеу ағымы осындай белгілермен сипатталады, тек ауру 6-8 күн жүреді.

Созылмалы ағымында  2-3 айға созылады, жиі  шошқада кездеседі. Жақасты және алқым лимфа бездері ісініп, мал арықтайды. Ангиналық формасы шошқада кездеседі. Жұтқыншағы ісініп, мойын тұсы ісініп, жөтеліп, бырқырайды.

...

Скачать:   txt (374.7 Kb)   pdf (953.5 Kb)   docx (136.9 Kb)  
Продолжить читать еще 103 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club