Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жатырдың субинволюциясы

Автор:   •  Март 30, 2019  •  Курсовая работа  •  6,091 Слов (25 Страниц)  •  931 Просмотры

Страница 1 из 25

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір  хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті

«Ветеринарлық медицина және биотехнология» факультеті

«Жұқпалы  емес аурулар және морфология» кафедрасы

«Ветеринарлық акушерлік және гинекология пәнінен

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Жатырдың субинволюциясы»

Орындаған: ВМ – 33 топ студенті  Мырзабаева Г.Ж

Тексерген:  аға оқытушы    Дарменова А.Г

Орал,2019

Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ............................................................................................5

1.1.Туу кезеңінің патологиясы ..........................................................5

1.2.Сиыр жатырының субинволюциясын тудырушы негізгі факторлар......................................................................................................8

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.................................................................................................11

        2.1.Сиырдың жатырының субинволюциясының негізгі клиникалық белгілері..................................................................................................................11

2.2.Сиырдың жатырының субинволюциясын анықтау әдістері.....................................................................................................14

          2.3.Алдын – алу шаралары мен ұсыныстары ...........................................................................................................................17

ІҮ.ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................21

Ү.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................22

ҮІ.ҚОСЫМШАЛАР.........................................................................................24

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде, әлеуметтік – экономикалық  реформаны дамытуда ветеринарияның маңызы зор.
Ветеринарияның міндеті – мал шаруашылығының ветеринарлық тазалығын сақтау, адамдардың денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау.
Ауыл шаруашылығының алдында тұрған басты тапсырма – халықты  өндірістік және ауылшаруашылық шикізатпен, оның әлеуметтік жағдайының деңгейін ары қарай жоғарлатуды қамтамасыз ететін өндірістің дамуы мен мал шаруашылығының барлық салаларының жан-жақты динамикалық дамуына қол жеткізу болып табылады.

Әр малдың басынан өндірілетін өнімнің шығу көрсеткішін ұлғайту және табынның өзіндік өніп – өсу  дәрежесін жоғарылату, малдың басын сақтап қалуға нақтылы кірісу нәтижесінде ауыл шаруашылығының деңгейін  көтеру қажет. Сонымен қатар мал шаруашылығына қажетті дәрілік заттар мен дәрумендерді қажетті жерге тез арада жеткізуді кеңейту және малдәрігерлік кызмет көрсетуді жақсарту керек.

Халық шаруашылығының экономикасында ірі қара шаруашылығы маңызды орын алады, себебі болашақта малдың тұқымдық құрамын және өсіп – өндіру  технологиясын жақсартудың өзіндік үлесі зор. Жекелеген шаруашылықтарда малдың жалпы басының өсуіне және ірі қара шаруашылықтарының ары қарай дамуына сиыр малында кездесетін жатыр аурулары        кедергі келтіріп келеді. Бұл аурулардан келетін экономикалық шығын, мал шаруашылығында кездесетін көптеген жұқпалы емес        аурулардан          кем          түспейді. 
                 Ірі қара мал табынын өсіру ең күрделі және көп еңбекті қажет ететін процестердің бірі болып табылады. Сүт және ет өндірісінің өсуінің маңызды факторы бұзаулардың 100 басына шығуының артуы болып табылады. Еліміздегі шаруашылықтарда бұзаудың шығуы төмен, бұл бірқатар себептерге байланысты. Ең алдымен, бұл жануарларды дұрыс асырмау және пайдалану, сондай – ақ  толық емес және жеткіліксіз азықтандыру. Бірақ басты себеп мамандардың мал дәрігерлік қызметінің төмен деңгейі болып табылады. Бұл шаруашылықтың көптеген аурулары бойынша, атап айтқанда, гинекологиялық жайсыздығын тудырады.

...

Скачать:   txt (87 Kb)   pdf (335.8 Kb)   docx (125.5 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club