Індеттану микробиологиясымен
Автор: sermanbetova • Июнь 19, 2018 • Творческая работа • 3,618 Слов (15 Страниц) • 1,474 Просмотры
ҚАЗАЛЫ АГРАРЛЫ – ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
Жылқы аурулары
[pic 1]
Рысбаев Шымберген
Арнайы пән оқытушысы
Қазалы қаласы, 2016 жыл
«Бектемін»
Директорының оқу-өндірістік жұмыстары
жөніндегі орынбасары:
_____________________ Қ.Арзақынов
Пәні: Індеттану микробиологиясымен
Өткізілетін оқу тобы: ІІІ курс, 14-6 топ
Өткізілетін мерзімі: 24 желтоқсан 2016 жыл
Өткізілетін орны: Микробиология кабинеті
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Жылқы аурулары
а) білімділігі: Жылқы аурулары мен олардың түрлері, жұқпалы маңқа, маңдам, сақау ауруларының қоздырғыштарын жұғу жолдарын, індеттік ерекшеліктерін, патологиялық анатомиялық өзгерістерін және емдеу жолдарын меңгерту.
ә) дамытушылық: Жылқы ауруларының өзіне тән ерекшеліктерін меңгерте отырып, білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, мамандықтарын игеруге дағдыландыру.
б) тәрбиелік: Білім алушыларды жауапкершілік пен ұқыптылыққа, мамандығына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Біріккен сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ-жауап, ойын әдісі, ассоциация,
топтық жұмыс әдісі
Пәнаралық байланыс: биология, химия, физика
Сабаққа қажетті оқулықтар: Т.Сайдулдин «Жануарлардың жұқпалы және аса қауіпті
аурулары»
Құрал-жабдықтар: Диапроектор, компьютер құрылғысы, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 минут)
- білім алушылармен сәлемдесу;
- білім алушыларды журнал бойынша түгелдеу;
- білім алушылардың сабаққа дайындығын бақылау;
- білім алушыларды топқа бөлу;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (13 минут)
1. «Бізден - сұрақ, сізден - жауап» ойыны (5 минут)
- Қойдың жұқпалы маститінің түрлері?
- Қойдың гангреналық маститінің шығу тарихы?
- Қойдың гангреналық маститінің қоздырушысы?
- Қойдың гангреналық маститінің індеттік ерекшеліктері?
- Кебенек ауруы қандай малға тән ауру?.
- Кебенектің індеттік ерекшеліктері.
2. «Мен не білдім?» (үй тапсырмасына берілген тақырыпты қорғау) (5 минут)
- – топқа: Қойдың жұқпалы маститі
- – топқа: Ешкінің кебенегі
- – топқа: Найроби ауруы
3. Сәйкестендіру кестесі. (топтық жұмыс) (2 минут)
Студенттер берілген сұрақтарға дұрыс жауабын тауып, сәйкестендіреді.
СҰРАҚТАР | ЖАУАПТАР |
Қойдың жұқпалы маститі[pic 2][pic 3] | Кебенек |
Қойдың жұқпалы маститі6нің қоздырушылары.[pic 4][pic 5] | Бауыр, көк бауыр, бүйрек. |
Бұл ауруға тек қана ешкі шалдығады. | Staphulococcus aureus ovinus. |
Кебенекпен ауырғанда қай ағза зақымданады.[pic 6] | Желіннің гангреналық қабынуы мен бүкіл дененің улануы. |
Найроби ауруында қай ағза зақымданады. | Өкпе |
Өлексені сырттай қарағанда денесінің артқы жағы сұйық нәжіспен ластанған,танауының айналасында сораның кепкен қабыршақтары байқалады.[pic 7][pic 8] | Pieuropneumonpia infectiosa caprarum |
Кебенек ауруының қоздырғышы | Найроби ауруымен ауырып өлген мал. |
...