Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гидропоника

Автор:   •  Июнь 28, 2021  •  Доклад  •  651 Слов (3 Страниц)  •  318 Просмотры

Страница 1 из 3

«Гидропоника» таңдау курсы[pic 1]

Иманкулова Алмагуль Маратовна

Қостанай қаласы,

Ы.Алтынсарин атындағы

мамандандырылған мектеп-интернаты,

биология және химия мұғалімі,

химия магистрі

 

Қазіргі заманда гидропоника және өсімдіктерді топырақпен өсіру әртүрлі проблемалардан –нашар тамақтану, азық-түлік бағасының өсуі, таза ауыз судың жетіспеушілігі, топырақтың сарқылуына байланысты проблемалардан панацея болуы мүмкін. Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы жолдауында «Қазақстан-2050» Стратегиясын жариялағанда ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатеріне назар аударатын кездің келгенін айтып өтті. Гидропоника осы он сын-қатерлердің ішінде 1-2 қатердің алдын ала алады. Олар:Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіріп отыр. Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде.

Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы.

Әлемдік су ресурстары да қатты қысым көріп отыр. Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүз жылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады. Біз суды біздің асыл ресурстарымыздың бірі деп есептейміз, ал гидропониканың көмегімен әдеттегі бағбандыққа қарағанда 70% -дан 90 %-ға дейін суды үнемдейміз. Тек суды ғана үнемдеп қоймай, тек 220 В электр тоғында аз уақыт ішінде өзіміздің отандық өнімдерімізді өсіре аламыз.

        Қарапайым гидропондық жүйе әртүрлі өсімдіктермен тәжірибе жасау үшін де, олардың нәтижелерін отбасының «тамақтану» бағдарламасын шешуде пайдалану үшін де үлкен мүмкіндіктер ашады.

Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында 2019 жылдан бастап «Гидропоника» таңдау курсы оқытылуда.

«Гидропоника» практикаға бағытталған таңдау курсы  7 сыныпта оқушылардың мектептен тыс жұмыстарының шеңберінде, инженерлік STEAM білім беру тұжырымдамасына сәйкес өтеді. Бастапқыда теориялық білім берілсе, кейін  гидропондық құрылғы құруға, осы әдіс арқылы өсімдіктерді өсіруге және өнімді сатуға негізделген  болады.

        Жұмыс барысында оқушылар химия, биология, физика және технологияның әр түрлі салаларындағы білімнің кеңеюіне ықпал ететін зерттеулерді бақылайды, салыстырады, талдайды және тәжірибе жүргізеді. Бұл инженерлік ойлауды, пәнаралық білімді дамытуға ықпал етеді, оқушылардың іс-әрекеті инженерлік құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде өсімдіктерді гидропонидық әдіспен өсіру шеберлігі мен алынған өнімді сату мүмкіндігі пайда болады.

Курстың мақсаты:

        Оқушылардың бойында заманауи технологияларды қолдана отырып, топырақты өңдеудің негізгі теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Биологиялық білімнің адамға пайдасы мен технологиялық прогрестің дамуы үшін құндылығын көрсету. Оқушылардың экологиялық мәдениеті мен кәсіби бағдарлауына ықпал ету.

...

Скачать:   txt (9.9 Kb)   pdf (146.5 Kb)   docx (30.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club