Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұйқыбез

Автор:   •  Сентябрь 4, 2021  •  Реферат  •  733 Слов (3 Страниц)  •  195 Просмотры

Страница 1 из 3

Ұйқыбез - аралас без болып келеді, ол экзокринді және эндокринді бөлімдерінен тұрады. Ұйқыбез–паренхиматозды ағза, бөлшекті болып келеді. Стромасы- висцералды көк етімен тұтасып жататын капсуладан және капсуладан ағзаның ішіне қарай өтетін қабаттан БТДТ және дәнекертінді қабаттардан тұрады. БТДТ қабаттарында бездің экзокринді бөлігінің шығару түтіктері, тамырлар, нервтер, интрамуралды ганглийлер, пластинкалы Фатер-Пачини денешіктері болады.

Паренхимасы ацинустардан, шығару түтіктерден, Лангерганс аралшықтарынан түзілген. Әрі бір бөлшегі экзокринді және эндокринді бөлімдерінен тұрады.

Ұйқыбездің экзокринді бөлігі бөлікшелерде ұйқыбез ацинустары, ендірме, бөлікшеішілік, бөлікшеаралық, сондай-ақ жалпы ұйқыбез өзегімен ұсынылған. Экзокринді бөлімінің құрылым-қызметтілік бірлігіне ацинус жатады. Ол 8-12 экзокринді панкреатоциттерден және центроацинозды жасушалардан тұрады. Панкреоциттердің пішіні конусқа ұқсаған, оның төбесі тарылған, ал негізі жалпақ болып келеді. Негізі базалды мембрананың үстінде орналасқан. Базалды бөлігінің плазмолеммасы қатпарларды түзеді, ал апикалды бөлігінде микробүрлер болады. Экзокринді пакреатоциттің құрылысы полярлы болып келеді: жасушаның кенейген базалды бөлігі гомогенді , апикалды бөлігі зимогенді аймақ болып келеді .

Панкреатоциттердің гомогенді аймағында ұйқыбез сөлінің ферменттерін өндіретін грЭТ жақсы дамыған. Рибосомалардың көп болуы осы аймақтың базофилиясын қамтамасыз етеді. Зимогенді аймақта ірі секреторлы түіршіктері болады олар қызғылт түс беріп тұрады. Түйршектердің құрамында белсендіемес ферменттер яғни зимоген түрінде болады. Ядроүсті аймағында Гольджи кешені орналасады. Экзокринді жасушалар секреторлы процесті цикл бойынша қамтамасыз етеді. Бастапқы заттарды сіңіру, секреттің синтезі, оның жинақталуы, бөлініуі орташа алғанда 1,5-2 сағ алады. Экзокринді пакреатоциттерден бөлінген секрет центроацинозды түтікке өтеді, оның қабырғасы аласа текшелі эпителийден тұрады.

Центроацинарлы жас-ың пішіні жалпақ болып келеді, ядросы сопақша жұқа ақшылт цитоплазмамен қоршалып тұрады. Кейбір авторлар оларды камбиалды элементтер ретінде қарастырады.

Экзокринді бөлігінің шығару түтіктері келесі ретімен орналасады: ендірме түтік →ацинусаралық түтік→бөлікшеішілік түтік→бөлікшеаралық түтік→жалпы шығару түтігі. Ендірме түтігінің жас-ры асқазаннан 12елі ішекке өтетін тұз қышқылын бейтараптындыратын бикарбонаттарды бөледі. Ацинусаралық және бөлікшеішілік түтіктер текшелі эпителиймен жабылған, бөлікшеаралық түтікте және жалпы тұтігінде –цилиндрлі эпителий болады . Эпителий астындағы БТДТ қабатында майда шырышты бездер орналасады. Ферменттердің белсендетіліуі 12елі ішектің құысында ғана жүреді. Осы және шығару түтіктердің эпителийі бөлетін шырыш ұйқыбез паренхимасын зақымданудан қорғайды. Алайда патология кезінде, сондай-ақ ұйқыбез экзокринді бөлігінің қатты стимуляциясында бездің ішінде ферменттердің белсенділігінің пайда болуына себеп болады.

...

Скачать:   txt (10.7 Kb)   pdf (49 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club