Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Хромосомалар

Автор:   •  Февраль 19, 2021  •  Доклад  •  255 Слов (2 Страниц)  •  271 Просмотры

Страница 1 из 2

Хромосомалар — жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтар. Хромосомалар өздігінен көбейе алады, өзіндік атқаратын қызметі мен арнайы құрылымы бар және оны келесі ұрпақта сақтай алады. Фиксациялап кейін негізгі бояғыштармен боялған қайсыбір тірі клеткалардың ядролары араларында тығыз түйіршіктер орналасқан жіңішке жіптердің торы байқалған. Электрондық микроскопта бұндай жіңішке жіптердің торын байқаған. Ядроның боялғыш бөлігін Флемминг 1880 хроматин деп атаған. Хроматинді хромосоманын химиялык эквиваленті деп карастырады. Клетканын бөлінуі кезінде хроматин тығызданып хромосомаға айналады.Хромосомалар екі еселенетін қабілеті бар, гендік информацияны ұрпақтан-ұрпаққа тасушы құрылысы күрделі клетка компоненттерінің бірі. Интерфазалык ядрода хромосомалар жарық микроскопымен қара ғанда оқшауланған құрылым ретінде байкалмайды, метафазада ғана анык байкалады. Осы сатыда оларды тірі қалпында байқауға да болады. Хромосомалар көптеген бояғыштармен жақсы боялатын диаметрі бірдей, бірін-бірі орай орналаскан жіптерден — хроматидтерден тұратын таякша тәрізді болып көрінеді. Метафазадағы хромосомалардын пішіні центромералардың орналасуына, екінші тартылыс пен серіктердің болуына байланысты.Бірінші тартылыс дегеніміз, хромосоманың ақшыл жіңішкерген учаскесі немесе екі иықтың қосылған жері. Осы учаскеде кішкене гранула бар ақшыл зона болады. Осы акшыл зонаны центромера немесе кинетохор дейді. Бұның қызметі митоз кезіндегі хромосомалардын қозғалысына байланысты. Центромера диск пішінді пластикалық құрылым. Жіңішке

...

Доступно только на Essays.club