Толымсыз доминанттық
Автор: gylmanova • Март 13, 2021 • Реферат • 269 Слов (2 Страниц) • 1,202 Просмотры
Егер F1 -дегі будандардың белгілері ата-аналық формалардың ешқайсысына толық
ұқсамай аралық сипатта болса, оны толымсыз доминанттылық деп атайды. Толымсыз доминанттылықта бірінші ұрпақ Мендельдің І заңына сəйкес генотип бойынша біркелкі, бірақ белгінің көрінісі аралық сипатта болады: Гетерозиготалы (Аа) бірінші ұрпақтың əртүрлі гендері бір-біріне басымдық жасамайды. Екінші ұрпақта фенотиптің ажырауы генотиптің ажырауына дəл келеді: 1:2:1, себебі АА жəне Аа генотиптерінің фенотиптік көрінісі əр түрлі болады. Мысалы, гүлінің күлте жапырақшаларының түсі ақ (аа) жəне қызыл (АА) намазшам немесе түн аруы өсімдігін будандастырғанда, Ғ1-дің барлығы қызғылт (Аа) гүлді болып шықты. Бірінші ұрпақ Мендельдің I заңына сəйкес біркелкі, бірақ фенотипі бойынша аралық сипатта, ал екінші ұрпақтың арақатынасы 1 қызыл (АА) : 2 қызғылт (Аа) :1 ақ (аа) болады (7-сурет). Жалпы толымсыз доминанттылықты белгілердің қарапайым аралық көрінісі емес, жұп гендердің өзара ерекше əрекеттесу нəтижесі деп түсіну керек. Мысалы, қара жəне ақ құстардан алынған андалузия тауығының көгілдір түсі жаңа фенотип пайда болғандай əсер береді. Алайда андалузия тауығы (Аа) шынында қара, бірақ оның қауырсынының боялуы төмен, сондықтан да көгілдір түстің əсерін береді.
[pic 1]
Раушангүлдің қызыл және ақ гүлді формаларын алып будандастырғанда, F1-дегі
будандардың гүлдерінің түстері қызғылт болып шығады,яғни ата-анасының ешқайсысына толық ұқсамай,аралық сипатта болады.
[pic 2]
Мұндай гибридтерді өзара будандастырғанда,екінші ұрпақта (F2) белгілер
ажыраған.Сонда толымсыз доминанттылық жағдайда F1-дің генотипі Аа гетерозиготалы болса,F2-де 1АА:2АА:1аа қатынасында белгілер ажырайды.Бұл Мендельдің екінші заңына сәйкес келеді.Фенотипі бойынша раушангүл гүлінің тұқым қуалауы – 1 қызыл:2қызғылт: 1ақ түсті арақатынаста болады.Осындай бірінші будан ұрпақ белгілерінің аралық сипатта болуы толымсыз доминанттылық деп аталады.
...