Микроскоп
Автор: kuanyshsabina • Сентябрь 30, 2020 • Лекция • 349 Слов (2 Страниц) • 474 Просмотры
Микроскоп
Механикалық бөлімдері: штатив, заттық үстелше, тубус, револьвер, макро және микрометрикалық бұрандалар.
Макро және микрометрикалық бұрандалар (Штативтің екі жанында, заттық үстелшенің астында) - тубустың қозғалысын реттейді;
Конденсордың төменге түсіп және жоғары көтерілу қызметін атқарады.
Макрометрикалық бұранда немесе кремальер (үлкен диск) -өзінің айналуы нәтижесінде тубусты заттың көзге көрінетіндей фокусына туырлайды.
Микрометрикалық бұранда (кіші диск) - айналуы арқылы тубусты көзге байқалмайтындай ара қашықтыққа қозғайды және затты фокусқа дәлме-дәл келтірудің қызметін атқарады.
Оптикалық бөлімі: окуляр және объективтер.
Окуляр тубустың жоғарғы бөлігінде орн.
Микроскоптың қанша есе үлкейтіп көрсететіндігін = окулярдағы сандар х объективтегі сандар.
Объективтің үш түрі белгілі: аз үлкейтілімді (X40), көп үлкейтілімді
(X80) және иммерсиялық (X90) объективтер.
Микроскоптың жарықтандырғыш бөлімі: айна, конденсор және диафрагма.
Айна заттық үстелшенің төменгі жағына штативке бекітілген. Оны әртүрлі бағытта айналдыруға болады. Дөңес және тегіс пішінді болып келеді.
Конденсор (айна мен заттық үстелше аралығында орн.) түсірілгенде жарық азаяды, жоғары көтерілгенде жарық көбейеді.
Жұмыс істеу тәртібі
Микроскоптың штатив жағын өзіңізге қаратып, заттық үстелше жағын өзіңізден ары қаратып қойыңыз Объективті аз үлкейтілімді жұмыс жағдайына қойыңыз.
Есте сақтаңыз, кез – келген нысанды үйренгенде
...