Мейоз
Автор: gulim jubaniyazova • Ноябрь 20, 2023 • Творческая работа • 934 Слов (4 Страниц) • 177 Просмотры
[pic 1]
Мейоз редукциялық бөліну деп аталады. Өйткені редукция деген әлдененің кішірею үдерісі ғой. Ал мейозда еншілес жасушалардағы хромосомалардың саны екі есе кемиді.
Аналық жасуша іле-шала төрт еншілес жасушаларға бөлінбейді. Қатарынан екі рет: 1-мейоз және 2-мейоз болып бөлінеді. Интерфаза кезінде мейоздың бірінші және екінші бөлінуі аралығында ДНҚ репликациясы жүрмейді — хромосомалар екі еселенбейді.
Хроматид және ДНҚ молекулаларының хромосомалар санына та-ғы бір рет назар аударайық. Адам денесінің жасушалар ядросындағы хромосомалар — 46 (диплоидты жиынтық), демек ДНҚ-ның түзу сызықты молекулалары — 46. Репликация соңынан ДНҚ молеку-лалары 92 болады, алайда микроскоп арқылы бұрынғысындай 46 хромосома корінеді. Оның мәнісі мынада: әрбір тізбектелген хро-мосома хроматидтер деп аталатын екі ДНҚ молекуласынан тұрады. Бір хромосомадағы хроматидтер центромер ұлескісінде қосылған, сондықтан ядро сөлінде дербес «жүзе» алмайды. Анафазада центромер үзілген кезде хроматидтер дербестік алады. Сол кезден бастап олар хромосомалар деп аталады. Сөйтіп, құрамында 92 молекуласы бар ДНҚ әрқайсысында 46-дан хромосомалары бар екі еншілес жасушаға бөлінеді.
Мейоз кезіндегі үдеріс ұқсас, айырмашылығы еншілес жасуша екі емес, төрт болуында. Яғни интерфазадағы алдыңғы мейозда репли-кация болды да, жасушада 92 хроматидтер түзілді. ДНҚ молекуласы — 92, алайда хромосомалар бұрынғысынша 46, өйткені әрбір хромо-сома ДНҚ-ның екі молекуласынан — хроматидтен тұрады. Бұдан соң жасуша екі еншілес жасушаға болінеді. Оларға хромосомалардың жартысы — 23 хромосома түседі, өйткенмен олар екі хроматидтен тұрады. Демек мұндай жасушада ДНҚ-ның 46 молекуласы болады. Бұдан кейін бұл екі жасуша тағы бір рет бөлінеді де енді еншілес жасушаларда ДНҚ-ның 23-тен молекулалары болады. ДНҚ-ның бұл 23 молекуласы енді хромосомалар деп аталады, өйткені олар центро-мерге қосылмаған, еркін және еншілес жасушалардың ядросында орнығады. Мейоз үдерісін толығырақ анықтап қарап шығайық.
Жоғарыда айтылғандай, мейоз қатар жүретін екі бөлінуден тұрады. Оның 8 сатысы бар:
- 1-профаза; 1-анафаза;
- 1-метафаза; 1-телофаза.
Бұл сатылар аралығында қысқа интерфаза болады. Бұл уақытта жасуша бөліну шүйкесінің нәруыздарын синтездейді, бірақ ДНҚ екі еселенбейді!
- 2-профаза; 2-анафаза;
- 2-метафаза; 2-телофаза. Сонымен бүкіл мейоз 1-мейоз және 2-мейоз болып бөлінеді. Митоздан 1-мейоздың бірқатар маңызды айырмашылықтары бар.
Віріншіден, профазада 1-мейоз коньюгацияланады. Бұл құбылысты түсіну үшін гомологиялык хромосомалардың не екенін еске түсіру қажет. Гомологиялык хромосомалар дегеніміз — бұл жұптасқан хромосомалар, олардың біреуі аталықтан, екіншісі аналықтан жеткізіледі. Гомологиялық хромосомалардың мөлшері, пішіні және гендер құрамы бірдей. Яғни егер бірінші хромосомадағы аталықтың бірінші гені тері түсіне жауапты болса, онда аналықтың бірінші хромосомасындағы бірінші ген де тері түсіне жауапты болады. Со-нымен бірге аталықтың гені терінің қоңырқай түсін анықтайтын ме-ланин нәруызын кодпен жаза алады, ал аналықта терінің ашық түсін анықтайтын меланин болады. Біздің әрқайсымызда барлық гендердің жұбы бар (әйелдерде жоқ Ү хромосомасындағы гендерді қоспағанда). Ағзадағы дәл қай ген «жұмыс істейді», қайсысы «тынығады», оны ғалым-генетиктер айқындайды. Ал біз бұл мәселені келесі тақырыпта талдайтын боламыз. Әзірше біздің барлығымызда 23 жұп хромосомалар болатынын түсінуіміз керек. Сонымен аталықтың бірінші хромо-сомасы аналықтың бірінші хромосомасына сәйкес келеді. Конъюга-ция дегеніміз — бұл гомологиялыц хромосомалардыц жацындасып, ширатылу цдерісі. Коньюгация уақыты кезінде көптеген хромо-сомалар арасында айцасу (кроссинговер) жүреді. Айқасу дегеніміз — бұл гомологиялыц хромосомалардың цлескілерімен алмасу цдерісі. Мұның нәтижесінде бала әкесіне тиісті бірнеше түйір хро-мосомаларды, қалғандарын шешесіне тиісті хромосомалар алады. Айқасудың арқасында ұрпақ өте алуан түрлі болады. Тіпті көп ұрпақты өсімтал ағзалардан екі мүлде бірдей дарақ туа бермейді. Бір жұмыртқалық егіздерде ерекшелік болады, алайда олар туралы кейінірек толығырақ баяндаймыз.
...