Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кылкан жапырактылар

Автор:   •  Октябрь 23, 2018  •  Статья  •  1,183 Слов (5 Страниц)  •  3,404 Просмотры

Страница 1 из 5

Қылқан жапырақтылар және олардың аурулары

Серікбай Т.М.

С.Торайғыров атындағыи Павлодар мемлекеттік университетінің студенті,

Павлодар қаласы

Аманова Г.К.

б.ғ.к., С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Ашық тұқымдылар – өсімдіктердің ең ежелгі тобы. Бұлардың тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасатындықтан, ашық тұқымды өсімдіктер деп аталады. Бұл бөлімдегі ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер:қарағай, шырша, самырсын, арша. Бұлар қылқан жапырақтылар класына жатады. «Қылқан жапырақты» дейтін себебі жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір болады.[1]

Қылқан жапырақтылар - сүректі ағаш және бұта түрінде өсетін ашық тұқымды өсімдіктер класы. Қазақстанда 2 тұқымдасы бар. Қарағай тұқымдасы - қарағай, балқарағай, шырша, майқарағай және кипарис тұқымдасы - арша, кипарис; мәңгі жасыл (қыста қылқаны түсіп қалатын балқарағайдан басқасы) өсімдіктер. Тұқымы арқылы, кейде вегетативтік жолмен өніп-өседі.  Жапырағы қылқанды, жіңішке, түкті не қабыршақты болып біткен, сағақсыз, өркендері қысқа, шоқтанып орналасқан. Мамыр - шілдеде гүлдеп, шілде - тамызда жеміс береді. Жер ғаламшарында 600-ге тарта қылқан жапырақты өсімдіктер бар. Солардың 100-ге жуығы қарағай түрлерінің үлесіне тиеді екен.

Қарағай. Ол - биіктігі 50 метрге жететін, 400 жылға жуық жасайтын өсімдік. Тамыр жүйелерінің ерекшеліктеріне байланысты беткейлерінде өседі. Орманда өскен қарағайлардың негізгі тамыры қарағайлар жартастарда, сусымалы құмдарда, батпақтарда, тау беткейлерінде өседі. Орманда өсетін қарағайлардың негізгі тамыры жақсы дамып, топыраққа терең кетсе, құмды топыраққа, батпакта өсетіндердің тамыры жайылып, аса теренге кетпей, топырақтың беткі жағына таралады. Қылқан жапырақтары жіңішке, ұзын, сыртын жұқа, тығыз өң қаптаған жанаспалы жасушалары онша көп емес. Жасушалары қысқарған өркендерінде қос-қостан орналасады, 2-3 жылға дейін түспейді. Қарағай суды аз буландырады, сондықтан да құрғақшылыққа төзімді болады.

Қылқан жапырағында С дәрумені бар, айналадағы ауру тудыратын зиянды бактерияларды өлтіретін ұшқыш зат (фитонцид) бөледі.

Қарағай – жарық сүйгіш өсімдік, сондықтан орман арасынан гөрі ашық алаңдарда жақсы өседі. Орман ішінде қарағай түзужәне сымбатты көрінеді, оның төменгі бұтақтарын жоғарғылары көлеңкелеп тұрады да, жарықтың жетіспеуінен жасыл қылқандары түсіп қалады. Сөйтіп, оның діні жанама бұтақтардан тазарып, олар тек ағаштың ұшар басында ғана сақталады. Орманда өскен қарағайлардың сүрегі, ашық жерде өскен жеріне қарағанда, анағұрлым жоғары бағаланады.

Зеравшан аршасы – биіктігі 5–10 м, едәуір жуан діңді, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш. Қазақстанда Қаратаудың оңтүстік бөлігі, Талас Алатауында кездеседі. Өте сирек кездесетін болғандықтан, Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген. Жапырақтары сырт жағы қырлы қабыршақты болып келеді. Шар пішінді ірі жидек тәрізді етті бүрі болады. Тұқым арқылы көбейеді. Өте баяу өседі, мың жылға дейін тіршілігін сақтайды. Тек 50 жылда ғана жеміс бере бастайды.

Шырша. Кәдімгі шырша да қылқанды ағаштарға жатады. Оның биіктігі 30-40 метрге жетеді, 120-300 жыл жасайды. Қарағаймен салыстырғанда оның қылқандары қысқа, 4 қырлы, бір-бірден орналасады, 6-7 жылға дейін түспейді. Шырша құнарлы және ылғалды топырақта жақсы өсетін, көлеңке сүйгіш өсімдік. Шыршаның тамырлары жерге терең бойлап кетпейді, топырақтың беткі қабаттарында орналасады. Егер қатты жел соқса, шыршаны тамырларымен қопарып тастайды. Шырша жел арқылы мамыр, маусым айларында айқас тозаңданады. Ұрыктанған соң тұқым бүршігінен тұқым дамиды, ол күзде пісіп жетіледі.

Арша - мәңгі жасыл бұта. Ол тау беткейлерінде, жартастардың түбінде жайылып, жер тағандап өседі, ине тәрізді жапырақтары сабаққа үш-үштен топтанып орналасады. Аталық бүрлері жапырақ қолтығында орналасса, аналық бүрі қысқарған өркенге орналасады. Аршаның емдік қасиеті бар. Тұмау тигенде аршаның бұтағын жағып, түтінін иіскейді, бүрінен дәрілер жасалады.

Қылқанды өсімдіктердің жұқпалы аурулары. Табиғи немесе жасанды жолдармен басқа өсімдіктерге жұ ғатын аурулар жұқпалы аурулар болып саналады. Мұндай аурулар топырақ-саңырауқұлақтары және бактериялық ауруларын (фузариозды және тамырлы шіріктер, альтернариоз, зең, бұтақтардың жұқпалы кебуі, тот, оба және басқа да аурулар) қамтиды. Жоғарыда аталған аурулар жеміс-жидектерге, басқа да жалпақ жапырақты дақылдарға, сонымен қатар қылқан жапырақтыларға әсер етеді. Бірақ қылқанжапырақтылардың өздеріне тән ауруы бар, ол – шютте.

...

Скачать:   txt (18.3 Kb)   pdf (162.2 Kb)   docx (18.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club