Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кроссинговер

Автор:   •  Февраль 1, 2023  •  Творческая работа  •  363 Слов (2 Страниц)  •  140 Просмотры

Страница 1 из 2

Кроссинговер тақырыбына есептер.

1* Картоптың ақ қабығы сары қабығына қарағанда доминантты, ал домалақ болуы сопақ болуынан доминанттырақ. Қабықтың түсі мен картоптың формасын анықтайтын гендер бір хромосомада орналасқан, олардың локустарының ара қашықтығы 30 морганиданы құрайды. Екі белгі бойынша гетерозиготалы картопты сары қабықты домалақ емес өсімдікпен будандастырды. Алынатын ұрпақтар қандай қатынаста болады?

2* Әйелі аутоиммунды полиэндокринді синдроммен ауыратын, ал оның әкесі гемофилиямен де, аутоиммунды полиэндокринді синдроммен де ауырған, анасы сау отбасыдағы ауру балалар мен сау балалардың туылу ықтималдығын есепте. Күйеуі дәл әйелдің әкесіндей генотипке ие. Гендер ара қашықтығы 16 морганид.

3* Қарғаның сұр денелі және ұзын қанаттысы қара денелі және қысқа қанатты аталық қарғамен будандастырылды. F1-де бәрі сұр денелі және ұзын қанатты болды. Алынған аталықты алғашқы ұрпақпен будандастырғанда екінші ұрпағы 16 сұр денелі ұзын қанатты, 2 қара денелі ұзын қанатты, 19  қара, қысқа қанатты және 4 сұр денелі қысқа қанатты қарға алынды. Генотип пен фенотиптерін көрсет.

4* Анасынан F12 факторының дефицитын, ал әкесінен аниридия (нұрлы қабықтың болмауы)  алған қыз сау жігітке тұрмысқа шықты. Осындай аномалияға ие балалардың туылуы қандай болады, егер белгілерге жауап беретін гендер жыныс хромосомасында 40 морганида қашықтықта орналасса?

5* Хризантеманың суыққа шыдамдылығы шыдамсыздығынан доминантты, ал гүлшоғырының көп диаметрлі болуы аз болуынан доминанттырақ. Белгілерді бақылайтын гендер бір хромосомада орналасқан, арасы 12 пайыз кроссинговер.

F1-дегі өсімдік қандай генотип пен фенотипке ие болады, егер гомозиготалы суыққа шыдамды мен аз диаметрлі гүлшоғыры бар өсімдікті суыққа шыдамсыз көп диаметрлі гүлшоғырлы гүлмен будандастырса?  F2-де фенотип бойынша қандай ажырауды күтуге болады?

1* SAB = 30 м болса гендер толық тіркеспеген. Гетерозигота - [pic 1], [pic 2] кроссоверлі гамета-р. Кроссоверлі емес гаметалар:[pic 3] 100-30/2=35 , а кроссоверлі гамет-р:[pic 4] әрқ. 30%/2 = 15%.

...

Скачать:   txt (4.3 Kb)   pdf (421.4 Kb)   docx (292.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club