Биомембрана
Автор: ayazhan_erkinova • Апрель 7, 2018 • Реферат • 2,376 Слов (10 Страниц) • 2,733 Просмотры
Биомембраналар
Жоспар
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
А) Биологиялық мембраналардың құрылымы туралы қазіргі кездегі көзқарас. Фосфолипидті биқабаттың қасиеті.
Ә) Мембраналық белоктардың қызметтері. Мембрана белоктарының функционалдық түрлері. Клетка мембранасының иондық каналы, түрлері, олардың функционалдық күйлері
Б) Клеткалық мембрана арқылы иондық тасымалдау. Тасымалдаудың механизмі мен түрлері
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе. Жасушалардың маңызды бөліктерінің бірі биологиялық мембраналар болып табылады. Олар жасушаларды қоршаған ортадан бөліп тұрады, оны сыртқы зиянды әсерлерден қорғайды, жасуша мен қоршаған орта арасындағы зат алмасуды басқарады, электрлік потенциалдардың түрленуіне мүмкіндік туғызады, АТФ энергиясын синтездеуге қатысады т.б. Негізінен мембраналар жасушаның құрылымын жасайды және оның қызметін қалыптастырады.
Биологиялық мембрана — аса күрделі құрылымды зат. Оның құрамында ферменттік белоктар, ерекше рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы, энергияны өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер мен гликолипидтер болады. Биологиялық мембраналардың нақтылы түрінің спецификалық (өзіндік) қасиеттері мен функциялары көбінесе онық нәруыздық құрамына және мөлшеріне байланысты. Мембраналық белоктардың көпшілігі мембрананы тесіп өтіп орналасса, ал кейбірі оған жартылай ғана еніп немесе жанасып жатады. Мембраналық белоктар түрлі қызмет (мысалы, гликопротеиндер антиген рөлін) атқарады. Кейбір химиялық реакциялар (мысалы, хлоропластарда жүретін фотосинтездің жарық реакциялары немесе митохондриидағы тотыға фосфорлану процесі) биологиялық мембрананың өзінде жүреді. Сондай-ақ, биологиялық мембрана жасушаны қоршап, сыртқы ортадан оқшаулауы арқылы жасушаның морфологиялық тұтастығын сақтайды.
Қазіргі уақытта 1972 жылы Никольсон мен Сингер ұсынған, 1981 жылы Сингер одан ары жетілдірген биомембрананың «сұйық-мозайкалы» моделі қолданылуда. Бұл моделге сәйкес биологиялық мембрананың негізі - липидтер, олар бір біріне перпендикуля түрде, екі қатар болып орналасқан, ал ақуыздардың кейбірі липид қабатына жабысып, кейбірі оған батып немесе оны толығымен тесіп орналасқан. Сұйықтық-мозаикалық модельге сәйкес биологиялық мембрана негізін қалыңдығы 4-5 нм үздіксіз сұйық фосфолипидтік биқабат құрайды. Оның ішінде мозаика түрде ақуыз молекулалары орналасқан.
Биомембраналар арқылы тек ұсақ молекулалы заттар ғана өткізіліп қоймай, сол сияқты ipi молекулалы қосылыстар және ұсақ түйіршіктер де өтеді мысалы, жаңадан синтезделген митохондриялық ақуыздар митохондрия мембранасын созылған тізбек күйінде кесіп өтсе, ядролық ақуыздар ядродағы поралар арқылы ѳтеді. Жасуша мембранасы таңдамалы өткізгіштік қабілетіне ие. Олар арқылы ақырындап глюкоза, аминоқышқылдар, май қышқылдары, глицерол және иондар өтеді.
Биологиялық мембраналардың құрылымы туралы қазіргі кездегі көзқарас. Адам ағзасындағы көптеген үрдістер биологиялық мембрана арқылы жүреді және іске асады. Биологиялық мембрана — жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрии, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша.
Биологиялық мембрана мынандай қызметтер атқарады:
- Механикалық, бұл арқылы жасуша өзін қоршаған ортадан оқшауланады, оның дербес болуына және тиісті қызмет етуіне мүмкіндік береді;
- Тосқауылдық, бұл арқылы жасуша өзін қоршаған ортамен талғампаздық (селективті) түрде пассивті және активті зат тасымалдауға қол жеткізеді;
- Матрицалық, бұл арқылы биологиялық мембранада ақуыздар мен ферменттердің болуы қамтамасыз етіледі,
- Энергетикалық, бұл арқылы биолгиялық мембранада АТФ синтезделуі, биопотенциалдардың пайда болуына мүмкіндік алады.,
- Рецепторлық, мұндай қызмет арқылы мембрана басқа жасушаларды, сыртқы тітіркендіргіштердің әсерін сезуге, заттарды танып білуге мүмкіндік алады.
Биологиялық мембрана өткізгіштік қасиетіне байланысты жасушада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Олар жасушаларды қоршаған ортадан бөліп тұрады, оны сыртқы зиянды әсерлерден қорғайды, жасуша мен қоршаған орта арасындағы зат алмасуды басқарады, электрлік потенциалдардың түрленуіне мүмкіндік туғызады, АТФ энергиясын синтездеуге қатысады т.б. Негізінен мембраналар жасушаның құрылымын жасайды және оның қызметін қалыптастырады.
...