Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Антропометрлік соматометрия

Автор:   •  Сентябрь 14, 2022  •  Контрольная работа  •  1,859 Слов (8 Страниц)  •  344 Просмотры

Страница 1 из 8

№ 1 Іс-тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Антропометрлік соматометрия

Мақсаты: Оқушылардың физикалық дамуын негізгі әдістермен анықтау, танысу және алынған мәліметтерді негізге ала отырып денсаулық жағдайларын бағалау

Құрал- жабдықтар: ростометр, таразы, сантиметрлік лента

Жұмыс барысы:

         Балалар мен жасөспірімдердің маңызды көрсеткіші –олардың физикалық дамуы. Ол әлеуметтік және биологиялық жағдайларының арақатынасымен анықталады. Балалардың және жасөспірімдердің физикалық дамуының ерекшеліктерін білу –оларды қалыпты жағдайдан ауытқудан және ағзадағы паталогиялық өзгерістердің дамуынан сақтайды. Балалар мен жасөспірімдерді антропометрлік  зерттеу денсаулық жағдайын программалық зерттеуге ғана емес, қолданбалы мақсатта жүргізіледі.

 Дененің ұзындығын өлшеу:

а) Тік қалыпта бойдың ұзындығын өлшеу

Зерттеуші ростометр алаңына тұрады. Денені тік ұстап, ішті тартып, қолды тік ұстап өкшені түйістіріп, аяқтың ұшын алшақ ұстау керек. Ростометрге өкше, жанбас бұлшық еті жауырын аралығы тиіп тұруы қажет. Көздің төменгі жиегімен құлақтың жоғарғы ұшы бірдей жазықтықта болуы тиіс. Бой өлшеуші құралдың тілшесін басқа дейін төмен түсіріп көрсеткіші анықтайды.

б)Отырған кездегі ұзындықты өлшеу

Ростометрдің орындығына отыру қажет. Жамбас бұлшық еті мен жауырын арасы тиіп тұруы керек. Тізе байламында аяқ, тік бұрыш жасап бүгіледі, қол санның жанында орналасуы тиіс. Тілшені басқа дейін төмен түсіреміз. Отрығыштың үстінен бастың үстіңгі нүктесіне дейінгі  аралық есепке  алынады.                  

Тұлғаның ұзындығы:

Омыртқа бағанасы сантиметрлік лентамен өлшенеді.Жоғары қол қаңқасы сүйектерінің ұзындығы. Иық нүктесінен қол басы сүйектері: Үшінші саусақтың ұшына дейін өлшенеді. Иық нүктесін табу үшін қолымызды айналдыра қозғалтамыз, бұл қозғалыс кезінде иық нүктесі қозғалмайды.

а) Қолдың қар бөлігіндегі сүйектің ұзындығы.

Иық нүктесімен шынтақ нүктесіне дейін өлшенеді. Шынтақ нүктесі тоқпан жілік орналасқан буынның үстіңгі шетіне сәйкес келеді. Оны анықтау үшін қолды бүгіп, тоқпан жіліктің басын қолмен басу арқылы байқаймыз.

б)Қолдың білек бөлігіндегі сүйектердің ұзындығы.

Шынтақ нүктесінен шыбық нүктесінің арасындағы қашықтық арқылы өлшенеді. Шыбық нүктесі шыбық сүйегінің төменгі жағында орналасады.

в)Қол басы сүйектерінің ұзындығы.

Шыбық нүктесімен саусақ ұшына дейінгі аралық арқылы өлшенеді.

г)Аяқ сүйектерінің ұзындығы.

 Ортан жіліктің ұшынан башпай сүйектерінің ұшына дейінгі аралық өлшенеді.

д)Сан бөлімінің ұзындығы.

Ортан жіліктің басқы нүктесімен төменгі нүктесінің аралығы өлшенеді.

е)Балтыр бөлімі сүйектерінің ұзындығы

Асықты жілікті басқы нүктесі мен төменгі нүктесінің арасын өлшеу.

Көлемін өлшеу:

а)Бастың аумағын өлшеу.

Сантиметрлік лентамен бастап шүйде аймағы өлшенеді.

б)Иық аумағын өлшеу.

Иықтағы екі басты еттердің аумағы өлшенеді.

в)Сан аумағы.

Оң аяқ аумағы өлшенеді.

г)Балтыр аумағы өлшенеді.

Сантиметрлік лентамен балтыр аумағы өлшенеді.

д)Кеуде аумағы.

Сантиметрлік лентаны жауырынның төменгі ұшына қойып, төс сүйегі нүктесіне дейінгі аралық өлшенеді.

Дененің салмағын өлшеу:

Аяқ киімді шешіп медициналық таразының ортаңғы бөлігіне тұрамыз.Салмақ килограммен өлшенеді.

Жұмысты қорытындылауға ұсыныстар:

Өлшеу нәтижелерін таблицаға толтыр.Физикалық даму жағдайлары туралы қорытынды жасаңдар.

Көрсеткіштер

Алынған мәліметтер

Тік қалыпта бойдың ұзындығын өлшеу

Отырған кездегі ұзындықты өлшеу

 Бақылау сұрақтары

  1. “Өсу” және “даму” түсінігіне анықтама бер.
  2. Өсу процесі мен  даму процесінің негізгі ерекшеліктеріне не жатады?
  3. Жас ерекшеліктеріне байланысты адам денесі қалай өзгереді?
  4. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығының негізгі көрсеткіштеріне не жатады?
  5. Физикалық даму қалай бағаланады?

№2 Іс-тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Жүйке жүйесі және оның ағзадағы тіршілік әрекетіндегі ролі.

Мақсаты:  Адамның жүйке жүйесін зерттеу. Жүйкенің және рефлекторлық доғаның құрылысы. Рефлекс туралы түсінік, рефлекторлық доғанының құрылысы.Вегетативті және соматикалық жүйке жүйесі.

...

Скачать:   txt (24.9 Kb)   pdf (107.7 Kb)   docx (19.6 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club