Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құрсақ (abdomen)

Автор:   •  Январь 27, 2024  •  Доклад  •  1,478 Слов (6 Страниц)  •  39 Просмотры

Страница 1 из 6

Құрсақ (abdomen) — ішкі мүшелер орналасқан дене қуысы. Құрсақтың сүйектік негізін бел омыртқалары құрайды. Оның алдыңғы жағын көкет шектейді. Ал бүйір және төменгі қабырғаларын құрсақ бұлшықеттері мен тері құрайды. Құрсақтың артқы шекарасы жамбас сүйегінің алдыңғы жиегімен тұстас келеді. Құрсақтың ішкі бетін көлденең шандыр мен ішперде астарлайды. Құрсақта өңеш, қарын, ащы және жуан ішектер, бауыр, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек, несепағар, жыныс мүшелері, қан және лимфа тамырлары, жүйкелер, жүйке тораптары орналасады. Іштің бұлшықеттері төменгі өмірлік маңызды мүшелерді қорғайды және омыртқаның құрылымын қамтамасыз етеді. Бұл бұлшықеттер дененің белде бүгуіне көмектеседі. Құрсақ қуысы — алдыңғы жағы мен екі бүйірінде қиғаш және көлденең құрсақ бұлшық еттері мен олардың жалпақ сіңірлері, артқы жағында бел омыртқалар, жоғарыда, төменде жамбас қуысымен жалғасатын мықын және шат сүйектерінің алдыңғы жиектерімен шектеледі. Құрсақ қуысын кеуде қуысынан көк ет бөліп тұрады, ішкі беті сірі қабықпен көмкерілген. Іш қуысының қабырғаларының қабат бойынша сипаты: 1) Құрсақ қуысындағы тері өте жұқа және қозғалмалы келеді. Мықын аумағында әсіресе пупарт байламы маңында оның қозғалғыштығы шектелген. Тері эластикалық болуы, құрсақ ішіндегі қысым алмасуына оңтайлы келеді. Мысалы жүктілік кезінде, асцит кезінде құрсақ көлемі үлкейіп, қайта қалпына келуге ыңғайлы. 2) Тері асты қабаты жақсы дамыған, көптеген майдан тұрады. Көптеген тамыр өткенімен, қанмен қамтамассыз етілуі нашар. Қанмен қамтамассыз етілуі бұзылғанда, некрозға жылдам ұшырап, патогенді микрофлора дамуына қолайлы орта пайда болады. 3) Теріасты қабатынан кейін беткей фасция орналасады. Ол екі жапырақшадан тұрады: беткей және терең. Беткей жапырақшада май көп болып, санға пупарт байламы үстінен өтеді. Ал терең жапырақша (Томпсонов пластинкасы) беткейге қарағанда жұқа, бірақ тығыз әрі көптеген фиброзды талшықтардан тұрады. Клиникалық тұрғыдан бұл фасция маңызды, себебі, ол жыныс ағзасына, ұмаға дейін жетіп, оларды қоршап орналасып, уретра жыртылуы болса, зәрлік экстравация ұмаға, шатаралыққа таралып, сан аумағына бармайды. 4) Өзіндік фасция іштің бұлшықеттерін: сыртқы қиғаш, ішкі қиғаш, көлденең, тік және пирамидалық бұлшықеттерін жауып жатады. 5) Іштің бұлшықетті қабаты алдында жұп тік бұлышқеттерден, латеральды бөлігінде үш қабатты бұлшықеттерден: сыртқы қиғаш, ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттен құралған. Іштің тік бұлшықеті жоғарыдан қабырға доғасына жабысып, төменгі жағынан қасаға сүйегіне бекінеді. Жұп пирамидалық бұлшықеттер тік бұлшықеттің алдында болып, қасаға сүйегінен басталып, іштің ақ сызығына ене отырып жоғары жүреді. Іштің ақ сызығында тек келесі қабаттар ғана болады: тері және теріасты клечаткамен, Беткей фасция, екі қиғаш және көлденең бұлшықеттің бірігіп кеткен фасциялары, көлденең фасция, ішперде алдыңғы клечатка және ішперде. Кіндік аумағында ақ сызық бойында тесік кіндік сақинасы бар. Кіндік құрсақ қабырғасында әлсіз жерлердің бірі. Оның шеткі жақтары апоневроз талшықтарымен, ал түбі аз эластикалық байламнан құралған. Кіндік сақинасы әсіресе әйелдерде кіндік жарығы түзілетін жерлердің бірі. Құрсақ құысы мүшелері анатомиясы: 1) Өңеш (esopagus) – адамның ас қорыту жүйесінің ауыз қуысы мен жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлімі. Өңеш адамда түтік тәрізді, ұзындығы 25 см-дей, диаметрі 16 – 22 мм, қалыңдығы 3,5 – 5,6 мм. Өңеш мойын, көкірек, құрсақ бөлімдерінен тұрады. Оның қабырғасын ішкі – кілегейлі, ортаңғы – етті, сыртқы – көкірек және құрсақ бөліктерін сірлі қабық, мойын бөлігін адвентиция құрайды. Кілегейлі қабығында кілегей бөлетін альвеолалы түтікше бездер орналасады. Өңештің кілегейлі қабығын көп қабатты эпителий астарлайды. Тағам өңеш бойымен ет қабатының жиырылуынан және тағамның өз салмағынан төмен қарай жылжиды. Ауруға шалдыққан немесе бөгде зат тұрып

...

Скачать:   txt (20 Kb)   pdf (66.5 Kb)   docx (11.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club