Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Нервной системе. Анатомия"

Автор:   •  Ноябрь 4, 2023  •  Шпаргалка  •  19,793 Слов (80 Страниц)  •  95 Просмотры

Страница 1 из 80

НЕРВНАЯ СИСТЕМА.АНАТОМИЯ

1)Жұлын

F: рефлекторлы, өткізгіштік

  • Жұлында дене мүшелерін(мойын, кеуде, қол мен аяқты) жүйкелендіретін орталықтар орналасады
  • Ішкі ағзалардың жүйкеленуін қамтамасыз ететін автономды жж жататын ядролар орналасады.

Рефлекторлы қызметінің екі түрі болады: жұлынның рефлекторлы(меншікті) қызметі, жұлынның өткізгіштік қасиеті яғни жұлын сигналдарды миға тасымалдайды.

Сигалдардың миға баруы өткізгіш жолдар арқылы іске асады. Бұл өткізгіш жолдар жұлынның артқы және бүйір жіпшелерінде орналасады. Ал кері қайтатын сигналдар жұлынның алдыңғы және бүйір жіпшелері арқылы өтеді.

Жұлын- medulla spinalis

Еркектерде 45см ал әйелдерде 41-42см

Жоғарыда сопақша миға ауысады ал төменде конус тәрізді(conus medullaris), 1-2 бел ом тұсында аяқталады.

  • Мойын буылтығы(intumescentia cervicalis) 2 мойын ом мен 2 кеуде ом тұсында
  • Бел сегізкөз буылтығы(intumescentia lumbosacralis) 10-12 кеуде ом аралығында орналасқан
  • Жұлынның алдыңғы бетінде бойлай орналасқан алдыңғы орталық саңылау  fissura mediana anterior және алдыңғы қос бүйір салалары sulcus anterolateralis орналасқан. Артында артқы орталық сала sulcus medianus posterior және артқы қос бүйір салалары sulcus posterolateralis. Жұлынның алдыңғы, артқы бүйір салаларының аралығында бүйір беттері болады.
  • Бұл жүлгелер жұлынның ақ затын 3 бойлық жіпшеге- алдыңғы,бүйір, артқы жіпшеге бөледі. Артқы жіпше мойын және жоғарғы кеуделік бөлімдерінде аралық жүлгеше sulcus intermedius posterior арқылы тағы 2 будаға бөлінеді.  

Жұлынның екі жағынан бойлай жұлын жүйкелерінің түбіршіктері шығады.

  • Алдыңғы түбіршік radix anterior (жұлында жатады) қозғалыс нейрондарының аксондарынан тұрады (орталықтан шығатын немесе эфферентті). Алдыңғы түбіршік жұлынның алдыңғы бүйір жүлгесінен шығады және қозғалтқыш қызмет атқарады.
  • Артқы түбіршік radix posterior (жұлын түйіндерінде жатады) сезімтал нейрондарының өсінділерінен тұрады (орталыққа кіретін немесе афферентті). Артқы түбіршік артқы бүйір жүлгеге түседі және сезімдік қызмет атқарады.
  • Жұлын түйіні ganglion sensorium nervi spinalis артқы түбіршіктің томпайған жері. Онда бір өсінділі жалған нерв жасушалары орналасады, одан кейір бұлардың әр өсіндісі екі тармаққа бөлінеді. Орталық тармақ артқы түбіршіктің құрамындағы жұлынға кетеді, ал шеткі тармақ жұлын жүйкесіне кетеді.
  • Алдыңғы және артқы түбіршіктердің қосылған жерінде жұлын жүйкенің бағанасы truncus nervi spinalis түзіледі. Оның талшықтары қозғалтқыш болып келеді.

Жұлынның денесі 31 жұп сегменттер тұрады. Әрбір сегменттен жұлынның алдыңғы және артқы сегменттері омыртқа тесігіне қарай бағытталады.

8 жұп- мойын, 12 жұп- көкірек, 5 жұп- бел, 5 жұп- сегізкөз, 1 жұп- құйымшақ.

Ішкі құрылысы

  • Сұр және ақ затынан тұрады
  • Жұлынның ортасындағы тар тесік орталық өзек – canalis centralis. Ол жоғарыдан ми қарыншасымен байланысқан
  • Жұлынның ақ заты алдыңғы артқы және бүйір будаларғы бөлінеді. Ең тар буда алдыңғы жіпше funiculus anterior.
  • Жұлынның мойын және жоғарғы кеуде бөлімдерінде артқы буда екіге бөлінеді: медиалды орналасқан жұқа шоғыр fasciculus gracilis, латеральды сынатәрізді шоғыр fasciculus cuneatus

Жұлынның сұр заты substantia gricea

  • H әріпіне ұқсас, сұр бағаналардан тұрады columna grisea, бұл бағана алдыңғы және артқы дәнекермен байланысқан comissura grisea anterior et posterior.
  • Сұр заттың бағаны екіге бөлінеді алдыңғы және артқы columna anterior et posterior , 8 иойын және 2-3 бел ом бүйір төмпегі columna intermedia болады.
  • Алдыңғы мүйізше cornu anterior кеңейген, cornu posterior тар және ұзарған.
  • Сұр заьта жұлынның ядролары түзіледі. Артқы мүйізде орналасқан сезімтал ядролар: шеткі ядро nucleus marginalis, сілікпе тәрізді зат substantia gelatinosa, артқы мүйіздің меншікті ядросы nucleus proprius cornus posterioris.
  • Аралық зонада орналасады: артқы кеуделік ядро nucleus thoracicus posterior, аралық медиалды ядро nucleus intermedia-medialis, аралық латеральды ядро nucleus intermedia-lateralis.
  • Алдыңғы мүйізде: алдыңғы медиальды nucleus anteromedialis, алдыңғы латеральды nucleus anterolateralis, артқы медиалды nucleus posteromedialis, артқы латеральды nucleus posterolateralis, орталық nucleus medialis
  • Алғашында жұлынның артқы бағаналары және табақшалары сезімтал, ал алдыңғы- қозғалтқыш, аралық- вегетативті(автономды) орталықтары ретінде дамиды. 7 мойын, 1-12 кеуде, 1-3 бел сегменттері деңгейінде симпатикалық ядролар, ал 2-4 сегізкөз сегменттерінде сегізкөздік парасимпатикалық ядролар орналасады.

Жұлынның ақ заты substantia alba

  • Жұлынды бойлай орналасқан жүйке жасушаларынан тұрады. Жұлынның артқы бүйір алдыңғы жіпшелерін құрайды.
  • Жұлынның өткізгіш жолдары орналасқан(қысқа/ұзын). Қысқа жолдар- ассоциативті. Жұлынның меншікті аппараттарының жолдары. Осы арқылы рефлекторлы қызмет жүзеге асады. 3 будаға бөлінеді.
  • Жұлынның бүйір бөлігінде импульсты миға жеткізетін(афферентті) сезімтал жолдары және мидан жұлынға келетін(эфферентті) қозғалтқыш жолдары болады.
  • Артқы жіпше құрамында жоғарылаушы нәзік және сынатәрізді будалар fasciculus gracilis et cuneatus болады.
  • Бүйір жіпше құрамында жоғарлаушы және төмендеуші өткізгіш жолдар болады.

Жоғарлаушы жолдар:

  • Артқы және алдыңғы жұлын-мишық жолдары tractus spinocerebellaris anterior et posterior проприорецептивтік сезімдерді мишықтың қыртысына өткізеді.  
  • Латералды жұлын-таламус жолы tractus spinothalamicus lateralis ауыру сезімі, ыстық, суық, күйзеліс сезімдерін жеткізу.
  • Жұлын жамылғы жолы tractus spinotectalis бұл жол сезімдерді тұлғадан мойынға, қол мен аяққа және ортаңғы миға өткізеді.

Төмендегіш жолдар

  • Латералды қыртысты-жұлын жолы tractus corticospinalis lateralis дене бұлшықеттерін реттеп отыру
  • Қызыл ядро жұлын жолы tractus  rubrospinalis бұлшықеттердің авьоматикалық қызметтерін реттеу, бұлшықет тонусын ұстап тұру.
  • Оливо жұлын талшықтары fibrae olivospinales бұлшықеттерді рефлекторлы түрде реттеу.

Алдыңғы жіпше құрамында төмендеуші жолдар болады

  • Алдыңғы қыртыс жұлын жолы tractus corticospinalis anterior ауыру ыстық суық
  • Тор жұлын талшықтары fibrae reticulospinales бұлщықет тонусын ұстап тұру.
  • Кіреберіс жұлын жолы  tractus vestibulospinalis кеңістікте дене қозғалысын реттеу
  • Жамылғы жұлын жолы tractus tectospinalis күшті дыбыс және жарық әсер еткенде рефлекстік қимылдарды реттеу
  • Алдыңғы жұлын таламус жолы tractus spinothalamicus anterior тактильды сезімдерді өткізеді.

Dura mater spinalis-қатты қабығы

Arachnoidea spinalis-торлы қабығы

...

Скачать:   txt (284.6 Kb)   pdf (584.5 Kb)   docx (288.2 Kb)  
Продолжить читать еще 79 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club