Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ішастар

Автор:   •  Октябрь 3, 2021  •  Реферат  •  2,309 Слов (10 Страниц)  •  730 Просмотры

Страница 1 из 10

                      Қарағанды Медициналық Университеті

                    Морфология және физиология кафедрасы

[pic 1]

                      ОСӨЖ

                        Тақырыбы: «Ішастар»

                                           Орындаған: Ділдәбек Аружан

                                           Топ: 2005 Жалпы медицина

                                                                    Қабылдаған: Ассистент-профессор

                                                                    Кусаивна Багира Сериковна

                                         

                                           Қарағанды 2021

Жоспар

I. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Ішастар
  2. Ішастар топографиясы

II. ҚОРЫТЫНДЫ

Ішастар

Ішастар, peritoneum, іш куысындағы мүшелерді тұйық жауып орналаскан сірлі кабык. Тек кана әйел адамдарда бұл сірлі куыс, жатыр түтігінің тесігі арқылы сырткы ортамен байланысқан.

Ішастар топографиялық орналасуына карай: париеталді бөлікке, peritoneum parietalis, және мүшелердің бетін тікелей жауып орналаскан, мүшелік немесе висцералді бөлікке, peritoneum viscerale, бөлінеді. Ішастардың париеталді және висцералді бөліктері бір-бірімен өзара бетгесіп, саңылау түрінде орналаскан куыс, ішастарлық куысты, cavitas peritonei, түзеді. Аралығында козғалыс кезінде ішкі мүшелердің беттерінің үйкелістерін жеңілдету үшін ылғалдауға сірлі сұйықтык орналаскан.

Ішастардың париеталді табағы, іш қуысының алдыңғы, артқы және бүйір қабырғаларын, көкеттін ішкі бетін жауып, шұғыл бұрылып, ішастардың висцералді бөлігіне жалғасады

Іш қуысындағы мүшелердің ішастармен жабылуына байланысты келесі түсініктерді білулеріңіз керек:

Интраперитонеалді — мүшенің барлық жағынан жабылуы;

Мезоперитонеалді — мүшенің үш жағынан жабылуы;

Экстраперитонеалді — мүшенің бір жағынан жауып орналасуы.

Іш куысының қабырғалары мен ішастардың аралығында іркілденген дәнекер тіндерден және аздаған майлы тіндерден тұратын кабат, сірліасты негізі, tela subserosa, деп аталады. Бұл негіздің калындығы барлык жерде. біркелкі орналаспаған. Мысалы: көкеттітұсында мүлде болмаса, іштің арткы қабырғасының тұсында жақсы дамып; бүйректі, несепағарды, және құрсақтық қолқаның дәнекер тіндік кабығын кұрап, ішастар артындағы кеңістікті, spatium retroperitoneale, құрайды. Іш куысының алдыңғы қабырғасының бойында сірліасты негіз нашар дамығанымен, төменде шатүстілік аймақта, regiopubica, едәуіржақсы дамыған. Әсіресе, несепқуықтың, vesica urinaria, алдыңғы қапталымен іштің алдыңғы қабырғаларының аралығында жақсы дамыған. Ішастардың жылжып жоғары көтерілуі несепқуыктың несепке толуына байланысты.

 Сонымен катар, ішастар іштің алдыңғы қабырғасының ішкі қапталында, төменірек кіндіктің тұсында 5 катпарды: ортасында орналаскан орталык кіндік қатпарын, plica umblilicalis mediana, және екі жұп кіндік медиалді және латералді катпарларын, plicae umbilicales mediates et laterales, құрайды

Ішастардың жоғарыда айтылып өткен қатпарлары мен шап байламының, lig. inguinale, аралығында шап өзегі, canalis inguinalis, мен сан өзегіне, canalis femoralis, қатысы бар жұпталып екі-екіден орналаскан шұңқырларды ажыратады. Ішастар жоғары бағытта өтіп, көкеттің астын астарлай жауып орналаскан ішастар бөлігіне жалғасады. Көкеттің ішкі бетін жауып орналаскан ішастар фронталді жазықтықтың бойында бауырға қарай өтіп, бауырдың тәждік байламы, lig.coronarium hepatis, мен орақтәрізді байламын, lig. falciforme hepatis, кұрап, бауырдың он, сол үшбұрышты байламдарын, lig. Triangulare dextrum et sinistrum, кұрап, бауырдың өткір жиегін орай өтіп, бауырдың төменгі бетіне қарай бағытталады. Бауырдың төменгі бетінің оң үлесінен бүйрекке карай өтіп, бауыр— бүйрек байламын lig. hepatorenale, кұрайды. Сол бүйректің ішастары бауырдың кақпасының, porta hepatis, тұсында, бауырдың арткы бетінің ішастарымен беттесіп, асқазанның кіші иінімен, curvatura ventriculi minor, он екі елі ішекке карай өтіп, бауыр — асказан байламын, lig. hepatogastricum, жэне бауыр он екі елі ішек байламын, lig. hepatoduodenale,немесе кіші шарбыны, omentum minus, кұрайды. Кіші шарбы, omentum minus, ол екіқабатты бауыр асқазан және бауыр-он екі елі ішек байламдарынан түрады. Аралығында май қатпары орналасқандықтан шарбы деп аталады. Сонымен катар, бауыр — он екі елі ішек байламы, lig.hepato-duodenale, шарбылық тесіктің, foramen еріріоісит, алдыңғы қабырғасын кұрап, және кұрамында: қақпа венасы, vena porta, жалпы бауыр артериясы, a. Hepatica communis, нервтер мен лимфа тамырлары жэне жалпы өттүтігі, ductus choledochus, өтеді.

...

Скачать:   txt (28.3 Kb)   pdf (198.9 Kb)   docx (37.4 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club