Синонимдердiн стильдiк ренктерi
Автор: Aisa Kuanysh • Октябрь 19, 2022 • Практическая работа • 2,160 Слов (9 Страниц) • 231 Просмотры
СИНОНИМДЕРДІҢ СТИЛЬДІК РЕҢКТЕРІ
Қуаныш Айса Айсұлтанұлы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледж студенті, Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: Аманжанова Жансұлу Ерболатқызы, филология ғылымдарының магистрі
- Зерттеудің мақсаты: Синонимдердің өзара стильдік реңктерін, яғни айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ғылыми-практикалық тұрғыдан зерттеу.
- Зерттеудің міндеттері:
- Тіл біліміндегі синонимдерге арналған еңбектерге тоқталып, ғалымдардың көзқарастарына шолу жасау;
- қазақ тілінің 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігін» және «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» қолдана отырып, синонимдердің ішкі мағыналық табиғатын ашу;
- синонимдердің стильдік және қолданыстық реңктерін мысалдар арқылы қарастыру.
- Зерттеудің өзектілігі:
Ғасырлар бойы қалыптасып, ұғымды түрлі атаумен атау үрдісі тіл байлығының көрсеткіші, тіл сапасының белгісі болып танылады, сондықтан синонимдер мағыналық категория болып табылатындықтан олардың өзара стильдік реңктерін анықтау тілдегі сөз қолданысының дұрыс, бір ізге түсуіне көмектеседі.
Мәнерлі, әсерлі сөйлеудің бірден-бір жолы – сөздік қорымыздағы синонимдерді таңдап, екшелеп, дұрыс пайдалана білу. Өйткені синонимдер тіліміздің нәрлілігін, құнарлылығын, байлығын көрсететін бірден бір көрсеткіш. Cинонимдер дегеніміз – әртүрлі айтылғанымен, мағынасы жақын бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стильдік, не қолданыстық сәл ерекшеліктері бар бір сөз табынан болған сөздер. Белгілі бір ұғымды білдіретін мағыналас, мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар деп атайды [1, 61 б.].
Синонимдер мағынасы жағынан жақын болғанымен, олардың бір-бірінен семантикалық және стилистикалық айырмашылықтары бар. Ғалым К.Ахановта өз сөзінде: «Синонимдес сөздер өзара мәндес сөздер болғанмен, олардың мағыналық жақтан кандай да бір айырмашылығы болады. Екіншіден синонимдес сөздердің бір-бірінен өзара айырмашылығы қолданылу ыңғайына қатысты стильдік айырмашылық түрінде ғана болуы мүмкін. Синонимдес сөздердің мұндай жақтары стильде түрлендіре ажыратылып, айқындалады» [2, 125 б.]. Стилистикалық синонимдер деп мағына жағынан көп емес, көбіне бір-бірінен стильдік жағынан ерекшеленетін синонимдердің түрін айтамыз. Мәселен, синонимдердің стильдік мәні біреуінікі солғындау, екіншісінің күші үшіншісінікінен жоғары болып келуі мүмкін. І.Кеңесбаев сөздігінде: «Стиль өлгенді тірілтіп, өшкенді жандыратын дүние десе де болады» дей келіп, сөздің қыбын табу қолдану да стильдік тәсілге апарып соғады [3, 48 б.]. Қазақ тіл білімінде синонимдердің зерттелуі Ә. Болғанбаевтың атымен тығыз байланысты. Ә. Болғанбаев синонимдерге қатысты еңбегінде синонимдердің стильдік реңктері әлі де болса зерттеуді қажет ететіндігін, дегенмен бөлініс жасағандығы туралы да айтылады. Мысалы, қадір тұтқанды білдіретін синонимдер, салтанат құру мәніндегі синонимдер және т.б. [4, 37 б.].
«Кейбір синонимдік қатарға енетін сөздердің сапа мен белгі дәрежесінде бір-бірінен айырмашылықтары болады. Мысалы, әуес, құмар дегеннен гөрі құштар дегеннің сындық, сапалық дәрежесі күштірек. Ал құштар дегеннен гөрі іңкәр, іңкәр дегеннен гөрі ынтық, ынтызар дегендердің сындық, сапалық дәрежесі әлдеқайда күшті. Аталған синонимдес сөздердің сапа мен белгіні білдіру дәрежесі бірінен-бірі асып түсіп отырады. Бұл тәрізді синонимдік қатардың құрамындағы эмоционалды бояуы қалың, экспрессивті қызметі күшті сыңар- лар көбінесе көтеріңкі поэтикалық стильде қолданылады» – деп К.Аханов мысалдармен көрсетеді [2, 74 б.].
...