Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеметтанулық

Автор:   •  Октябрь 14, 2021  •  Доклад  •  379 Слов (2 Страниц)  •  192 Просмотры

Страница 1 из 2

        Қалай ойлайсыз, осы сұхбаттардың жүргізілуіне және оларды өңдеу тәсілдеріне қарап, осы сұхбат түрін әлеметтанулық зерттеулердегі тереңдетілген сұхбат алу әдісіне жатқыза аламыз ба?

        Иә, тереңдетілген сұхбат дегеніміз–диктофонға жазбасы бар, алдын ала дайындалған сценарий бойынша респондентпен жеке әңгіме түрінде сапалы зерттеу әдісі. Әдіс респонденттердің талқыланатын объектіге көзқарасының нюанстарын зерттеуге, респонденттің талқыланып отырған тақырыпқа деген сезімі мен сенімін анықтауға, оның осы саладағы іс-әрекетінің мотивациясын егжей-тегжейлі білуге ​​арналған. Әңгіме әдетте еркін өтеді, өйткені респонденттің мәлімдемесіне айналасындағылар әсер етпейді. Сонымен қатар, тереңдетілген сұхбат процесі ұзаққа созылады.

        Романда Харуки Мураками 1996 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін бір жыл бойы сұхбаттар жүргізген болатын. Олар өтініштеріне жауап бергендердің барлығымен кездесіп, бүкіл сұхбатты кассетаға түсіріп, бір жарым-екі сағаттан сөйлескен болатын. Әрине, орташа есеппен, өйткені кейде сұхбаттар төрт сағатқа дейін де созылған. 1000 зардап шеккендерден тек 62-сі ғана сұхбатқа келісті, себебі бұқаралық ақпарат құралдары қоғамға ұсынылған «шындықпен» олардың өмірін құртып жіберді.

        Тереңдетілген сұхбаттың тағы бір ерекшелігі – сұхбаттың нәтижесінің жасырын болуы.

        Біріншіден, автор тек жеке сипаттағы сұрақтар қояды: олар қайда туылды, немен айналысады, қандай қызығушылықтары бар, отбасында қанша адам және т.б. Әсіресе олардың жұмыстары туралы егжей-тегжейлі сұраған болатын. Тек содан кейін ғана автор сол күнгі оқиғаларға көшті. Адамдардың әңгімелерін тыңдай отырып, сұрақ қоятын: «Бұл күн сіз үшін қалай өтті?», «Сіз онда не көрдіңіз, не сезіндіңіз?», арасында:«Сіз бұл оқиғадан кейін қандай ауыртпалықты (физикалық, психикалық) бастан кешірдіңіз?», «Бұл ауырсыну кейін қалды ма?»

...

Скачать:   txt (4.7 Kb)   pdf (65.2 Kb)   docx (8.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club