Тұлға
Автор: Baktuar234564 • Сентябрь 27, 2021 • Реферат • 649 Слов (3 Страниц) • 360 Просмотры
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
Джемс көптеген мәселелермен айналысты – эмоция және танымдық процестердің дамуы және миды зерттеуден бастап тұлға мәселелерінің және жүйке зерттеулеріне дейін. «Сана ағыны» яғни санасыздық психикалық процестердің жиі болатын сыртқы дискреттілігіне қарамастан адамдық сананың үздіксіз жұмысы туралы Джемстің идеясы болып табылады. Ойдың үздіксіздігі санадағы тұрақты үзілуіне қарамастан өзіндік идентификация мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан, мысалы, адам ұйқыдан тұрған кезде өзін сезеді және оған «өзін екенін білу үшін айнаға қараудың қажеті жоқ ». Джемс үздіксіздікті ғана емес сананың тұрақты өзгеруі динамизмді айтады, бір өзенге екі рет кіруге болмайды деп Гераклиттің айтқаны сияқты ол бізде бірдей ой екі рет болмайды деп жазады. Сананың жұмысын зерттей отырып, ол екі негізгі детерминаттың ашылуына әкеледі – көңіл аудару және әдет. Адамның белсенділігінің айта отырып, ғалым психика оның практикалық қызметінде көмектеседі, әлеуметтік бейімделу процессінің іске асырады, кез-келген қызметте сәттілікке мүмкіндігін жоғарлатады. Джемстің психологиялық көзқарастары оның функционализмнің философиялық теориясымен тығыз қатысты болып келеді. Сондықтан Джемс оның теориялық психологиядан маңыздылығы аз емес екенін дәлелдей отырып, қолданбалы психологияға үлкен мән береді. Оның көзқарасының ең маңыздылығы педагогикамен психологияның байланысы болып табылады. Ол тіпті педагогтарға арнайы кітап шығарған болатын «Мұғалімдермен психология туралы әңгіме», онда ол тәрбиенің және өзін өзі тәрбиелеудің үлкен маңыздылығын, балалардың дұрыс әдеттерінің түзелу маңыздылығын дәлелдеді. Тұлғаның түрлі құрылымын және бөлігін шақыратын сол сезім мен эмоцияның сипаты маңызды болды. Бәрінен бұрын өзін-өзі бағалау (өзіне риза болу және риза болмау) ролін тек ол алғашқы айтқан еді. Джемс бөлшек түрінде берілген өзін-өзі сыйлау формуласын дәлелдеп шығарды. Оның алымында табыс, бөлімінде талаптану.
Мысалы, кездеймоқ бір жағдайлармен кішкентай адам балаларын аңдардың алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерінтарихтан жақсы білеміз. Қырыққа жақын мәлім болған жағдайлардың барлылығында да балалар адам қалпынан айырылып қалған. Төрт аяқтап еңбектеп жүріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілеттері болмаған. Кейбір олардың қолға түскендерін адам қалпына келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген.
...