Перманганатометрия. Иодометрия. Бихроматометрия
Автор: 01umida01 • Май 5, 2023 • Реферат • 1,991 Слов (8 Страниц) • 361 Просмотры
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Реферат
Тақырыбы:Перманганатометрия.Иодометрия.Бихроматометрия
Орындаған:Курбанбаева Д.М
Тобы:ТФП-216
Тексерген:Амангелді А.А
Қарағанды қаласы 2022ж
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Перманганатометрия,Иодометрия,Бихроматометрия әдістеріне сипаттама.
3.Бұл әдістердің практикада қолданылуы
4.Тотығу-тотықсыздану потенциалдары деген не, олар қалай анықталады және нені сипаттайды
5.Қорытынды
1.Перманганатометрия,Иодометрия,Бихроматометрия әдістеріне сипаттама.
Қазіргі таңда тотығу-тотықсыздану титрлеуінің оннан астам түрі белгілі. Көбінесе оларды келесі классификацияға жіктейді.Реагенттің табиғаты бойынша классификациясы. Анықталатын затпен әрекеттесетін реагент бойынша жіктеледі. Бұл классификацияға төмендегі әдістерді жатқызуымызға болады( жақшаның ішінде осы әдістің негізгі әрекеттесуші заты берілген перманганатометрия(калий перманганаты(KMnO4),иодометрия(калий иодиді KI) және бихроматометрия әдістері.Перманганатометрия-тотықсыздандырғыштарды перманганатпен көбінесе қышқыл ортада тотықтыру реакцияларына негізделген.Калий перманганатының титрленген ерітіндісін тұздың анық нақты мөлшерін алып дайындауға болмайды, себебі пераманганаттың құрамында тотықсыздану нәтижесінде пайда болған
МnО2 бар. Сонымен қатар оның судағы ерітіндісі су мен ауадан кіретін әртүрлі қоспалармен (органикалық заттар, тозаң, аммияк т.б.) тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысуы нәтижесінде өзінің концентрациясын өзгертеді. Сондықтан перманга-наттың ерітіндісін 7-10 күнге қараңғы жерге қалдырады. Содан кейін КМnО4 ерітіндісін ептеп МnО2 тұнбасынан бөліп алады. Осылай дайындалған КМnО4 ерітіндісінің концентрациясы ұзақ уақыт тұрақты болады. Перманганат ерітіндісінің титрін натрий оксалатын (Na2С2О4) немесе қымыздық қышқылын
(Н2С2О4) пайдаланып анықтайды. Перманганат пен қымыздық қышқылы арасындағы реакция – автокаталитикалық реакция деп аталады. Перманганаттың алғашқы тамшысының бояуы ыстық ерітіндіде де өте баяу жойылады. Титрлеу барысында Мn2+ иондарының концентрациясы артып, реакцияның жылдамдығы өседі.Перманганатометориялық титрлеуде титранттың өзі индикатор ролін атқарады. Перманганаттың артық мөлшері құйылғанда ерітінді қызғылт түске боялады. Перманганатометория тәжірибеде кең қолданылады. Бұл әдіспен тікелей тотықсыздандырғыштарды титрлеуге болады(Fe2+,Н2О2,NO2-т.б.) Перманганатометриялық титрлеуді тура, кері және жанама жолмен жүргізеді.
Тура титрлеумен тотықсыздандырғыштарды анықтайды нитриттерді, сутегі пероксиді;Fe2+, Sn2+,U2+,оксидтерді
Кері титрлеумен анықтайды - PbO2тотықтырғыштарды
Жанама титрлеумен тотықтырғыш қасиеті жоқ иондарды анықтайды, мысалы аз еритін оксалаттар түзетін катиондарды: Са2+, Ba2+, Sr2+, Zn²+, Pb2+
Органикалық қосылыстарды метанол, құмырсқа, шарап, лимон, салицил қышқылдарын, глицерин, фенол, формальдегид.
Иодометрия реакцияға негізделген тотығу және қалпына келтіру үшін пайдаланылатын әдіс.Стандартты потенциалдың сандық мағынасына қарасақ, бос күйінде йод орта күшті тотықсыздандырғыш қасиетін көрсетеді. Йодометрия әдісінде йодтың тотықтырғыш қасиетін де, тотықсыздандырғыш қасиетін де пайдаланады. әдісінің негізінде келесі реакция жатыр:
...