Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Иттің парвовирустық энтериті

Автор:   •  Октябрь 2, 2022  •  Реферат  •  1,477 Слов (6 Страниц)  •  340 Просмотры

Страница 1 из 6

Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Иттің парвовирустық энтериті

2.1.1. Ет қоректілердің обасы

2.1.2. Акушерлік- хирургиялық ауруларын емдеу

2.1.3. Жұқпалы емес аурулар және оларды емдеу шалалары

2.1.4. Вакцинация          

ІІІ. Қорытынды


І. Кіріспе

Мен, Бугибаев Жанат Канатович , ҚазҰАУ, Ветеринария факультеті, «Ветеринариялық медицина» мамандығының 5 –нші курс 507 топ студенті Алматы қаласы  «У лукоморья» ММ-інде 05.03.2019 - 08.04.2018 аралығында диплом алды тәжірибеден өттім.

Мемлекеттік органның атауы: «У лукоморья» ММ

Пошталық мекенжайы, индексі: 041300, Алматы қаласы , Сауранбаева  көшесі,1А

Электронды поштасы: Buh.ulukomorya@mail.ru

Байланыс телефондары: 8(727)293-64-44


ІІ. Негізгі бөлім

2.1.Иттің парвовирустық энтериті

(Parvovirus enteritis canine,парвовирус-ный энтерит собак) - ішек-қарынның

геморрогиялық қабынуымен жэне миокардтың зақымдануымен сипаттапатын, жіті өтетін, жүғымтал ауру.

Қоздырушысы- Canine parvovirus парвовирустар тұқымдастығының

парвовирустар туыстастығына жатады. Мысықтың панлейкемиясының жэне

күзеннің энтеритінің қоздырушыларына жақын. Жоғары температурада, ортаның қышқылдығына, дезинфектанттарға, сыртқы ортаның эсерлеріне төзімді. 60°С-қа қыздырғанда 1 сағатқа шыдайды.Індеттік ерекшеліктері. Ауруға ит тұқымдас ет қоректілер шалдығады. Иттен басқа қасқыр, қарсақ, сусар ауруы мүмкін. Ит кез келген жасында ауырады, эйтсе де 6 айға дейінгі күшіктерде жиі байқалады. Деректерге қарағанда күзен, ьдызыл түлкі ауырмайды.

[pic 1]

[pic 2]

 Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі әдетте 2-6 күн. Ауру үш түрде: ішектегі, жүректі зақымдаған жэне аралас түрінде байқалып, жіті жэне аса жіті өтеді.Парвовирустық энтерит аса жіті өткенде 6-10 апталық күшіктер элсіреп, құлап, бірнеше сағаттың ішінде өліп кетеді. Әдетте диарея байқала қоймайды.Жіті өтетін ішектегі түрі энтериттің симптомдарымен сипатталады. Бас- тапқыда бей-жай күйге түсіп, біраздан кейін құса бастайды. 6-24 сағат өткен- нен кейін диарея байқалады. Нәжісі бастапқыда сұрғылт түсті, кейіннен көк- шіл-жасыл тартады, қан ұйындысы кездеседі, өте сұйылып, иісі өте жағымсыз болады. Дененің ыстығы 39°С-қа, кейде 40-41°С-қа дейін көтеріледі. Құсу мен іші өтудің нэтижесінде организм сусызданып, күйі күрт төмендеп, әлсірейді.Аурудың жүректе түрі1-2 айлық, сирегірек 7 айға дейінгі күшіктерде болады. Жүректің мүкістігі байқалып, тамыр соғысы жиілеп, элсірейді, өкпе домбығады. Жүйке қызметі бұзылып, ит кенеттен өліп кетеді.Парвовирустық энтериттің ішектегі түрі кезінде өлім көрсеткіші күшіктерде 50%-ға жетеді, ересек иттерде 5-10%, жүректегі түрінде 70-80% болады. Дауалау және күресу шаралары. Ауырып жазылғак итте 3 жылдан ұзақ уақытқа берік иммунитет қалыптасады. Өлтірілген вакциналар  6 айға, тірі вакциналар бір жылға иммунитет қамтамасыз етеді. Дауалау үшін иттің правовирусына қарсы немесе мысықтың панлейкамиясына қарсы тірі немесе өлтірілгең өсіндік вакциналармен иттерді егуге боладыАуырған итті оқшаулап, симптоматикалық ем қолданады. Қүсу±а қарсы атропин жэне апоперидол қолданылады. Қосалқы микрофлораны тежеу үшін антибиртиқтер мен сульфаңиламидтер пайдаланылады. Ішектің қанталауының зардабын азайту үшін пектин береді. Дененің сусыздануына қарсы изотоникалық ерітінділер қолданылады. Емнің нәтижелі болуы үшін диетаны жақсарту - басты шарт болып табылады.Ауру ит түрған жерді, құрап-сайманды 0,2-0,3% формальдегитпен, кальциленген соданың 1:20 ертіндісімен дезинфекциялайды.


2.1.1. Ет қоректілердің обасы

Ет қоректілердің обасы  (Pestis carnivorum,чума плотоядных) -қызба,

тыныс және ас қорыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуы- мен, терінің бөртуімен және орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипат- талатын аса жүғымтал ауру.

Қоздырушысы - Canine distemper morbillivirus парамиксовирустар

 түқымдастығының мобилливирустар туыстастығына жатады, құрамында РНҚ бар. Адамның қызылшасының және сиырдың обасының вирустарымен антигендік байланыстар бар.

Вирустың сыртқы ортадағы төзімділігі оншама емес. Танаудан аққан сора және нәжісте 7-11 күнде белсенділігін жояды. Соған қарамастан кептірілген немесе мұздатылған вирус бірнеше ай, ал лиофилденген күйінде кемінде бір жьіл сақталады. 60°С-та 30 минутта, 100°С-та бірден жойылады.

...

Скачать:   txt (22.2 Kb)   pdf (771.2 Kb)   docx (641.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club