Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Төребек Әбдікерімов

Автор:   •  Сентябрь 20, 2022  •  Биография  •  514 Слов (3 Страниц)  •  184 Просмотры

Страница 1 из 3

Төребек Әбдікерімов

Тарихы терең тамырланған Әулиеата өңірінің қойнауы құт, бастауы береке, топырағы мыңдаған таланттарды тудырған жомарт мекен. Қазақтың қара шаңырағы, Қазақ хандығының туы тігілген жер, ежелден тарихи мұраға толы, мәдени рухани құндылыққа бай өлке.

«Тараз, Жамбыл облысы – менің ең жақсы көретін өңірім...» деп еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, Жамбыл жері талантты күйшілер мен күміс көмей әншілердің, ақиық ақындар мен жауһар жыршылардың киелі ордасы саналады.

Жамбыл өңірінде туылып, күй өнерінің дарабоздары саналған Байсерке, Кенен Әзірбаев, Әбдімомын Желдібаев, Садыхан Әубәкіров, Әшірәлі Шынғожаев, Тұраш Әбуов, Боранқұл Қошмағанбетов есімдері ұмытылмас тарих. Ал Аман Малдыбаев, Мұхтарбай Рахманқұлов, Талғат Орынтаев, Ержан Рысметов, Өмірғали Ертуған, бүгінгі күй шеруін жалғастырушылар.

Бұрынғы қазақтың мінезін бойында сақтап он саусағынан өнер тамған ісмер, ағаш ұстасы, қыл қалам шебері. Жүзінен күлкі нұры төгіліп тұратын бала көңіл Төребек Әбдікерімовтың сазгерлік, күйшілік шығармашылығы өз алдына бір төбе.

Төребек Әбдікерімов 1937-жылы (қазіргі Тұрар Рысқұлов) ауданының Әбжапар ауылында дүниеге келген. Шежіре бойынша жеті атасы: Ұлы жүз ішінде Дулат, Шымыр, Жақсылық, Бисары, Ескене, Орақ, Ордабай, Бейсен, Туғанбай, Әбдікерім, Төребек. Әкесі Әбдікерім  ұста кісі және ел ішінде айтыскерлік пен әншілік өнерімен де таңылған деседі. Бала Төребек Әбдікерімовтың өнерге деген қызығушылығы, тал бесіктен бастау алды десек болады. Ұлының өнерге деген қызығушылығын көрген әкесі, ағаштан шауып, ешкінің ішегінен ширатып домбыра жасап береді.[pic 1]

Өнерге жақын болып өскен Төребек Әбдікерімов, қазіргі уақыттағыдай ақпарат көзі жоқтығы кезінде радиомен күйтабақтың маңызы зор болды. Радиодан небір дүлдүл домбырашыларды тыңдап, біраз күйшілердің аттарына қанық болып, өз бетінше әкесі жасап берген домбырамен құйма-құлақ  әдісімен біраз күйлер үйренеді.      

1961 жылы Жамбыл зоотехникалық-малдәрігерлік техникумының мал-дәрігерлік бөлімін бітірген. Біраз жыл «Алғабас» қой совхозында кіші мал дәрігері, ұзақ жылдар бойы осы шаруашылықта құрылысшы болып істеді.

...

Скачать:   txt (7.3 Kb)   pdf (104.1 Kb)   docx (41.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club