Шәрапи Әлжанов
Автор: Bnaz1204 • Февраль 15, 2026 • Доклад • 1,370 Слов (6 Страниц) • 5 Просмотры
Шәрапидің ізімен
Қазақ халқы — тарихтың талай сындарынан өткен, қайсар да рухты халық. Ғасырлар бойы ел басына түскен ауыртпалықтар, соғыстар, ашаршылықтар мен қуғын-сүргіндер ұлттың тағдырына терең із қалдырды. Соған қарамастан, халқымыз өз болмысын, тілін, дәстүрін сақтап қалды.
Саяси қуғын-сүргін жылдары Қазақстанда шамамен 100 000 адам сотталып түрмеге қамалды, жер аударылды, 25 000-нан астамы қазақтың қаймағы атылды, соның салдарынан көптеген отбасы мен тұлға зиян шекті.
Саяси қуғын-сүргін 1937–1938 жылдары Кеңес үкіметі көптеген қазақ зиялыларын «халық жауы» деп айыптады. Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сияқты тұлғалар жазықсыз жазаға ұшырады.
Шәрапи Есмұхаммеұлы Әлжанов (кейде Шарафи Әлжанов деп те айтылады) — XX ғасыр басындағы қазақ қоғам қайраткері, ғалым-педагог, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі. Шәрәпи Есмұхаммедұлы Әлжановтың туғанына биылғы 2026 жылдың 19 ақпаны күні 125 жыл толады.
«Үлкен террор» жылдары 1938 жылы «халық жауы» деген жаламен [pic 1]ұсталып, КСРО Жоғары сотының әскери коллегиясының үкімімен ату жазасына кесілді. Алматы қаласында «ату жазасына» кесілген құрбандарды 40 шақырым жердегі қазіргі Жаңалық ауылының аумағына жасырын көмген. Бұл тек 1989 жылы жер телімдері бөлініп үй құрылыстары басталған уақытта ғана анықталды. ҰҚК-нің мұрағатынан алынған мәліметтер бойынша Жаңалыққа 4119 құрбан жасырын көмілген.
Шәрапи 1901 жылы ақпанның 19 жұлдызында Көкшетау уезінің Аксарин болысында (Бекшебай қыстауында Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы) дүниеге келген. 1915–1918 жж. Щучинск бастауыш училищесін (қазіргі Щучинск педагогикалық колледжі) бітірді. 1914–1917 жж. Омбы қаласындағы қазақ жастары ұйымы «Бірліктің» төрағасы болды. 1917 жылғы 1–4 қазанда М. Жұмабаевпен бірге «Алаш» партиясының бағдарламасын қолдады. 1916 ж. «Бірлік» ұйымының төрағасы ретінде «Балапан» журналын шығарды. 1920–1921 жж. Бийск қаласындағы қырғыз (қазақ) атты полкінің саяси жетекшісі. 1919 жылы Қызыл Армия жағына өткен бұрынғы Алаш милициясы мүшелерінен құралған атты полкті басқарды. 1921–1922 жж. Орал қаласында 121-дивизияның кавалерисі, саяси комиссар. 1922–1923 жж. Ақмола қаласының уәкілетті комиссары. 1925 ж. Мәскеуде 9 айлық жоғары тәрбиешілер курсын аяқтады. 1925–1927 жж. Орынбор қаласындағы әскери мектептің оқытушысы. 1927–1929 жж. Қызылорда қаласындағы өлкелік кеңестік партия мектебінің оқытушысы. 1929–1930 жж. Қызылордадағы Қазақ халық ағарту институтының директоры. Әлжанов Шәрапи басшылық еткен кезеңде С. Сейфуллин, С. Мендешев, Т. Жүргенов, Қ. Жұбанов сияқты қайраткерлер жұмыс істеді. 1930–1932 жж. Мәскеудегі педагогикалық ғылымның ірі орталықтарының бірі – Н.К. Крупская атындағы Коммунистік тәрбие академиясын бітірді. Академияны аяқтаған соң – жоғары оқу орнының оқытушысы, доцент ғылыми дәрежесі берілді (қазіргі А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті). «От колониально-царистской школы к советской политехнической школе Казахстана» атты ғылыми еңбегін қорғады. 1930–1932 жж. Ұлттар ағарту институты жанындағы ғылыми-зерттеу тобының мүшесі (қазіргі Мемлекеттік ағарту университеті). 1932–1938 жж. Педагогика кафедрасының меңгерушісі және педагогика ғылыми-зерттеу институтының директоры. Алматы қаласындағы №12 мектеп-гимназия мұғалімдері арасында үлкен қоғамдық-тәрбиелік джұмыс жүргізді. 1933–1937 жж. Құдайберген Жұбановпен бірге Мемлекеттік терминология комиссиясының төрағасы, «Гостерминком бюллетені» журналының редакторы болды. Тілдерді білуі: қазақ, орыс, неміс, КСРО халықтарының
Шәрапи Әлжанов туралы Т.Қажыбаевтың «Сәуле-менің ауылым» кітабында жиені Темірбай Көбеновтың айтуымен шағын мақала жазылған еді. 2017 жылы Біржан сал ауданында Тұрсын Жұртбай, Серік Негимов бастаған ғалымдардың қатысуымен «Алаш арыстары және Тәуелсізк» тақырыбында өткен ғылыми конференцияда деректі материалдың тапшылығынан Шәрәпидің тұлғасы, өмірі мен шығармашылығы толық ашылған жоқ, Сол жылы Біржан сал ауданындағы Сәуле орта мектебіне Шәрапи Әлжановтың аты берілді, оның еңбегіне құрмет көрсету белгісі ретінде, есімін халықтың жалдында сақтау үшін мүсіні орнатылды.
...