Шапшаң оқу
Автор: KuzembaevaLazzat • Сентябрь 22, 2021 • Доклад • 1,905 Слов (8 Страниц) • 422 Просмотры
«№32 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
Тақырыбы:Шапшаң оқу
Жоба жетекшісі:Кузембаева Ляззат Дюсенбаевна
Қарағанды
Жобаны адрестеу: 2 «Ә» сынып оқушылары
Жобаға қатысушылар:оқушылар
Оқушылардың жасы:7-8 жас
Жобаның типтік ерекшеліктері:
Құрылатын өнімнің сипаты бойынша: шығармашылық, ойын,
*қатысушылар саны бойынша: топтық
* мазмұны бойынша: оқушы және табиғат;
* білім бейіні бойынша: проект
* байланыс деңгейі бойынша: білім беру ұйымы деңгейінде
* ұзақтығы бойынша: қысқа мерзімді
Жоба мақсаты:
Бастауыш сынып оқушысының дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқу жылдамдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілерді анықтау мен жою жолдарын жинақтау.
Жоба міндеті:
1.Ғылыми әдебиеттерді зерделеу
2. Бастауыш сатыдағы оқу техникасын жақсартудың басты жәрдемшісі – тіл. Тілдің негізгі элементі – сөздік қор екендігін сипаттау.
3. Оқушылардың оқу шапшаңдықтарындағы қиындықтары мен кедергілерді анықтау мақсатында әр апта сайын даму деңгейін тексеру.
Тақырыптың өзектілігі:
оқушылардың оқу шапшаңдықтары артып,оқу іс-әрекеті, белсенділіктері,қызығушылықтары артып топпен жұмыс істеуге үйренеді.
Күтілетін нәтижелер:
Оқу процесін зерттеу мен оның бастауыш сатыдағы даму ерекшеліктеріне байланысты ғалымдардың еңбектері зерделенеді. Оқу шапшаңдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілер анықталады.
Нысанды анықтау:
бастауыш сынып оқушылары, мұғалімдері.
Жобаның ресурстары:
Болжалды өнімдер:презентациялар, мақала жазу
Проблема:
Оқушының оқу жылдамдығының төмендігі мұғалім жұмысын тежейді, оқушының оқу үлгеріміне кері әсер етеді, стандарттық талаптарға сай емес, сауатты оқуға және мәнерлі, әдемі оқуға кері әсер еткендіктен туындаған проблема.
Туындаған проблеманы шешуге қолданылатын әдіс- тәсілдер:
Жөн сілтеу: Ұсыныс енгізу арқылы ақпарат беру. Бұл әдіс көмек берушінің нақты білімі болған жағдайда ғана тиімді.Бұл әдісті орынсыз пайдалану баланың өзіндік шешім қабылдауына кері әсерін тигізеді. Кеңес қашанда құндылықтарға емес, белгілі деректерге негізделуі керек.
Оқыту: Көмектің бұл түрі кейде мәлімет беру мен пікір таластыруға сәйкес келеді. Оқушының нені, қалай істеу білуі мен түсінігін қалыптастырады.
Мәлімет беру: Мәлімет беру деген оқушыға өздігінше шешім қабылдауына жағдай жасап, ақпаратты ұсыныссыз,бұрмаламай беру. Сонда ғана ол өзінің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын болады. Мысалы: Қандай кітапты оқуы керек? Ол кітапты қалай оқуға болады?
Қолдау көрсету:Көмектің бұл түрі шешім қабылдаудан бұрын да шешім қабылдағаннан кейін де тиімді. Көмек беруші оқушының қасында болып қабылдаған шешімінің нәтижесін сезінуіне көмектестеседі. КЕҢЕС БЕРУ Оқушының деректерді түсінуіне, оны әрі дамытуына ықпал жасайды. Көмек берушінің жауапкершілігі шешімнің мазмұнын анықтауда емес,шешімді қабылдау үрдісі кезінде өте маңызды .
Шара қолдану: Оқушы өз бетінше әрекет жасай алмаған жағдайда мұғалім тарапынан көмек қажет.
- түрлі картыналар, суреттер топтамасын пайдаланып, көрсетіп, балалардан 1секунд ішінде жаттап алған нәрселерін сұрау
- екі бағанға сөздер жазып, балаларға көрсетіп, оқытып қайталап сұрау
- мағынасы қарама-қарсы сөздерді айтқызып жарыстыру
- өткен тақырыптарды қайталап сұрап тұру
- тақырыптың кез келген сұрақ қойып, жауабын тез тауып айтуға жаттықтыру
- жаңылтпаштар оқыту
- оқу жылдамдығын салыстырып, жиі жарыстыру, көрсеткіштерін күнделікке жазу
- таныс тақырыпты оқытып, тез басқа таныс емес тақырыпқа көшу
- тіркес немесе біріккен сөздерді жазғызып олардың қандай сөздерден құралғанын сұрау
- берілген әріптерден сөз құрастыру; кім көп сөз, әрі кім тез?
Осындай әр түрлі әдіс – тәсілдерден кейін, баланың оқуға деген құлшынысы артып, оқуға белсене қатысып, өзінің оқуға тез бейімделе бастағанын байқамай қалады.
Баланы шапшаң оқи білуге үйрету, бұл бүкіл білім беру ісінің негізгі фундаменті болып табылады.Өйткені бала әрі қарай осы оқу әдісін меңгеруіне байланысты әр түрлі пәндерді тез оқып, үйреніп, игеріп кетеді.
Болжау: Егер, осы жобаны өз іс-тәжірибемізде дұрыс ұйымдастыра алсақ, онда оқушы бойынан дыбысты, буынды, сөзді, сөйлемді анық, дауыс ырғағын дұрыс сақтап оқуын,оқуға деген сүйіспеншілігін, эстетикалық талғамының артқанын,оқырмандық мәдениетке қызығушылығын көре аламыз.
...