Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәуелсіздігім елтаңбаммен еңселі

Автор:   •  Май 16, 2022  •  Доклад  •  580 Слов (3 Страниц)  •  176 Просмотры

Страница 1 из 3

«Тәуелсіздігім елтаңбаммен еңселі»

Елтаңба-мелекетіміздің асыл мұрасы, елдігімздің нышаны.Тәуелсіздікті еңсерген уақыттан бастап,  халқымыз не көрмеді, еліміз не еңсермеді?                                                    Тәуелсіздіктің таңын атыру жолында бабаларамыз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, қасық қаны тамғанша күрескені бәрімізге аян.Сонау алпауыт империяның боданы болып, елдігімізден айырылып қалмау үшін ұлы тұлғаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен бүгінгі Алтай мен Атырауға шейінгі дархан даламызды алып қалды емес пе?! Cол себептен қазақ халқы үшін қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тыныш заман, тәуелсіздіктің тәтті дәмі бақыт пен нығмет болып табылады.Әрбір тәуелсіз елдің өткен өмірі мен келер болашағы өзінің бастан кешірген қиын-қыстау оқиғалардан тұратыны айғақ.Сол іспетті қазақ халқыда осындай сәттерді бастан кешірді.Тәуелсіздік бізге оңай келмегені бәріне белгілі.Ал сол ынтымағы жарасқан, бірлікте өмір сүретін елдің өзінің мемлекеттік нышандары болады.

Ту,елтаңба,әнұран-бұл үшеуі әрбір халық өзін азат,дербес сезіну үшін расталатын символ.Біздің туымызда, елтаңбамызда көзге оттай басылатын, терең мағынаны сыр шертетін дүние.Қай рәмізді алсақ та ұлттық нақыштың анық бейнесі көрінеді.Аспан түсті көгілдір туымыз, қалықтап ұшқан азат бейнесіндегі қыран құс, жарқырап тұрған күн сәулесінен 32 шуақтың таралуы мен ұлтымыздың сән-салтанаты әсем ою-өрнек дәл осы көріністі толықтырып тұрғандай ғажап.Елтаңбамыздың өзіндік жеке тарихы бар.Қарасаң көз тоятын елтаңбада қанатты қос жылқы бейнеленген.Қазақта «Ер қанаты-ат» демейді ме? Сол секілді қазақ халқы әрқашан жылқы малын қастерлеген, сол себептен елтаңбамызда бұл жануар ойып тұрып орын алған.Атар таңы мен батар түні, аспандағы жұлдызы сөнбесін деген мақсатта елтаңбаның дәл жоғарғы жағында жарқырап жұлдыз тұр.Қос пырақтың үш үлкен қанаты үш жүздің халқы деген мағынада жасалса, оның астыңғы үш кішкентай қанат-сол үш жүзден тараған келер келешек ұрпақ, яғни мына біздер -,деп елтаңба авторлары-Шотаман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков аталарымыз түсіндіреді.

        «Отан отбасынан басталады» -,демекші әрбір отаншыл рухты азамат пен азаматшаны тәрбиелеу өз отаны,яғни өз отбасынан бастау алады. Ал, солай болу үшін бірінші кезекте еліміздің Туын,Елтаңбасынан тану арқылы,Әнұранымызды тілі шығып келе жатқан сәттен бастап, жаттатып, рәміздерді қастерлеуден туады.Кез-келген адам жастайынан бастап Менің Отаным-Қазақстан, мен өз Отанымның адал перзентімін, ал Отаным мен үшін қадірлі деген ойды бойына сіңіріп өсетіндей тәрбиелеу қажет.

        Еліміз тәуелсіздік таңын атырған сәттен бастап төл рәміздеріміз бірінен соң бірі дүние есігін аша бастады.Егемендігіміздің бірегей екендігін дәлелдеу мақсатта мемлекеттік нышанды жасау бүкілхалықтық сипат алып, халықтың ісіне айналғаны кездейсоқ жайт емес.Халқымыз еркіндік самалында қалықтап ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашқан болатын.Бұл тұрғыда елімізіздің алғашқы президенті Н.Ә.Назарбаев баса назар аударған болатын.Дегенмен,көптің ішінен баса шапқан Шотаман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков аталарымыз болды.Бір қызығы екі авторда  мемлекеттік Елтаңбаны жасауда бірлесіп емес, бөлек жұмыс жасаса да, қазіргі Елтаңбамыздың кескіні өте ұқсас болған.Расыменде бұл жұмысты атқару талай ізденіс пен еңбектің жұмысы десек, артық айтпаған боламыз.

...

Скачать:   txt (7.3 Kb)   pdf (60.4 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club