Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тест по "Литературе"

Автор:   •  Октябрь 19, 2023  •  Тест  •  997 Слов (4 Страниц)  •  117 Просмотры

Страница 1 из 4

1.С.Мұқановтың «Есіл бойында»  әңгімесіндегі әншінің есімі кім?

А)Мұратбек                   Ә)Мырзатай                     Б)Шүрек

 

2.Кімнің өлеңінен?

Темір торлы тас үйде

Көкірегім толды шерменен

Қанатты тағы тұлпарым

Арқырап келші кермеден

А)С.Сейфуллин   Ә)Ж.Жабаев              Б)А.Байтұрсынов

 

3.Абайдың қай қара сөзі?

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын,  өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.

А)Он тоғызыншы Ә)Жиырма тоғызыншы     Б)Отыз бірінші

 

4.Көксеректі алатын арлан?

А)Ақ қасқа     Ә)Қара ала төбет             Б)Ақ қасқыр

 

5.«Ботагөз», «Сырдария», «Аққан жұлдыз» романдарынынң авторы?

А)М.Әуезов          Ә)Ғ.Мүсірепов            Б)С.Мұқанов

 

6.Кесені қолыма алып қарай бердім

«Ішінде нақақ көзден жас бар ма?» деп, -деген өлең жолдарындағы көркем әдісті табыңыз?

А)Ирония        Ә)Кейіптеу           Б)Қайталау

 

7.Қозы Көрпештің әкесі?

А) Қарабай      Ә)Сарыбай         Б)Қодар

 

 

 

8.Қай шығармадан, кімнің сөзі?

-Шариғатта айтады екен, «ең ауыр ақы —  көрші ақысы» деп. Маған биыл көрші қондың ғой сен. Бәрібір «иттің ұлы  итақайға» үлестіріп жатқан дүние. Сен оны намыс көрме, мен оны борыш көрмейін, биыл қыс мылтықтың қарауылына, бүркіттің  тұяғына  ілінген олжаға екеуміз ортақ болайық.

А) М.Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі Қасеннің сөзі

Ә)С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесіндегі Ораздың сөзі

Б) Ғ.Мүсіреповтың  «Ақлима» әңгімесіндегі Нұриланың сөзі

 

9.Эпифораны  тап?

А)Атаңнан  бата ал, балам,

Арғымақ атқа мін, балам.

Ә)Ал, Қуаныш, Қуаныш

Сені етейін жұбаныш

Б)Сарыарқаны сандалсам

Саңлағымды табам ба?

 

10.Досына арнап өлең жазған ақын?

А)М.Жұмабаев      Ә)С.Сейфуллин        Б)А.Байтұрсынов

 

11.Лиро-эпостық  жырды көрсет?

А) «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жыры

Ә) «Күлтегін» жыры

Б)  «Қозы Көрпеш –Баян сұлу», «Қыз Жібек»

 

12.Махамбеттің Исатайға арнаған өлеңі қайсысы?

А)Ереуіл атқа ер салмай     Ә)Тарланым        Б) «Ұлы арман»

 

  1. Қазақ халқын «маса болып ызыңдап оятпақшы» болған ақын?

А)А.Байтұрсынұлы          Ә)А.Құнанбаев         Б)І.Жансүгіров

 

14.«Қансонар» сөзінің мағынасы?

А)Маң далада аң аулау           Ә)Ақ қар           Б)Жаңа жауған қардың үстіндегі аңның ізі

 

15.Семейдегі Абай оқыған медресе?

А)Араб медресесі                   Ә) «Ахмет Риза» медресесі

Б)Қалалық медресе

 

16.Көркемдік тәсілді тап?

Таудан мұнартып ұшқан, тарланым.

Арыстаным, көп болды- ау.

 

17.М.Өтемісұлы қай жылы дүниеге келді?

А)1804          Ә)1825         Б)1845

 

18.-Балталы, Бағаналы ел, аман бол!

Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,

Ойнап –күліп, ер жеткен жер, аман бол!-деген өлең түрі қазақтың қай салт-дәстүрінің түріне жатады?

А)Жоқтау        Ә)Қоштасу           Б)Естірту

 

19.Сырты алтын, іші күміс  оның үйі

Күнде дәурен неғылса келер күйі,-көркемдегіш әдіс-тәсілдің қай түрі қолданылып тұр?

А)Эпитет          Ә)Теңеу        Б)Гипербола

 

20.Тайлақ би, Танаш, Ханша, Тазша бала  кейіпкерлері қай шығармадан?

...

Скачать:   txt (9.5 Kb)   pdf (77 Kb)   docx (14.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club