Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Проспер Мериме (1803-1870)

Автор:   •  Апрель 25, 2022  •  Реферат  •  2,321 Слов (10 Страниц)  •  204 Просмотры

Страница 1 из 10

ПРОСПЕР МЕРИМЕ ( 1803-1870 )

    Мериме Парижде 1803 жылы 28 қыркүйекте суретшілердiң отбасында дүниеге келіп , бала кезiнен өнер атмосферасында тәрбиеленген.Оның ата - анасы өнерге табынған адамдар болған , әкесі Жан Франсуа Леонор танымал суретші еді . Олар дастархан басында тамақтанып отырғанда да сурет , музыка , әдебиет жайында әңгiме козғайтын . Проспер де бала кезiнен әдебиет пен өнерге қызықты . Ата - анасы жалғыз балаларының тәрбиесіне ерекше көңiл бөлiп , жіті қадағалап отырды . Проспердi сегiз жасынан Париждегі император лицейіне оқуға берді . Мұнда Мериме латын тiлiн жақсы меңгергенімен , орташа оқитын оқушылардың бірі болды . Жаратылысында Проспер сергек, бар нарсені білуге құмар, өте зерек жан болған . Әкесі оның суретшілік өнерiне күмәнданған. Шынында да  Мериме суретшілік өнерді негізгі кәсiп етпей ,өмірінің соңына дейiн тек хат , альбомдарга сурет салу үшiн ғана пайдаланған .

  Жалпы Леонор Мериме өз баласының адвокат болуын қалаған. Oған Проспер де қарсы келмей , төрт жыл бойы Сарбоннадагы заң факультетінде оқығанымен , заңгер болған жоқ . Керісінше , бар ынта-ықыласымен сөз өнерiне , әдебиетке қызықты . Өз білімін толықтыру мақсатында философия , грек , орыс , испан тілін, ағылшын әдебиетiн меңгерді . Каникул күндерiнде ол Куломьеде  болып , осында өзінің « Кромвель » шығармасын жазады . Бiрақ оған  көңілі толмағандықтан , жойып жіберді . Кейінірек , әкесінің досы  герцог Деказамен танысу арқылы ол әдеби қауымға қосылды. Ал  университетті  бітірген соң, жан-тәнімен шығармашылық жолға бет бұрды.

  Замандастары Проспер Меримені әдебиетке ден қойғандығы үшін кінәлағанда, ол  «уақыт өткізу үшiн жазамын» деп құтылатын болған. Алғашқы кезде ол өзінің көптеген шығармаларын ата-анасынан,достарынан жасырып жүрген .

 1825 жылдың мамыр айында париждік  Сотленің баспаханасында елдің назарын аударған бiр кiтап жарық көрді. Париждік мерзімді баспасөзде бұл кітап туралы әртүрлі рецензиялар жазылып жатса,әдеби ұйымдарда аталған кiтапты талқылап, талдап, түрлі әңгіме, ой-пікірлер айтылып жатты. Кiтап     «Клара Газюльдiң театры» деп аталды.Мериме әдебиетке осы жинақпен келдi. Бұл жинақтың кіріспе сөзiнде аудармашы Жозеф Л* Естранж кiтаптың авторы әрi комедиограф, әрі испандық атақты әртiс әйел Клара Газюль екендігін жазады: «Мен Газюль  ханымды алғаш рет Гибралтарда швейцарлық полкте болғанымда көрдім. Автордың айтуынша, Клара- қаңғып жүрген сыған қызы, ол туысқандарының қолында тәрбиеленген. Монах пен анквизиторлар жазу өнеріне тиым салған уақытта Кларадан ғашықтық , махаббат туралы жазылған хат тауып алады. Сөйтіп, қызды қамап тастайды. Бірақ, екі аптадан кейін Клара күзетшілерді алдап, қашып шығады.

  Кiтапқа жазған алғысөзiнде Мериме бұл пьесалардың авторы испан актрисасы Клара Газюль дегенімен, инкогнито(Инкогнито - бұл өзінің нақты атын жасырып, болжалды есіммен әрекет ететін адам.) сақтағысы келген жоқ. Жинақтың бiрiншi бөлiмiнiң алғашқы беттерінде үлде мен бүлдеге оранған  испан актрисасының портреті орналасқан, бірақ кім екені белгiсiз, бет суреті жоқ . Келесі бетінде Мерименің портреті орналасқан. Бірінші және екінші бет қабаттасқанда испан актрисасының көйлегін киген Мериме  портреті шығады.

     Бiр күнi Кадистегі драма театрында күтпеген жағдай болды,яғни , сахнада «Әйел- деген сайтан» атты драма қойылды . Авторы ешкімге белгiciз - Клара Газюль.Бұл шығарманы көпшілік жылы қабылдап, көп жетістіктерге жетті. Осыдан бастап, Клара Газюльдiң атақ- даңқы өсе берді . Кадисте оның шығармаларының толық жинағы жарық көреді .Алайда, аталмыш кітап Ватикандагы шығаруга тыйым салынған кітаптардың тізіміне енедi. Бiрақ жазушы бұған еш қиналып,қайғырмайды.

   Автор қолында сақталған дүниелерiн француз баспаханасына ұсынады. Көптеген газет -журналдар Жозеф Л`Естранжға бұл кітаптың дәл және анық аудармасына рахмет айтып, алғыстарын жаудырып жатты. Солай бола тұрса да , испан тiліндегі екі томдық  « En guarto » пьесасы және Клара Газюль мен керемет аудармашы деп танылып жүрген Жозеф Л.Естранж деген адамдар бұл өмiрде болмаған еді. Кітапта жарияланған жазушы әрі испандық әртiстiң суретінен парик киіп алған -Проспер Мерименiң түрін тану қиын емес еді.

...

Скачать:   txt (27.8 Kb)   pdf (112.5 Kb)   docx (16 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club