Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ныгмет габдуллин

Автор:   •  Февраль 7, 2018  •  Реферат  •  653 Слов (3 Страниц)  •  971 Просмотры

Страница 1 из 3

Нығмет аға

Ұмытпасам, 1968 жылдың күз айы, жердегі сарғайған жапырақтар әжеміздің тоқылған  алашасынан аумайды. Аяқ астында мыжылып бір түрлі аянышты үн қатқан секілденеді. Ағаштардың басындар жапырақсыз сида бұтақтар тарам-тарам көріксіздеу көрінеді. Осы бір қыркүйек айының алтынға оранған әдемі шағын қызықтаған студенттер өзіміздің күнілгері белгіленген аудиториямызға жайғастық. Көп ұзамай қара торы, мұрынды, ұзын бойлы ағай салмақты жүріп, сабырлы ойлы көзін бізге қадап, кіріп келді. Біз дүрліге тұрып қарсы алдық. Ол кісі отырыңдар дегендей сәл ғана иегін қақты, бізде үн жоқ.

- Ал танысып қоялық,  - деді де: - Менің атым - Нығмет, фамилиям - Ғабдуллин. Нығмет ағай бәрімізді жеке-жеке тұрғызып аты-жөнімізді, қандай мектепті бітіргенімізді сұрады. Өздерінің мектеп оқушысы емес, жоғары оқу орнында окитынын білдіріп, студенттер аспай-саспай кезегімен баяндап жатты.

Осы күннен бастап Нығмет ағайдың сабағы үзбей жүріп тұрды. Ол кісі институт газетінің кейбір мәселелеріне де аратұра араласып жүреді. Біз мектепте жүргенде Алматы облысы, Жамбыл аудандық «Екпінді еңбек» газетіне бірнеше өлеңіміз жарық көріп, «жас ақын» атанып қалғанбыз. Осы себепті өзіміздің оқу орнының басылымында туындымыз сирек те болса басылып тұрды. Сабақ үстінде ағам маған жақындап келіп: «Сенің қаламыңның желі бар көрінеді, маған бірекі өлеңіңді бересің бе?» - деді. Өлең көп, қайсысын берудң табан астында білмей, тосылып, «Ақ түсті бабам сүйіпті», «Октябрь», және бірнеше «жырларымды» көрсеттім. Ол кісі үн-түнсіз алды да пакасына салды. Арада бір апта өтті ме, өтпеді ме, «Октябрь» атты өлеңім сол қалпында мұрты бұзылмай, «Мен үшін» деген атпен «Қазақ әдебиеті» газетінде жарқ ете қалды. Тағы бірнеше күн өткенде «Ақ түсті бабам сүйіпті» атты өлеңім аталған газетте басылды, оны көппен бірге оқуды лайық көрдік:

Ақ көңіл бабам аңқылдап,

Досын да, атын мақтаған.

Ақ сойыл қолда жарқылдап,

Төгілтіп айтқан аппақ ән.

Ақ қалпақ киген басына,

Ақпенен қиған некесін.

Шығып ап ақ тау басына

Ақмарал қуып кететін.

Жабулап атын ақпенен,

Күмістен тақты үзеңгі.

Қатерлі жауға тап келген,

Ақ садағын кезенді.

Той, думан, тартыс, жиында,

От болып қара көздері.

Терең де ойшыл, құйылма,

Ақсақалға сөз берді.

Бейтаныс қонақ келді ме,

Ақ сырмақ төрге жайылды.

Біреуді жерге берді ме,

Ақ киім жаңа дайын тұр.

Таусылмас шексіз, терең де,

Ақ мұхит бабам өлеңі.

Осынау аппақ әлемде

Еншісі бітпей келеді...

Біз ешнәрсе білмейміз, ол кезде Нығмет ағай аты дүрілдеген «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы екен. Халқымыз «ұлық болсаң кішік бол» деп осындай парасатты жандардың іс-әрекетіне қарап айтқан ғой.

Арада көп жыл өткен соң КазПИ-дің әдебиет кафедрасында «Әбділдә Тәжібаевтың лирикасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертациям талқыланды. Бұл кафедраны ол кезде академик Серік Қирабаев басқарады. Сағат онда басталған талқылау тіпті ұзап кетті, сәл кешігіп келген Нығмет ағай: «оқып шықтым, бас-аяғы жинақы жазылған, лирика дегеніміз не, лирик ақын деген кім сияқты күрделі сұраққа ізденіп жауап бергені ұнады. Ал кемшілігіне келер болсақ, оны әр нәрсені сылтау етіп айта беруге болады, ұсақ-түйек жетіспеушілігі толып жатыр, оны жөндейді, әрине. Меніңше жұмыс бар, қорғауға жіберілсін»,деді. Көптен үндемей тыңдап отырған Серік ағай: «Нықан дұрыс айтады, мен де қарап шықтым, қорғауға жіберілсін», - деп ұсыныс жасады.

...

Скачать:   txt (8.9 Kb)   pdf (71.7 Kb)   docx (12.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club