Г.Клапроттың
Автор: shugyla.hamzina • Ноябрь 7, 2022 • Практическая работа • 5,071 Слов (21 Страниц) • 430 Просмотры
Қазақ тілі туралы француз тілінде жазылған зерттеулердің ішіндегі шоқтығы биік, ең сүбелісі - Г.Клапроттың еңбектері. Ол – ең алғаш қазақ тілі жайлы арнайы мақала жазып, французша-қазақша сөздік құрастырған ғалым. Оның қазақ тілін зерттеудегі және тұңғыш сөздік жасаудағы еңбегі зор. Диссертацияда Г.Клапроттың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет берілген.
Г.Ю.Клапроттың өмірі мен ғылыми шығармашылығы жайлы толық мәлімет С.Ландресстің Париж кітапханасында сақтаулы 30 беттік мақаласынан /2/, ал қосымша деректер А.Кононовтың, М.Малбақовтың, М.Маданованың еңбектерінен алынды /3/.
Г.Ю.Клапрот Берлиндегі атақты ғалым Мартин Клапроттың семьясында дүниеге келген. Галле қаласындағы университетте оқып жоғары білім алған /1801-1809/.
г.Клапрот қатысқан біраз экспедицияларының ішінен Қазақстанмен байланысты екі сапарнаманы атап өтуге болады
(1805 жылғы Қытай жөне 1825 жылғы Орта Азия экспедициялары). Г.Клапрот алғашқы сапарында материалдарды Зайсан өңірі қазақтарының тілінен, ал екінші сапарында Арал, Шымкент, Түркістан өңірлерінен және Өзбекстандағы Бұхара, Қоқан, Хиуа қазақтарының тілінен жазып алғанын айтады. Осы аталған экспедицияларда жиған материалдарды Г.Клапрот еңбектеріне негіз етіп алған.
Кейбір зерттеушілер Г.Клапроттың үш томдық еңбегінен бейхабар болғандықтан, оның мақаласы мен французша-қазақша сөздігі ең алғаш 1825 жылы журналда басылған деп есептеген. Дұрысында, бұл мақала автордың 1824 жылы Азия туралы жазған үш томдық еңбегінде басылған /4/.
1825 жылы “Қоқанға саяхат”атты мақаласында Г.Кларот Петропавл арқылы қазақ жерінде болғаны, қазақтардың мекендейтін жерінің аумағы, ұлттық тағамы, көшпенділік өмірі, үш ордаға бөлінетіні, діні, қару-жарағы, қазақтың үйлену дәстүрі, киіз үй жабдықтары, аңшылық шеберлігі, құн төлеу, бәйге жарысы туралы мәлімет береді.
Қазақстан ғалымдары Г.Клапроттың француз тілінде жазылған еңбегіне 1980-жылдары ғана көңіл бөле бастады (М.Томанов, М.Малбақов).
Г.Ю.Клапрот еңбегінің алғашқы бөлімі қазақ халқы, оның тілі жайлы жалпы шолу түрінде жазылған. Жазылу себебі – белгілі моңғолтанушы, әрі тибетолог Я.И.Шмидтің 1779-1847/ қазақтарды монғол тілдес деп есептеуі және ол пікірді француз ориенталисі Сильвестр де Сасидің қолдауы. Мақаланың екінші бөлімі таза тілдік материалды сипаттауға арналған. Онда французша-қазақша сөздік беріледі. Қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық ерекшеліктерін, басқа түркі халықтары тілдерімен туыстығын сөз етеді. Түрік, татар, монғол тілдері, жалпы он беске таяу түркі тілінің элементтері өзара салыстырылады.
Г.Клапрот қазақ тілін таза түркі тілі деп есептеген /4, 324/. Автор қазақ тілінің түркі тілі тобындағы тіл екендігіне күмәнданушы Я.Шмидтің “Қазақтар - монғол сөздері басым тілде сөйлейтін халық” [4, 324-325/ деген пікіріне қосылмайтынын, оның ақиқатқа жанаспайтынын айтады. Я.Шмидт қазақ пен монгол тілдеріне ортақ сөздерді қазақ тіліне монғол тілінен енген сөздер деп есептейді. Ал Г.Клапрот ортақ сөздердің орын алуы “қазақтар монғолдардан алған деген тұжырымға дәлел бола алмайды”,- деп жазады /4, 331/. Г.Клапроттың бұл сөзін, кейінгі еңбектер растап отыр. Ол Ш.Уәлихановтың ортақ сөздерді атау үшін қолданған
“обще-тюрко-монгольские слова” деген терминімен сәйкеседі /5, 36/.
Г.Клапроттың жоғарыда аталған еңбектері қазақ тілін ғылыми тұрғыдан зерттеудің басы болды деп айтуға болады.
Шетел түркологтары бұрын қазақ тілі жөніндегі зерттеулерін мақала көлемінде ғана жазып келсе, кейінгі он жылда кітап, кітапша күйінде жариялай бастады. Ондай еңбектердің бірі 1983 жылы Парижде француз түркологы Д.Инджужиан құрастырған 20.000 сөзді қамтитын қазақша-французша сөздік 16. Сөздіктің алдында “Қазақ тілінің грамматикалық этюді” атты 30 беттік очерк берілген /7/. Ал Л.Қыдырбаева құрастырған французша-қазақша сөздік 25 000 сөзді қамтиды /8/.
...