Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бәйгеторы

Автор:   •  Декабрь 10, 2018  •  Анализ книги  •  725 Слов (3 Страниц)  •  1,099 Просмотры

Страница 1 из 3

Бәйгеторы бұның бәрі де өтпелі екенін түсінді. «Бәйге жолы сират көпірден өткен сыңар аяқ сын жолы екен: онда қатар келер, қосар жүрер басы артық соқпақ атымен жоқ боп шықты. Бәйгені қызықтап, қыз-қызға құмартатын жұрттың тек топ жарған дараға ғана жаны қалмай, былайғыны қанша асыл болсаң да көзге ілмейтінін де сол жолы бір жолата біліп кетті; бұрын ду көргінде тықыршып тұра алмайтын, ағын судай асып-таратын көңілі енді жиын көрсе жан шыдатпай шамырқанатын мәңгілік шор жара түйіп кетті». Шығарманың айтар негізгі түйіні де осында жатса керек.Басына бақ қонып тұрған кезде Сейіске де сенбей,жем дорбасын өзі толтырып, өзі әкеліп іліп жүргін тапал сары ақыры мұны сабап, көзін шығарады. Мұның орнына басқа тың жылқы тауып, жарысқа қосуға дайындауға Сейіске әкеліп берген тапал сарыға енді Бәйгеторының керегі де жоқ еді. Кезекті жарыстардың бірінде сәтсіздікке ұшыраған жануар тағдырдың, өзін сатып кеткен адамдардың арасындағы әділетсіздікке көзі жетеді.

Шығарманың соңында ол өзін алғаш баптаған Сей-

істің үйіне келеді, оның аялы алақанының жылуын тағы

да бір рет сезінеді. Бірақ Сейіс мұның жанында көп кідір-

мей, жағынан еркелете қағады да, өзінің орнын басқан

ала дөненге кетеді. Осы тұста күн мен түннің алма-кезек

ауысып отыратыны тәрізді, жақсылықтың да бір күнде

құмға сіңген дей жоқ болып кетіп, жаманшылықтың да

ауыз жиғанша аяқ астынан болатындығын ойлайсың.

Бір кезде шаршы топтан суырылып шығып, бәйгенің

алдын бермейтін Бәйгеторының ең соңғы бейшара халі

аянышты суреттеледі.

«Көк ала дөнен суреттей. Мүсінді жылқы екен. Ой-

нақы денесін ұйыған қатықтай дірілдетіп, аяғын да сұлу

алады. Ауылдан былай шыға аяңға басты. Бұл қылт-

қылт жүрісті сұлу көк дөненнің соңынан сүйсіне де,

мүсіркей де қарап біраз тұрды».

Әрине, оның сүйсінуімен қатар мүсіркей қарауында

да бір сыр бар. Өзінің басынан өткен жай қайталана ма

деп ойлайды. Бір күні сен де мендей боларсың, сенің

де

күш-қуатың кеткенде, сенің де орныңды сенен мықты

біреу басар деп, өз өмірін есіне түсіргендей. Өмір-

де үнемі алда бірінші болып жүре беру мүмкін емес.

«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ». Бәйгеторы

да қашанғы бәйгеден алдыңғы болып келе берсін. Тұяғы

бір рет сүрініп еді, бұрынғы атақ-абырой көзден бұлбұл

ұшты. Бәрі теріс айналып кетті.

Сыншы С. Әшімбаев: «Шығарманың философиялық түйіні «Бәйгеторы бәйгеден бір жолы қалғаны мен алда тағы да суырылып шығар еді, бірақ оны адамдар өздері қалдырып кетіп отыр» дегенге келіп саятындығын айта- да. Сол арқылы өмірдегі әділетсіздікті көрсеткісі келеді, - дейді [2. 405]. Жазушы кезінде барлық қуаныш иесі болып, ма- дақтауға ие болған, сосын адамдарға керексіз болып қалған жылқының тағдыры арқылы сүйіспеншілік, адамгершілік мәселесін сөз етеді. Адамдардың жану- арлар әлеміне, табиғатқа сүйіспеншілікпен қараған қа- рым-қатынасы ғана адамгершіліктің белгілерін көрсе- теді. Жазушының осы ойы шығармадан анық көрінген. Кейіпкерінің тағдырын көрсетіп, оның жан дүниесіндегі сезім иірімдерін шынайы суреттеу арқылы оқырманға өзінің ұстанымын білдіреді. Яғни, Бәйгеторы арқылы с3 көзқарасын жеткізіп отыр. Автор сезімі шығармада белгілі бір құбылысқа қа- тысы тұрғысынан көрінетіні даусыз. Жазушы ұстаны- Мы сақталып, тек көріну ерекшелігі әр түрлі болады. Шығармада автордың мінезі де көрініп отырады. Мұнда бір-біріне мүлде ұқсамайтын бейнелер болғанымен, осы- лардың бәрінің де бір көзқараспен, яғниғ автор көзімен қарайтын лирикалық кейіпкер болады. Жазушының жеке көзқарасы мен сезімінің нәтижесінде лирикалық кейіпкер туады. Бұл шығармада Бәйгеторы осындай кейіпкер қызметін атқарып тұр десек қателеспейміз. Жалпы бұл тақырыпта жазған жазушылардың алға қояр мақсаты - адам тағдырын көрсету. Олар ит, құс, ЖЫЛҚЫ СИЯҚТЫ әр алуан хайуанаттар түйсігін, сезіміні н, көзқарасын талдағанда, солардың мінезінде, тұр- мыс-тіршілігінде адамдар тағдырын елестетуді көздейді. Сол арқылы оқырманға ой тастап, толғандырады. Сол ортаның әлеуметтік жағдайымен солар арқылы таны- стырады. Мұндай шығармалар адамға тән мінез-құлық, іс-әрекеттерді жанамалап, астарлап көрсете білуімен құнды. Өмірдегі әр адамның тағдырының бірін-бірі қай- таламастай жолы бар. Егер сол жолда сәл кедергіден тайып кетсе, бастапқы жолына қайта түсе алмауы мүм- кейін. Адам өміріндегі небір шырғалаң тағдырлар осы бір ғана сүрінуден басталатын сияқты. Бәйгеторы тағды- рын оқығанда осындай ой келеді. Жазушы бұл арқылы адамдардың өзімшілдігін әшкерелеп, адамгершілікке шақырады. Осы тұста орыс жазушысы П.Глинкиннің белгілі қы- қырғыз жазушысы Ш. Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары» повесін талдай келіп: «Көркем сөз шеберлерінің жану- арлар әлеміндегі адамның жақын достарының бейнесіне ден қоюын кездейсоқтық деп есептеуге болмайды. Бұл суреткерлердің хайуанаттарға қарым-қатынасындағы ортақ бір ерекшелік - қазіргі адамдар бойындағы кейбір маңызды құбылыстарды ашып көрсетудегі жазушы кон- цепциясының жануарлар образымен байланыстылығын деген түйінін құптауға болады [4. 87]. Сондықтан да өмір, адамдар мінезі, тағдыр соқпағы туралы тіл мен тіс- келей емес, ән мен, ыммен астарлап білдіріп отыру үл- кен шеберлікті талап етеді. Бұл үлкен ізденістің жемісі екені сөзсіз. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы: Мек- теп, 1960. 243 б. 2. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. Сын мақа- лалар. Алматы: Жазушы, 1993. 624 6. 3. Глинкин П. Ч. Айтматов. Ленинград: Просвеще- ния, 1968. 87 6. 4. Кекілбаев Ә. Бір уыс топырақ. Роман және пове- стер. Алматы: Жазушы, 1977. 296 6.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (133.1 Kb)   docx (12.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club