Бисмиллə
Автор: Morzhik005 • Март 7, 2025 • Реферат • 20,338 Слов (82 Страниц) • 112 Просмотры
“Бисмиллə” деп баян еттім хикмет айтып “Бисмиллə” деп баян еттім хикмет айтып, Шəкірттерге дүр мен гəуһар шаштым, міне. Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып, Мен “Дəптер сəни” сөзін аштым, міне. Сөзді айттым кімдерге де етсе талап, Ашық сөйлеп жақын жанды жанға балап. Ғаріп, пақыр, жетімдердің басын сипап, Діні қатты халайықтан қаштым, міне. Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғыл, Көре қалсаң мүсəпірді сырлас болғыл. Махшар күні тəңірге жақын болғыл, Менменсінген халайықтан қаштым, міне. Ғаріп, пақыр, жетімдерді Расул білді, Сол кеште Миғраж шығып, дидар көрді. Қайтып түсіп, ғаріп, пақыр халін білді, Ғаріптердің жайын ұғып келдім, міне. Үмбет болсаң, ғаріптерге жақын болғыл, Аят, хадис айтқандарға құлақ салғыл. Ырзық берсе, тағдырға қанағат қылғыл, Қанағат етіп сауық шарабын іштім, міне. Мəдинаға Расул барып, болды ғаріп, Ғаріптікте азап тартып, сүйді жанып. Жапа тартып, жаратқанға келгені анық, Ғаріп болып ауыр жолды бастым, міне. Ақылға ерсең ғаріптерді мейіріммен сүй, Мұстафадай елді кезіп, жетімді жи, Дүниеқоңыз, пасықтардан бойыңды тый, Бойым тыйып дариядай тастым, міне. Ғашық есігін мəулəм ашты, маған сыйлы, Топырақ қылып əзір бол деп мойнымды иді. Қара нөсер қарғыс оғы келіп тиді, Найза алып, жүрек, баурым сұқтым, міне. Ділім қатты, тілім ащы, өзім залым, Құран оқып бойұсынбас жалған ғалым. Жаным құрбан, аямаймын жоқ-дүр малым, Хақтан қорқып отқа түспей күйдім, міне. Алпыс үшке жасым жетті, өттім ғапыл, Хақ əмірін бекем тұтпай болдым жаһил. Ораза, намаза қаза қылып болдым кəпір, Иман іздеп жақсыларға жеттім, міне. Уа, дариға, махаббат шарабының дəмін татпай, Қатын-бала, үй-мүліктен түгел қашпай. Қылмыс, күнə айыбын мұнда шашпай, 11 Шайтанға еріп, жан берерде састым, міне. Иманыма қол ұрып, қайғы салды, Пірмұған əзір бол деп апиын алды. Шайтандығым бар күнəсімен кете барды, «Бихамдиллə» нұрлы иман аштым, міне. Пірмұған қызметінде зыр жүгірдім, Жұмыс қылып, көзімді ілмей əзір тұрдым. Медет қылды: əзəзілді қуалап ұрдым, Одан кейін қанат қағып ұштым, міне. Пақыр мен жетім болсын шат-шадыман, Мойныңда болсын тұзақ, ғазиз жаның болсын құрбан. Туыс тапсаң, жан-тəніңмен қылғыл мейман, Хақтан естіп бұл сөздерді айттым, міне. Ғаріп, пақыр, жетімдерді əркім сұрар, Разы болар ол пендеден паруардигар. Ей, бейхабар, сені ол себепсіз-ақ өзі асырар, Хақ Мұстафа уағызымен айттым, міне. Жеті жаста Арыстан бабқа қылдым салам, Мұстафаның аманатын бер деп маған. Сол мезетте мың бір зікір еттім тамам, Нəпсім тыйып, Аллаға бет бұрдым, міне. Құрма беріп, басым сипап, назар салды, Бір сəтте о дүниеге сапар салды. Қоштасып бұл əлеммен кете барды, Мектеп көріп, қайнап толып тастым, міне. «Инна фатахнаны» оқып мағына білдім, Нұрын төкті: естен танып, дидар көрдім. Молдам ұрып, − тыныш, − деді, көз жазбадым, Басым қатып, мең-зең болып тұрдым, міне. «Ей, надан, мағына осы» деп айтты, білдім, Одан кейін шөлдер кезіп қияқ жедім. Қуат берді, əзəзілді ұстап міндім, Салмақ салып, белін басып, жаныштым, міне. Зікір салып, мүсəпір-дуана болдым, Хақтан өзге бір сөз де сөйлемес болдым. От іздеген көбелектей шəкірт болдым, Шоқ болып, күйіп-жанып ұштым, міне. Жалған атақтан арылып, сəби болдым, Алла атын айта-айта ғашық болдым. Аллаға бар жаныммен адал болдым, «Фана фи Алла» мақамына салдым, міне. Сүннет емес, кəпірге де берсе азар, Көңілі қатты, діл азардан құдай безер. Ондай құлға Алланың азабы даяр, Даналардан бұл сөзді естіп айттым, міне. 12 Сүннеттерін бекем ұстап үмбет болдым, Жер астына жалғыз кіріп нұрға толдым. Сопылардың мақамына жақын болдым, Нəпсіні көңіл найзасымен шаныштым міне. Нəпсім мені жолдан бұрып қор етеді, Телміртіп халайыққа зар етеді. Зікір салдырмай, шайтанға «жар» етеді, Дайынмын деп нəпсі басын жаныштым міне. Құл Қожа Ахмет, надандықпен өмірің өтті, Қасіретпен тізе, көзден қуат кетті. Қайғы менен өкініштің уақыты өтті, Амалым жоқ, керуен болып көштім міне. Иə, достар, құлағың сал осы кепке Иə, достар, құлағың сал осы кепке, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Миғражда Хақ Мұстафа рухымды көрді, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Хақ Мұстафа Жебірейілге қылды сауал − «Бұл неткен рух тəнге кірмей тапқан жамал? Көзі жас, халыққа бас, жаны адал», − Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Жебірейіл айтты: − «Үмбет ісі сізге бір Хақ, Көкке шығып періштеден алар сабақ. Жылаушыға сыйға берер жеті табақ», Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. «Перзентім» деп Хақ Мұстафа қылды кəлəм, Одан соңыра барша аруақ берді сəлəм. Рахметіне дария толып жетті хабар, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Рахымменен пида болды, хабар жетті, Зікір айт деді, жан дүнием балқып кетті. «Перзентім» деп Хақ Мұстафа үлес берді, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Төрт жүз жылдан кейін шығып үмбет болғай, Неше жылдар жүріп халыққа жол көргізгей. Он төрт мың мүжтаһиттер қызмет қылғай, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Тоғыз ай, тоғыз күнде жерге түстім, Тоғыз сағат тұра алмадым, көкке ұштым. Ғаршы-күрсі баспалдағын барып құштым, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Ғарыш үстінде намаз оқып тізем бүктім, 13 Разы болып, Хаққа қарап жасым төктім. Жалған ғашық сопы көрдім, оны сөктім, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Жаннан кешпей “һу-һу” деген бəрі жалған, Жалтақтардан сөз сұрама жолда қалған. Хақты тапқан: өзі бостан, сөзі шаттан, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Бір жасымда аруақ маған үлес берді, Екі жаста пайғамбарлар келіп көрді. Үш жасымда шілтен келіп хəлім білді, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Төрт жасымда Хақ Мұстафа берді құрма, Жол көрсеттім, адасқанды салдым жолға. Қайда барсам Қызыр бабам бірге, жолда, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Бес жасымда шариғатқа белім будым, Дін жолында ораза ұстап əдет қылдым. Күндіз-түні зікір айтып тəубе қылдым, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Алты жаста тұра қаштым халайықтан, Көкке шығып дəріс алдым мəлəйіктан. Киім киіп ынтық болдым шын көңілден, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Жеті жаста Арыстан бабам іздеп тапты, Əр сырымды көрген сайын бүркеп жапты. «Бихамди лил-лəһи, көрдім» деп ізімді өпті, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Əзірейіл кеп Арыстан бабам жанын алды, Хорлар келіп торғын тоннан кебін қылды. Жетпіс мың періштелер жиылып келді, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Жаназасын оқып, жерден алып көтерді, Бір мезетте ұжмақ ішіне жеткерді. Рухын алып аспанға ұшып жөнелді, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Алла-алла деп жер астынан мекен қылды, Мүңкір-Нəнкүр: «Раббың кім?» деп сұрақ қылды Арыстан бабам ислам дінін баян қылды, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Ақылың болса жарандарға қызмет қылғыл, Əмір мағруф тұтқандарға ізет қылғыл. Нəһи мункар ұстағанға құрмет қылғыл, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Сегізімде сегіз жақтан жол ашылды, Хикмет айт деп басыма нұр шашылды. 14 “Билхамдиллаһи” Пірмұған шарап ішкізді, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Пірмұған Хақ Мұстафаға басыңды иің, Қайда барсаң сипатын айтып тағзым қылың. Жалбарынып Мұстафаға үмбет болың, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Тоғызымда толғанбадым тура жолға, Тəбəрік деп алып жүрді қолдан қолға. Қуанбадым бұл сөздерге, қаштым шөлге, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Он жасыңда ұлан болдың, Құл Қожа Ахмет, Қожалыққа мұнара қойып қылмай тағат. Қожамын деп жолда қалсаң, міне, қасірет, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Əр таңда хабар келді құлағыма Əр таңда хабар келді құлағыма, Зікір айт деді, зікірді айтып жүрдім, міне. Құдайсыздарды көріп едім жолда қалды, Сол себептен ғашық дүкенін құрдым, міне. Он бірімде рахмет дариясы толып тасты, «Алла» дедім шайтан менен жырақ қашты. Əуестік кетіп, менмендік жылжып көшті, Он екімде бұл сырларды көрдім, міне. Он үшімде құштарлықты қолға алдым, Басыма жүз мың пəле қармап салдым. Тəкаббарды жерге ұрып басып алдым, Он төртімде топырақ сипат болдым, міне. Он бесімде хор қызы мен жігіттері келді, Бас ұрып, қол қусырып, тағзым қылды. Фардаус атты жəннаттан хабар келді, Дидар үшін баршасын қойдым, міне. Он алтымда барлық аруақ үлес берді, Айхай, Сізге мүбарак деп адам келді. Перзентім деп мойным құшып көңілім тапты, Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне. Он сегізде шілтенменен шарап іштім, Зікір айтып, əзір боп көкейім тесті. Несібе берді, жəннат кіріп хорлар құштым, Хақ Мұстафа дидарын көрдім, міне. Он тоғызда жетпіс мақам айқын болды, Зікір айтып іш сарайым таза болды. Қайда барсам Қызыр бабам əзір болды, Рахым етіп шарап берді тойдым, міне. 15 Жиырмаға жасым жетті, еттім мақам, Билхамдилла қызметін қылдым тəмам. Ұшқан құс, құрт-құмырсқа етті сəлем, Сол себептен Хаққа жақын болдым, міне. Мұсылман емес хикмет айтып жыламаса, Жарандардың айтқан сөзін тыңдамаса. Аят, хадис мазмұнын аңдамаса, Кереметті ғарыш үстінде көрдім, міне. Кереметті көріп Хақпен тілдестім мен, Жүз мың түрлі періштемен жүздестім мен. Сол себептен Хақты айтып іздедім мен, Жан-тəнімді оған пида еттім, міне. Құл Қожа Ахмет, жасың жетті жиырма бірге. Не қылғайсың күнəларың таудан да ауыр. Қиямет күн азап берсе Раббым Қадыр, Ей, достарым, не деп жауап айтам, міне. Хош, ғайыптан хабар келді құлағыма Хош, ғайыптан хабар келді құлағыма, Сол себептен Хаққа сыйынып келдім, міне. Барша əулие жиылып келіп ырзық берді, Сол себептен Хаққа сыйынып келдім, міне. Мен жиырма екі жаста толысып жігіт болдым, Шипа болып, шын дертке дауа болдым, Жалған ғашық пен шын ғашыққа куə болдым, Сол себептен Хаққа сыйынып келдім, міне. Ей, достар, жасым жетті жиырма үшке, Тағатым жоқ жалған іс пен даукестікке. Қиямет күн жалаңашпын, көзім соқыр, Сол себептен Хаққа сыйынып келдім, міне. Мен жиырма төртке кірдім Хақтан жырақ, Ақыретке барар болсам, қане жарақ? Өлгенімде жиылып ұр жүз мың таяқ, Сол себептен Хаққа сыйынып келдім, міне. Жаназамның артынан тас атыңдар, Аяғымнан сүйрелеп көрге атыңдар. Хаққа құлдық қылмадың деп тепкілеңдер, Сол себептен Хаққа сыйынып келдім, міне. Жазуменен жасым жетті жиырма бес, Субхан ием, зікірменен көкейім тес. Көкірегімдегі түйіндерді сен өзің шеш, Сол себептен Хаққа сыйынып келдім, міне. Жиырма алты жасымда “сауда” қылдым, 16 Мансұр сипат дидар үшін талас қылдым. Пірсіз жүріп дерт пен шерді пайда қылдым, Сол себептен Хаққа сыйынып келдім, міне. Мен жиырма жеті жаста пірді таптым, Əр сыр көрдім, перделеп бүркеп жаптым. Астанасын жастанып ізін өптім, Сол себептен Хаққа сыйынып келдім, міне. Мен жиырма сегіз жасымда ғашық болдым, Жаннан кешіп, мехнат тартып садық болдым. Одан кейін дидарыңда лайық болдым, Сол себептен Хаққа сыйынып келдім, міне. Жиырма тоғыз жасқа кірдім, халім харап. Ғашық жолында бола алмадым мысал топырақ. Халім харап, бауыр кəуəп, көз бұлдырап, Сол себептен Хаққа сыйынып келдім, міне. Отыз жаста отқа қақтап күйдірді, Күллі əулие жиылып дүниеқорлықты қойдырды. Ұрып-сөгіп дүние қызығынан бездірді, Сол себептен Хаққа сыйынып келдім, міне. Құл Қожа Ахмет, дүние қусаң ісің бітер, Көкіректен шыққан даусың көкке жетер. Жан кетерде Хақ Мұстафа қолын берер, Сол себептен Хаққа сыйынып келдім, міне. Төтеннен тұрарымда барша əулие Төтеннен тұрарымда барша əулие, Хақ сүйіспендігін көңіліме салды, достар. Қызыр Бабам дайын тұрып мейірін төге, Медет қылып қолымды алды, достар. Отыз бірде Қызыр Бабам шарап ішірді, Көңілімнен əзəзілді Хақ қашырды. Сауда қылдым, жазығымды құдай кешірді, Содан кейін Хақ жолына салды, достар. Отыз екі жасымда жетті Хақтан пəрман, Пенделікке қабыл еттім, қылма арман. Жан кетерде бергем саған нұрлы иман, Кəріп жаным шадман болып күлді, достар. Халқымнан хабар жетті, риза болдым, Əркім сөкті яки тепті, сабыр болдым. Бұл əлемде көзімді ілмей əзір болдым, Əуестік пен менмендік кетті, достар. Отыз үште сақи болып шарап үлестім, Тостаған толы шарапты тоя іштім. Əскер түзеп шайтанмен мен ұрыстым, 17 Шүкір Алла, екі нəпсім өлді, достар. Отыз төртте ғалым болып, дана болдым, Хикмет айт деп субхан айтты, күйіп-жандым. Шілтенменен шарап ішіп дос-жар болдым, Жан дүнием Хақ нұрына толды, достар. Отыз бесте мешіт кіріп дəурен сүрдім, Шəкірттерге ғашық дүкенін шексіз құрдым. Теріс жолға əркім кірді, сөктім, ұрыстым, Ғашықтарға Хақтың нұры түсті, достар! Отыз жеті жасқа кірдім оянбадым, Ынсап қылып Алла мейірін толғамадым. Таң сəріде зар илеп еңіремедім, Тəуба қылдым қожам қабыл қылды, достар. Отыз сегіз жасқа кірдім, ғұмырым өтті, Жыламай-ақ өлер уақтым жуық жетті. Ажал келіп шектеулі уақтын тосты, Білмей қалдым, ғұмырым ақыр болды, достар. Отыз тоғыз жасқа кірдім, қылдым қасірет, Уə, дариға, өтті ғұмырым, қане тағат? Қанағатшыл Хақ қасында хош-сағадат, Қызыл жүзім тағат қылмай солды, достар. Шаш пен сақал ағарды, көңілім қара, Махшар күні рахым еткін, халім нашар. Саған аян амалсызбын, көп дүр күнəм, Бар періште жазығымды білді, достар. Пірмұған шарабынан тамшы таттым, Жол таба алмай бас айналып түндер қаттым. Бихамдилла ізгілік берді, нұрға баттым, Көңіл құсы жеті қат көкке жетті, достар. Қияметтің азабынан ақылым қайран, Көңілім қорыққан, жаным үріккен, көкірек ойран. Ділім шошып Сират атты қыл көпірден, Ақылым кетіп, естен танып қалдым, достар. Құл Қожа Ахмет, қырыққа кірдің, нəпсіңді тый, Мұнда жылап, ақыретте есіңді жи. Иман − шариғат, мəні − тариқат, Құдай деген Хақтан үлес алды, достар. Иə, иллаһи, сенің даңқыңа хикмет айттым Иə, иллаһи, сенің даңқыңа хикмет айттым, Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған. Тəуба қылып күнəмнан қорқып қайттым, Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған. 18 Қырық бірімде ықлас қылдым жол табам деп, Жарандардан əр сыр көрсем мен жабам деп. Пірдің ізін тауып мен өбейін деп, Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған. Қырық екімде шəкірт болып жолға кірдім, Ықлас қылып жалғыз Хаққа көңіл бердім. Ғарсы-күрсі лаухыдан өтіп ғалам кездім, Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған. Қырық үшімде Хақты іздеп зар еңіредім, Көз жасымды көл қылып егілемін. Шөл далада ғашық боп тентіредім, Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған. Қырық төртімде махаббаттың базарында, Жағамды ұстап жылап жүрдім гүлзарында. Мансұр сипат бас тіктім ғашық дертіне, Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған. Қырық бесімде сенен қажет тілеп келдім, Тəуба қылдым, əр іс қылдым, қате қылдым. Иə илəһім, рахметіңді ұлық білдім, Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған. Қырық алтымда зауқым асып толып тасты, Рахметіңнің нұры тамып шайтан қашты. Хақтан шабыт жолдас болып есік ашты, Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған. Қырық жетімде жеті жақтан шабыт жетті, Сақи болып жам-шарапты ием тұтты. Шайтан “өліп” нəпсі-құйын өзі кетті, Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған. Қырық сегізде ғазиз жаннан безер болдым, Күнə дерті ауру қылды, кесел болдым. Сол себептен Хақтан қорқып көз ілмедім Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған. Қырық тоғызда ғашық болып күйіп-жандым, Мəжнүндей туған-туыстан қашып тындым. Түрлі-түрлі жапа көрдім, мойынсұндым, Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған. Елуімде ермін дедім, дəрменсіздік, Қан төкпедім көзімнен баурымды езіп. Нəпсім үшін жүрер едім иттей кезіп, Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған. Құл Қожа Ахмет, ер болмасаң, өлген жақсы, Қызыл жүзің қара жерде солған жақсы. Топырақ сипат жер астында болған жақсы, Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған. 19 «Құл һуа Аллаһу Субхан Аллаһу» құлшылық қылдым «Құл һуа Аллаһу Субхан Аллаһу» құлшылық қылдым, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Бастан-ақ қасіретіңде күйіп-жандым, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Елу бірде шөлдер кезіп тамыр сордым, Тауға шығып, тағат қылып, көзім талды. Дидарыңды көре алмадым, жаннан тойдым, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Елу екі жаста кештім мүлік-малдан, Мал-мүлкім не тұрады бір жанымнан. Бастан кештім, жаннан кештім һəм иманнан, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Елу үште сол шарапты несіп қылды, Жолдан тайған адам едім, жолға салды. “Алла” дедім, “Лəббай” деп қолымды алды, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Елу төртте жан дүнием зар жылады, Ғылым-білім майданында бас айналды. Исмаилдай əзіз жаным құрбан болды, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Елу бесте дидар үшін тіленші болдым, Күйіп-жанып, күлдей ұшып ғайып болдым. “Бихамдилла “ дидар аңсап ада болдым, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Елу алты жасқа кірді мұңлық басым, Тоба қылдым, ағар ма екен көзден жасым. Жарандардан лəззат алмай көңілім қалды, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Елу жеті жаста ғұмырым желдей есті, Ей, достар, амалсызбын басым қатты. Билхамдилла Пірмұған қолын берді, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Елу сегіз жасқа кірдім бейхабармын, Өзің біліп нəпсімді тый, қаһарлы ием, Қанағат берсең сұм нəпсімді ұрып-тебем, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Елу тоғыз жасқа кіріп қылып ем дат, Жан берерде сүйіктімді қылмадым жат. Қай бетіммен қыл деп айтам саған азат, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Көзім жұмып ашқанша жетті алпыс, Белді буып қылмадым бір жақсы іс. 20 Ертелі-кеш бейғам жүрдім жаз жəне қыс, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Алпыс бірде шермендемін иллаһымнан, Иə, достар, көп қорқамын күнəлардан. Жаннан кешіп, пана тілеп құдайымнан, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Алпыс екі жаста Алла мені жерге тартты, Бастан-аяқ надандықтан азат етті. Жан мен ділім, ақыл-есім Алла деді, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Алпыс үште хабар келді: құлым, жерге кір деген, Жаныңменен, жананыңмен шыбын жанды бер деген. Көңіл семсерін қолға алып нəпсіні қыр деген, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Құл Қожа Ахмет, нəпсіні тептім, нəпсіні тептім, Одан кейін сүйгенімді іздеп таптым. Өлмес бұрын жан бермектің дертін тарттым, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?! Таңсəріде дүйсенбі күн жерге кірдім Таңсəріде дүйсенбі күн жерге кірдім, Мұстафаға қайғы тұтып кірдім, міне. Алпыс үште сүннет деді естіп білдім, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Жер үстінде жарандарым қайғы тұтты, Барша əлем сұлтаным деп зар жылады. Хақты сүйген шын сопылар қандар жұтты, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Бақыл айтып жер астына қадам қойдым, Жарық дүниені талақ етіп, Хақты сүйдім. Зікір айтып, жалғыз өліп, жалғыз күйдім, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. “Таһа” оқып көз ілмедім түні бойы, Кеште намаз, ораза ұстап күні бойы. Осы халмен жер астында өне бойы, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Алпыс түн, алпыс күнде бір-бір тағам, Таң атқанша намаз оқып бердім сəлем. Алпыс үште болды ғұмырым ақыры тəмам, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Хақ Мұстафа рухы келіп имам болды, Бар періште жер астында ғұлам болды. Көп жыладым, Хақ Мұстафа ризық берді, 21 Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Миғраж түні нұр дедім, перзент деді, Қолымды алып үмбетімсің, үмбет деді. Сүннет жолын берік ұста, сүйіктім деді, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Қияметте жолдан тайсаң, жолға салам, Мұхаммед деп жолдас болсаң, қолыңды алам. Перзентім деп қолыңды ұстап жаннат кірем, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Əй, жарандар, бұ сөзді естіп көңілім артты, Үмбет деді жан дүнием нұрға батты. Нұрын шашып дидарын Хақ көрсетті, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Дидар көріп, рухым ұшып ғарышқа қонды, Мұсаға ұқсап көкірегім күйіп жанды. Мəжнүндей туыс-туғаннан қашып танды, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Жер астында қорлық көрдім көп машақат, Төсек, жастық тастан қылдым, шектім мехнат. Əй, жарандар, бұл дүниеде жоқ дүр рахат, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Машақат тартпайынша пайғамбардың жүзі қайда, Қызмет қылмай бос қиял бермес пайда. Жан-тəніңді Хақ жолына етсең пида, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Жер астына кіргенімде естен тандым, Көзімді ашып Мұстафаны бірден көрдім, Ғаси, Жафи үмбеттердің халін білдім, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Ей, перзентім, менен сұрасаң, қане үмбет, Үмбет айтты: көкірегіме түсті қасірет. Үмбет үшін көп тартамын Хақтан азап, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Үмбеттерімнің күнəсін жұмада кеш, Алып келіп, ей, Мұхаммед, сен мұны шеш. Тəңірге жылап сəжде қыл əр күні кеш, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Əр жұма кеш үмбетке тəн күнəны, Алып келіп, ей, Мұхаммед, көргіл мұны. Үмбеттерің не істер екен, Ахмет, сені, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Мен періштеден ұялармын, ей, үмбетім, Жаратқан өзі білер арзаным мен қымбатым. Түн ұйықтамай тағат қылсаң артар бағың, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. 22 Жер астына кірдім, достар, бейықтияр, “Əумин” деңдер жамағат, сахабалар һəм шарияр. Үмбеттердің күнəсін кеш, пəруəрдігар, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Құл Қожа Ахмет, мен “Дəптер сəниді” айттым, Екі əлемнің қызығын “шарапқа” саттым. Өлмей тұрып жан ашуы зəрін таттым, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Ол тəңірім құдыретімен назар салды Ол тəңірім құдыретімен назар салды, Шаттықпенен жер астына кірдім, міне. Ғаріп пендең бұ дүниеден сапар шекті, Құлшылықпен жер астына кірдім, міне. Зікір айтып, риза болып Хақты таптым, Дүние қызығын талақ етіп жаншып тептім. Естен танып, рəсуə болып, жаннан бездім, Бəрінен безіп жер астына кірдім, міне. Сұмдығымнан тау менен тас сөкті мені, Өткір тілмен зекіп айтты: ісің қане. Ғашық болсаң əуел барып Хақты таны, Дəнекер боп жер астына кірдім, міне. Сізді, бізді Хақ жаратты тағат үшін, Бұл бір ғажап: ішпек-жемек рахат үшін. “Қалу бəлə” деді рухым мехнат үшін, Қара бет боп жер астына кірдім, міне. Нəпсі мені көп жүгіртті Хаққа бақпай, Күндіз-түні бейғам жүрдім жасым ақпай. Нəпсім мен менмендікті отқа жақпай, Қайғы жұтып жер астына кірдім, міне. Құлды көрсем қызмет қылып құлы болсам, Топырақ сипат жол үстінде жолы болсам. Ғашықтардың күйіп өшкен күлі болсам, Серік болып жер астына кірдім, міне. Жаннан кешіп мехнат тарттым, пендем деді, Қан жұтып Алла дедім, рахым етті. Дозақ ішінде қалмасын деп қамым жеді, Шаттықпенен жер астына кірдім, міне. Жасым алпыс үшке жетті, ойым тұнық, Уа, дариға, Хақты таппай көңілім сынық. Жер үстінде сұлтанмын деп болдым ұлық, Ризалықпен жер астына кірдім, міне. Шайыхпын деп уағыз айтып жолда қалдым, 23 Сəлдемді соқыр тиынға сатып келдім. Нəпсім мені алдап кетті, жолда қалдым, Алаңсыз жер астына кірдім, міне. Басым топырақ, өзім топырақ, тəнім топырақ, Хақ пайғамбарға жетемін деп рухым аңсап. Күйдім-жандым бола алмадым əр кез шапақ, Терлеп-тепшіп жер астына кірдім, міне. Пірмұған ықлас етті, шарап іштім, Шəбліге ұқсап зікір айтып жаннан кештім. Масаң болып ел-жұрттан танып қаштым, Зəмзəм болып жер астына кірдім, міне. Құл Қожа Ахмет, ақылшы болсаң өзіңе бол, Ғашық болсаң, жаннан кешіп біржола өл. Надандарға айтқан сөзің қабыл болмас, Белді буып жер астына кірдім, міне. Білгейсің бұ дүние барша елден өтер Білгейсің бұ дүние барша елден өтер, Малға да сенбе, бір күні қолдан кетер. Ата-ана, қарындас қайда кетті ойлап көр, Төрт аяқты шабан ат бір күн саған жетер. Дүние үшін қам жеме, Хақтан өзгені деме, Сират көпірі тұрар, кісі малын жеме. Ел-жұрт, туыс ешқайсысы болмас жолдас, Мəрт болғайсың: ғұмырың желдей өтер, ғəріп бас. Құл Қожа Ахмет, тағат қыл, білмейсің өмірің неше жыл, Асыл тегің су менен күл, тағы айналып боларсың күл. Иə, достар, пəк махаббатты мақсат еттім Иə, достар, пəк махаббатты мақсат еттім, Бұл дүниені дұшпан тұтып жүрдім, міне. Жағамды ұстап хазіретке сыйынып келдім, Ғашық жолында Мəнсұр сипат болдым, міне. Ғашық жолында ғашық болып Мəнсұр өтті, Белін буып, Хақ сүймекті бекем тұтты. Жəбір-жапа, қорлауды көп есітті, Ей, мұсылман, мен де Мəнсұр болдым, міне. Ғашық Мəнсұр “Əнə-л-Хақты” зарлап айтты, Жебірейіл келіп “Əнə-л-Хақты” бірге айтты. Жебірейіл келіп басыңды бер деп айтты, Дарға асылып Хақ дидарын көрдім, міне. 24 Мəнсұр келгенше дар иіліп өзі алды, Көңіл көзі ашықтар қайран қалды. Алланың нұры шашылып назар салды, Ашылды деп дидарын көрдім, міне. Хабар келді: осы дарда көп қинама деп, Мықты бол, қайғыланба өзіңді жеп. Сыртқа айтты: əмірім сақтап тимеңдер деп, Лауһіл махфұз тақтасында көрдім, міне. Үш жүз молда жиылып айтты көп риуаят, Шариғат-дүр мен де бітірсем бір риуаят. Алла жолы ақиқатта жар болсын Хақ, Басым беріп Хақ сырын білдім, міне. “Əнə-л-Хақтың” мағынасын білмес надан, Дана керек бұл жолдарға пəк, мардан. Ақылды құлдар Хақ жолын жадына алған, Жаннан кешіп жаратқанды сүйдім, міне. Ишарат еттім: дана болса мағына алсын, Сөз өнерін өрнектедім, нышан қалсын. Дүрі гауһар сөздерімді есіне алсын, Халімді айтып ғашықтарға бердім, міне. Ессіз Мəнсұр қорлықпенен болды ада, Бір сөзбенен жарандардан болды жүдə. Халін, ділін ешкім білмес тəңірім куə, Қан жұтып мен де куə болдым, міне. Мансұр шаһтың өмірі міндет емес, Жолды тапқан біз секілді алжас емес. Азғындарға бұ сөздер керек емес, Ə, құдай, жадыма тұтып алдым, міне. Бір күн сахар ғаріп Мəнсұр көп еңірепті, Нұрын шашып Алла өзі рахым етті. Одан кейін шілтен көріп шарап берді, Даналарға осы сөзді айттым, міне. Надандарға иесіз сөзім жеңіл хикмат, Адаммын деп белін байлар қане қымбат. Дүние үшін бір-біріне қылмас шафхат, Залымдарға тұтқын болып өлдім, міне. Залымдарда ар-ұят жоқ, бізде күнə, Дəруіштің жаны өлік, өшпес дұға. Сол себептен патша қылар бізге жапа, Аят, хадис мағынасын айттым, міне. Залым егер жəбір қылса Алла дегіл, Қолың жайып, дұға оқып мойынсұнғыл. Құдай тілек бермесе сабыр қылғыл, Хақтан естіп бұл сөздерді айттым, міне. 25 Залым егер зұлымдық етсе маған жыла, Жасың төгіп, маған сыйынып белің байла. Арам, шүбəні тəрк қылып досты талға, Залымдарға жүз мың бəле бердім, міне. Залымдардың арғы түбін мен жаратқан, Жаратқанды назарға ілмей сен ұмытқан. Менен кешіп залымдардың қолын тұтқан, Залымдардың жолын ашып бердім, міне. Саған жаза: жаратқанға жалбармадың, Алланы айтып түнде тұрып еңіремедің. Хақиқаттан сөз сөйледім, естімедің, Залымдардың қолын ұзын қылдым, міне. Ей, бейхабар, Хаққа көңіл жүгіртпедің, Дүние харам, одан көңіл суытпадың. Нəпсіден безіп бір Алла үшін толғанбадың, Бұл нəпсі үшін зарлап қайран болдым, міне. Залымдарды айыптама, залым өзің, Арсыз болсаң өтпейді халыққа сөзің. Дүние малын түгел бердім, тоймас көзің, Сараңдарды қараңғыға жаптым, міне. Қызыл ерні сыбырлап айтты мұны, Жаным-тəнім, үмбеттерім, көзім гүлі. Хаққа құл, маған үмбет болған кəне, Шын үмбетті көкірегіме қойдым, міне. Құл Қожа Ахмет Хақ сөзін сөйлеп өтті, “Ғайнил-иақин” тариқатта боздап өтті. “Ғилмул-иақин” шариғатты көздеп өтті, “Хаққул-иақин” Хақиқаттан айттым, міне. Алла тағала ғашықтарды ынтықтырды Алла тағала ғашықтарды ынтықтырды, Ризалықпен өртеніп күйдім, міне. Екі ғалам көзімнен бұлбұл ұшты, Көрінбеді, жалғыз Хақты сүйдім, міне. Жаннан кешіп, жалғыз Хақты жанға қостым, Одан кейін дария болып толып, тастым. Тəңірімен сырластым, əнге бастым, Дүние қызығын жүз мың талақ еттім, міне. Хақ алдында ақылы кəміл түк қыла алмас, Ғашық өрті лапылдаса жанды қоймас. Көбелектей отқа түсіп өзін білмес, Бұл сырлармен дүниеден тойдым, міне. 26 Тариқат жолдарының азабы көп, Шын ғашық болмайынша тəуекел жоқ. Дидарыңды көре алмадым күн-түн ұйып, Көзімді ілмей дидарыңды көрдім, міне. Тариқат жолы қатты, телміріп көзім талды, Басым қатты, Пірмұған құяр балды. Пір етегін тұттым, көңілде шырақ жанды, Рəсуə болып жол кезіп жүрдім, міне. Тариқаттың жолы болар ауыр азап, Бұл жолда талай ғашық болды топырақ. Ғашық жолына кім түссе − халі хараб, Жарандардан жол мəнісін білдім, міне. Тариқаттың жолы болар азап, ұлық, Несіп қылған пендесіне болар жуық. Ұшқынына шыдай алмас жеті тамұқ, Ей, жарандар, ғазіз жаннан тойдым, міне. Хақиқаттың мəнісіне жеткен кісі, Естен танып, күйіп-жанар іші-тысы. Қан боп саулар көзінен аққан жасы, Көз жасымды көл қылып бардым, міне. Шариғат-дүр ғашықтардың əпсанасы, Білгір ғашық тариқаттың дүр данасы. Қайда барса сүйіктісі һəм туысы, Бұл сырларды ғарыш үстінде көрдім, міне. Махаббаттың бағын кезбей ғашық болмас, Қарлық-зарлық тартпайынша нəпсің өлмес. Бір тамшыға мейірі қанбай ол дүр болмас, Мейірім қанып шын гəуһарды алдым, міне. Ғашық отына күйген жанның өңі қашар, Ол дүниеге жеделдетіп мұнан көшер. Мұнда болған түйіншекті онда шешер, Расул: дүние опасыз деді, қойдым, міне. Шын ғашықтың болады жүзі сынық, Айнаға назар салса, одан тұнық. Өзі қайран, көңілі ойран, көзі жасты, Құдыретіне қайран болып қалдым, міне. Алла айтты: көп жыласаң көрерсің мені, Зар еңіресең пендем деп айтам сені. Жаннан кешіп мені ескерер ғашық кəні, Шабыт келді шын құлаққа ілдім, міне. Шын көңілден күйгендерге дидар сыйлық, Жалған ғашық жолға түссе бəрін қидық. Шын ғашықтың көзі жасты, басын иіп, Тəжім етіп жер астына кірдім, міне. 27 Хақиқат шын ғашыққа сыйлық тұрар, Махшар күні қалайсың деп халін сұрар. Қорғаушы мен шапағатшы өзі болар, Рахымыңнан үміт етіп келдім, міне. Құл Қожа Ахмет, Хақтың атын есте сақта, Хақтан қорқып тынбай жылап, түнде жатпа, Намаз оқы, ораза ұста əр ақшамда, Солай болып мұратыма жеттім, міне. Рахым Мəулім рахымымен еске алып Рахым Мəулім рахымымен еске алып, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. Тəуба қылып теріс жолдан кері қайтып, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. Өсиетін Хақ пендесіне қолға берсе, Хақ илаһи рахымымен рахмет етсе. Пірмұған басшы болып жол көрсетсе, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. Бір күні жетіп ажал уақыты жуық келсе, Саған, маған асыл Отан үкім етсе. Өлмей тұрып жан ашуы азабын тартса, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. Сырлас болған серіктерің тозып кетті, Дау-дамаймен о дүниеге озып кетті. Жарға соққан дариядай тасып кетті, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. О, құдырет, күндіз-түні қылмай тағат, Хақ расул үмбет үшін жемей нығмет. Ішпек-жемек нəсібі − қайғы-қасірет, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. Хақ расул дүние үшін қайғырмады, Үмбетім деп өзге сөзге дем ұрмады. Өмірінде ол бір сəт дем алмады, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. Уа, дариға, махшар күні жарық болса, Тəңірім өзі қазы болып назар салса. Жаман іс пен қылмыстарым əзір болса, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. Күндіз-түні тынбай жыла, Құл Қожа Ахмет, Құрмет етіп Хақ расулға болғай үмбет. Басшы болып үмбет десе хош сағадат, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. 28 Тəңірім, мені салғай өз жолыңа Тəңірім, мені салғай өз жолыңа, Дем біткенше арып-ашып жүрдім, міне. Бəле-жала толып тасып шектен асты, Қорқыныш, қауіп-қатерде қалдым, міне. Дүние боқ соңыңнан итше жорттым, Іздеп оны артынан күн-түн қудым. Əмірін тұтпай Хақ жолына көзім жұмдым, Қайда барам, иə, достар, қайтем, міне? Нəпсі шайтан тұтқын қылды адам ұлын, Түйедей ғып байлап алды екі қолын. Білмеудің несі қиын оң мен солын, Уа, дариға, қасірет шегіп барам, міне. Дүниеде жоқ мендей бір сұм мен бəле, Болмады риза құдай мен халық жəне. Енді болды ақырында жүзім қара, Уа, құдырет, неге солай болдым, міне? Құрметтеген ғазіз жанды білмедім мен, Ашық көңіл əзірсің деп тұрмадым мен. Қара жүзім құдыретіңе бұрмадым мен, Иə, раббым, не қылсаң да келдім, міне. Тағатым жоқ көзім салсам күнəмызға, Тəуба қылып қашып келдім панаңызға. Рахмет етіп назарың сал Қожа Ахметке, Не қылсаң да мен сорлы келдім, міне. Ей, достар, наданменен жолдас болып Ей, достар, наданменен жолдас болып, Бауырым күйіп, жаннан тойып, өлдім, міне. Тура айтсам да теріс жолға мойнын бұрар, Қан жұтып қасірет уына тойдым, міне. Наданменен өткен өмірің тозақ болар, Надан барса дозақ та одан қашар. Наданменен дозаққа қылма сапар, Наданмен қазан айындай солдым, міне. Дұға қыл надандарға мойын бұрмай, Хақ тағала қолдаса тіптен оңай, Надандар сорласа, жүре бер халін білмей, Надандардан жүз мың жапа көрдім, міне. Жер астына қашып кірдім надандардан, Қолым жайып дұға тілейін жомарттардан. Ғаріп жаным жүз тасаттық даналардан, Дана таппай жер астына кірдім, міне. 29 Надандарды мен білмеймін көңілім қапа, Хақтан қорқып аза тұтсам күлер ха-ха. Аузы ашық, нəпсі ұлық, мешкей лақа, Надандардан қорқып саған келдім, міне. Үміт қылма надандардан қадірің білмес, Қараңғыда бірге жүрсең, жолға салмас. Мойныңа бұршақ салсаң, қолыңды алмас, Надандардан күдер үзіп келдім, міне. Ақырында жақсы кетті, қалдым жалғыз, Надандардан естімедім бір жақсы сөз. Дана кетті, надан қалды көп өкініш, Жол таба алмай қайран болып қалдым, міне. Өткен істер жанымды езді қаным қайнап, Қасиетті жерде қасиетсіз жүр көңілі жайнап. Аят, хадис қанша айтсам құлаққа алмас, Көкірегім қам-қайғыға толды, міне. Дертті халім азап көрді бар ма тəуіп, Мұң-шерімді саған шақтым көңілім ауып. Менен өзге үлес алды, мен бинəсіп, Үлес іздеп сағым сынып келдім, міне. Дүние-мүлік тəрік қылып үлес алғыл, Ей, пақыр, дүние ісін артта қалдыр. Алла сақи мейірін көріп қайран қалғыл, Көрейін деп баз кешіп келдім, міне. Мен “Дəптер сəниді” Сізге еттім жəдігер, Аруағымнан медет тілеп қорғана көр. Дұға қылам қабыл қылсын пəруардігер, Рахман ием, арызымды айтқалы келдім, міне. Хикметімнен баһра алған көзіне сүртсін, Ықласпенен көзге сүртіп дидар көрсін. Шарты сол дүр: қанағатқа мойынсұнсын, Жан пида етіп жанананы көрдім, міне. Дидар үшін тіленші болдым əумин деңдер, Шəкірттерім, халім көріп қамым жеңдер. Жолда қалған Құл Ахметке жол беріңдер, Жолды іздеп тіленші боп келдім, міне. Құл Қожа Ахмет, тіленші болсаң Хаққа болғыл, Басыңменен жарандарға қызмет қылғыл. Назар салсаң алқа қотан сұхбат қылғыл, Қауым боп іштей тілеп тұрдым, міне. Көңіл көзін жаратпаймын тағат қылса Көңіл көзін жаратпаймын тағат қылса, Құдай да оны мақұлдамас білдім, міне. 30 Хақиқатта бұл сөздерді шын үйреніп, Əр кезде Хақтан сабақ алдым, міне. Жалғыз ием сабақ берді перде ашып, Жер мен көкте тұра алмады шайтан қашып. Сауық құрдым тəтті шарап тоя ішіп, Əрқашан да Хақтан сабақ алдым, міне. Мұнда жапа шеккендерге Хақ дидары болар жақұт, Махшар күні Алла сыйлар оған бақыт. Жаратушы уағда қылған болсаң ғашық, Əрқашан да Хақтан сабақ алдым, міне. Көзімнен қанды жас төгіп жад етпедім, Жүз мың түрлі мехнат салдың дат етпедім. Сенен қорқып дертті көңілім шат етпедім, Əрқашан да Хақтан сабақ алдым, міне. Алла дерті сатылмайды сатып алсаң, Пірмұған қызметінде ақ болмасаң. Хақ жолына кіріп болмас пəк болмасаң, Əрқашан да Хақтан сабақ алдым, міне. Ғашық патша, ғашық пақыр қайта оралмас, Хақтан пəрмен болмайынша сөйлей алмас. Құдай сөзін естіген дүние қумас, Əрқашан да Хақтан сабақ алдым, міне. Құл Қожа Ахмет, жеті жаста алдым сабақ, Сегізімде дүние қызығын қойдым талақ. Тоғызымда бір құдайды көңілім қалап, Əрқашан да Хақтан сабақ алдым, міне. Рахметіңнен шет қалдырма мен ғаріпты Рахметіңнен шет қалдырма мен ғаріпты, Демімді алмай жылап дұға қылам саған. Түні бойы дөңбекшіп таң атқанша, Көз ілместен жылап дұға қылам саған. Алдыңа енді келдім белім байлап, Іші-баурым шерге толды қаным қайнап. Жағамды ұстап өткен іске егіле жылап, Ықыласыммен еңіреп дұға қылам саған. Көңіл бағының балауса екенін ұқпай жүрдім, Бар өмірім қазан болды, енді білдім. Дүниені тастап, дін жолына қадам қойдым, Бұлбұлың боп жылап дұға қылам саған. Бұл жолдарда жанды асырап болмас деймін, Жанын баққан бұл жолдарға кірмес деймін. Өзіне пайда екенін білмес деймін, 31 Бұл хəлменен жылап дұға қылам саған. Құл Қожа Ахмет нəпсі тағын тастап қашты, “Фана фи Алла” мақамына жуықтасты. Жүрек, баурым алып ұшып қайнап тасты, Бұл хəлменен жылап дұға қылам саған. “Фəзкуру-л-лаһ кəсиран” деп аят келді “Фəзкуру-л-лаһ кəсиран” деп аят келді, Зікір айтып зар илеумен жүрдім, міне. Нұр дидарын ғашықтарға уəде қылды, Ғашық жолына жаным қиып жүрдім, міне. Шын ғашықты Аллам сүйіп пендем деді, Орта жолда қалмасын деп қамын жеді. Жалғаншылар дидарымды көрмес деді, Ғашықтықта бекем болып тұрдым, міне. Ақылға ерсең, көрстаннан хабар алғыл, Мен де сондай болармын деп ғибрат алғыл. “Муту қəблə əн тəмутуға” амал қылғыл, Бұл хадисті есіме алып тұрмын, міне. Хабар берер “Фа-л-иадхаку қалилəн” деп, Жəне айтар: “Уə л-иабку кəсиран” деп. Бұл аяттың мəніне бойұсынған деп, Бұл дүниеде күлместен жүрдім, міне. Көнбейтіндер қарқ-қарқ күлер, мəз боп жүрер, Əміріне мойынсұнған уайым көрер. Күндіз-түні көздері жас боп жүрер, Көз жасымды дария қылып жүрдім, міне. Нəпсіден безіп шын ғашықтар Алла деді, Таңнан тұрып шартарапқа көз жіберді. Рахым етіп Алла өзі нұрын төкті, Содан кейін дария болып тастым, міне. Залым нəпсім еш қоймастан отқа салды, Өне бойым өз-өзінен күйіп жанды. Имансыздың иманын шайтан алды, “Əғузу биллаһи, бисмилла” деп жүрдім, міне. Зұлымдар дозақ ішінде күйіп жанғай, Иманы бар қалыс болып қайта шыққай. Имансыздар мəңгі бақи күйіп жанғай, Бір Алладан иман тілеп жүрдім, міне. Нəпсім мені арбады, көзімді əрең аштым, Пірмұғанға бет бұрып, солай қаштым. Құл Қожа Ахмет, қияметке жақындастым, Ұшқан құстай құдыретке кеттім, міне. 32 Уа, дариға, не істеймін ғаріптікте Уа, дариға, не істеймін ғаріптікте, Ғаріптікте кезбе болып қалдым, міне. Хорасан, Шам уа Ғираққа ниет қылып, Ғаріптіктің көп қадірін білдім, міне. Не келсе де көреміз бір құдайдан, Жүсіпті айырып еді ол Қынғаннан. Туған жерім қасиетті Түркістаннан, Баурымды тасқа ұрып келдім, міне. Кезбелік мирас қалды Мұстафадан, Отыз үш мың сахаба жарандардан. Əбубəкір, Омар, Осман, Мұртазадан, Кезбеліктің қалғанын айттым, міне. Мүсəпірлік басқа түссе жетіледі піспегендер, Дана қылар, мықты қылар өмір жолынан өтпегенді. Тапса тағам, кір тон киер жетпегеннен, Соның үшін Түркістанға келдім, міне. Ғаріптікте жүз болсын тұрар мейман, Тақ пен бақтың бақшасы да болар зындан. Ғаріптікте құл болған Махмұт сұлтан, Ей, жарандар, кезбеліктен күйдім, міне. Ғаріптікте Арыстан бабам іздеп тапты, Сырымды ұғып пердемен бүркеп жапты. “Билхамдилла” көрдім деді, ізімді өпті, Осы сырды біліп қайран қалдым, міне. Туыстық пен тілек жарасар уалаятқа, Ұлы бабам, сыйындым аруағына. Бабам рухы салды осы кезбелікке, Қанша тағзым еткенімді білмен, міне. Құл Қожа Ахмет айтқаны Хақтың жады, Естімеген достарына қалсын ақылы. Кезіп жүріп шаһарына қайта оралды, Түркістанда мазар болып қалдым, міне. Есіме түсіп жанымдай сүйген Мұхаммед Есіме түсіп жанымдай сүйген Мұхаммед, Сенің жолыңа пида болам, Мұхаммед. Үмбет болған “Хамду сананы” жатқа айтар, Иə, Алла, жарылқай гөр, Мұхаммед. Көңіліме салып ғашық пен махаббатты ылайым, Ғашық қылғыл мені өзіңе, Мұхаммед. Мəжнүн сипат кештім екі жаһанды, 33 Диуана қыл, жарылқа мені, Мұхаммед. Өлтір, күйдір, əр мехнатқа салғыл, Қиямет күні жаза қыл, сүйем сені, Мұхаммед. Үнемі үмбет дедің көрмей рахат, Бар кереметі өзіңсің, қайғырып қайтем, ей, Мұхаммед. Үмбетім деп күндіз-түні жеді қасірет, Көкіректегі шерді шығарарсың, ей, Мұхаммед. Үмбеттің күнəсын ойлаған шаһтың шаһысың, Қиямет күні біздейлерге жаза болмас, Мұхаммед. Бəрінен безіп Мұхамедтің ал ризасын, Ей, Алла, қас қағымда ғайып болам, Мұхаммед. Сенен жалғыз тілегім: халайық қана құдіретім, Сала гөр менің жаныма уайым-қайғы, Мұхаммед. Айналайын нұр жүзіңнен, ей, Алла, Бір тамшыдан дариядай тасыт мені, Мұхаммед. Жол беруші Рахман, Рахим, Ғаффар, Саттар, Жолға тастап шерменде қылма, Мұхаммед. Əуел бастан бір тамшы шарап маған нəсіп болған, Ұдайы Сіздің даналығыңызды мадақтайын, Мұхаммед. Қызыл шарап ұсынды Пірмұған кеп, Жақсылық ниетпен жарылқайды Мұхаммед. Мақсатыма жеткізе гөр, ей, халайық, Мен тілеймін жұпар иіс жеткізе гөр, Мұхаммед. Пердені ашып жүзімді жарық қыла гөр, Мен пендең саған серік, Мұхаммед. Міскін Иасауи аруақтарға тағзым етер, Аруақ жар болса, қайта жаралсам, Мұхаммед. “Əл-каззабу лə уммати” деді, білсең, Мұхаммед “Əл-каззабу лə уммати” деді, білсең, Мұхаммед, Алдамшылар қауымын үмбетім демес Мұхаммед. Тура жүрген құлды, адал жүрген жолды, Дұрыс жүрген құлды үмбет дегей Мұхаммед. Əркім үмбетпін десе, расул ісін қолдаса, Шапағат күні туса мақрұм қоймас Мұхаммед. Тəңірі тағала сөзін, Расул Алла сүндетін, Иланбаған үмбетін үмбетім демес Мұхаммед. Үмбетпін деп жүрерсің, бұйырғанын қылмассың, Қалай үміт етерсің, онда ескермес Мұхаммед. Күнəһəрдың халі мүшкіл-дүр үмбетімін демесе, Махшарда расуа боларсың, үмбетім демес Мұхаммед. Үмбетім десін Мұхаммед, шын сөйлесін Құл Ахмет, Қиямет-қайым болғанда мақрұм қоймас Мұхаммед. 34 Хақ тағала рахымымен пəрмен қылды Хақ тағала рахымымен пəрмен қылды, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Алпыс үште сүннеттерін бекем тұтып, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Жер үстінде өлмес бұрын тірі өлдім, Алпыс үште сүннет деді естіп білдім. Жер астында бар жаныммен құлдық қылдым, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Жарандардан пайда, көмек ала алмадым, Жүз жиырма беске кірдім, еш нəрсе біле алмадым. Хақ тағалаға құлшылық қыла алмадым, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Болармын ба Мұхаммедтің шын үмбеті, Үмбетім десе күнəһардың асып түсер дəулеті. Балдан тəтті оның маған бұл мехнаты, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Біздер үшін жаннан кешті ол Мұхаммед, Үмбет болсаң, қамын жеме жалған үмбет. Күндіз-түні сайран салып шашқан мүлік, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Елу жаста хабар келді: өлмек адам, Шарты болар сенде болса нұрлы иман. Таңда махшар дидарласып қылар мейман, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Ей, мұсылман, бұл дүниенің баяны жоқ, Шын білерсің əр кез мұның жалғаны жоқ. Кім білмесе бір Алланы, иманы жоқ, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Асылым топырақ, нəсілім топырақ баршадан хар, Басқа салса өр кеудең топырақ болар. Өлген жанға шайтанның əуесі бар, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Шын тақуаға құдай өзі қылар рахмет, Қиямет күн жарылқаумен тонын беред. Махшар күні дидар көріп сүргей дəулет, Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Пенде болсаң мехнат тарт, қараңғы адам, Ақылға ерсең ғанибет дүр саған одан. Аманат қой ғазіз жаның, жүрме бейғам, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Алпыс үште сүннет болды жерге кірмек, Расул үшін екі ғалам жарық бермек. Ғашық жанның сүннеті-дүр тірі өлмек, 35 Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Үмбет болсаң естіп жаның бермес пе едің, Мұстафаға жаның құрбан қылмас па едің? Жан не болар, иманыңды бермес пе едің, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Құл Қожа Ахмет алпыс үште ғайып болды, Əдеп сақтап Мұстафаға серік болды. Сұлтан болды, мехнат тартып күйікті болды, Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Он сегіз мың ғаламға даңқы шыққан Мұхаммед Он сегіз мың ғаламға даңқы шыққан Мұхаммед, Отыз үш мың сахабаға басшы болған Мұхаммед. Жалаңаштар мен аштарға қанағат болған Мұхаммед, Кемтарлық көрген үмбетке шапағат болған Мұхаммед. Түнде жатып көз ілмей тілейтұғын Мұхаммед, Ғаріп пенен жетімге құрмет қылған Мұхаммед. Жолдан азған күнəһарға қамқор болған Мұхаммед, Күні түссе əркімге пана болған Мұхаммед. Абужаһил, Əбулаһабқа саясатшыл Мұхаммед, Көңіл кірін жуатын сау-саламат Мұхаммед. Намаз, ораза тұтқанға рахымы мол Мұхаммед, Тынбай тəспі тартқанға ілтипатшыл Мұхаммед. Малғұндығын шайтанның əшкере еткен Мұхаммед, Шариғаттың жолына жəрдем еткен Мұхаммед. Тариқатқа бастаушы, адал болған Мұхаммед, Хақиқаттың ақ жолын бастап берген Мұхаммед. Жамандыққа жақсылық жасайтұғын Мұхаммед, Ынсап берген залымға даңқы шыққан Мұхаммед. Сəжде қылған иіліп жалбарынған Мұхаммед, Дұғалары қабыл боп, қанағат еткен Мұхаммед. Бес уақыт намазға имамдық еткен Мұхаммед, Миғраж асып барғанда құдыретті көрген Мұхаммед. Ғарсы-күрсі базарына қамқор болған Мұхаммед, Сегіз пейіш бəріне ие болған Мұхаммед. Міскін Ахмет құлына мұра болған Мұхаммед, Жетім, пақыр, ғаріпке пана болған Мұхаммед. «Қаһһар» атты қаһарыңнан қорқып жылар Қожа Ахмет «Қаһһар» атты қаһарыңнан қорқып жылар Қожа Ахмет, Раһман атты рахымыңнан үміт күтер Қожа Ахмет. 36 Күнəм көп менің кешіргейсің, иə, Алла, Барша құлдың ішінде күнəһары Қожа Ахмет. Екі жүзді арсыздар пасықпенен жүреді, Жанға сенбес арамдардан қорқып жылар Қожа Ахмет. Тариқатты білмедім, Хақиқатқа кірмедім, Пір бұйрығын қылмадым, сылтауы көп Қожа Ахмет. Ақыр заман болған-дүр, патша залым болған-дүр, Арам, шүбə толған-дүр, қайран болар Қожа Ахмет. Шерменде, күнəлі құлыңмын, ғашық жолында бұлбұлмын, Арыстан бабаға құлмын, құлың болар Қожа Ахмет. Құл Қожа Ахмет, басыңды ій, жыламақты əдет қыл, Бəле келсе сабыр қыл, Хақтан бəрі, Құл Қожа Ахмет. Ғашық жолына пана болар құдай бар Ғашық жолына пана болар құдай бар, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пəруардигар. Қолым жайып дұға қылам, уа, Жаббар, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пəруардигар. Ғашық болсаң күйдіреді жан мен тəнді, Ғашық болсаң ойран қылар дүние, малды. Ғашық болмай танып болмас, Алла, сені, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пəруардигар. Ғашық жыры сыймас достың көкірегіне, Барлық ғашық жиылып барғай құзырына. Жеті тозақ мұрсат бермес қас қағымға, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пəруардигар. Шын ғашығың көрсет маған риза болай, Өліп-өшіп Закариядай зікірші болай. Айубтай келген бəлеге сабыр болай, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пəруардигар. Ғашық дертін көтердім, дəрменім жоқ, Ғашық жолында жан бергеннің арманы жоқ. Осы жолда жан бермеске амалым жоқ, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пəруардигар. Қайдан табам, ғашық еттің амалым жоқ, Алланы мақтап күні-түні қоярым жоқ. Дидарыңнан өзге жерге барарым жоқ, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пəруардигар. Ғашық базары ұлы базар, сауда харам, Ғашық жанға сенен өзгені ойлау харам. Ғашық жолына берілгенге дүние харам, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пəруардигар. Ғашықтықты дауға салып жүре алмадым. 37 Нəпсіден безіп əміріңді қыла алмадым. Надан болдым, Хақ бұйрығын біле алмадым, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пəруардигар. Құл Қожа Ахмет, ғашықтан өткен бəле болмас, Бояғанмен, ғашық дертіне дауа болмас. Көз жасынан өзге ешкім куə болмас, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пəруардигар. Əулиелер айтқан уəде келер болғай Əулиелер айтқан уəде келер болғай, Қияметтің күні жуық болды, достар. Ақылды құлдың болғанын білер болғай, Ел-жұрттан мейір, шапағат кетті, достар. Үлкен, кіші адамдардан əдеп кетті, Қыз, келіншек, нəзік жаннан ұят кетті. “Ұят барда иман бар” деп Расул айтты, Арсыз қауым бүлдіріп бітті, достар. Мұсылман мұсылманға болды қатал, Нақақ істеп Хақ жұмысын бұзды батыл. Мүрит пірге жылы жүзбен болмай жақын, Ғажап сұмдық замана болды, достар. Ел, дүние, халқымызда қайырым жоқ, Патша менен уəзірлерде əділет жоқ. Дəруіштердің дұғасында қасиет жоқ, Түрлі бəле халық үстіне жауды, достар. Ақырзаман ғалымы залым болды, Ізгі тілегін үзбеген ғалым болды. Алланы айтқан дəруіштің жолы болды, Ғажап сұмдық замана болды, достар. Қиямет күн жақындады, қалғаны жоқ, Құл Ахмет сөзінде жалғаны жоқ, Өзін өзі көтеріп мақтаған жоқ, Насихатын халыққа айтып кетті, достар. Махаббаттың шарабын ішкен дуаналар Махаббаттың шарабын ішкен дуаналар, Қиямет күн аузынан от шашар, достар. Құдыретпенен жаратылған жеті тамұқ, Ғашықтардың əуезінен қашар, достар. Дозақта жылап дат айтарсың құдайыңа, Тағатым жоқ ғашық үшін қас қағымға. 38 Қашып барғайсың Хақ тағала панасына, Ғашықтарың көз жасымен ұшар, достар. Ғашықтары қызық дүкенін тұрса құрып, Иншалла, дозақ қашар одан қорқып. Жасын төгіп, көкірегін ашып, жүзін салып, Жеті аспан тағат қылмай көшер, достар. Рахман ием сақи болып шарап берсе, Ел-жұрт, бала-шаға дүниеден пəк кешірсе. Жан дүниемнен əзəзілді Хақ қашырса, Күнə, қылмыс бойымнан кетер, достар. Ғашық жолын Хақ жүзіне дерт айласа, Екі ғалам патшасы Хақты ойласа. Шын сүйгеннің көңілі жарық болса, Ғашық жандар жаратқанға ұшар, достар. Субхан ием бір тамшы шарап құйса маған, Зікір сырын айта-айта қылсам тəмам. Хор қызы мен періштелер қызмет қылар саған, Жұмақ ішінде жібектен тон киер, достар, “Алла-Алла” де, көз жазсаң ғалам күйер, Шын пəндем деп жаратқан мені сүйер. Жас орнына қанын төгіп жүзін бояр, Əлхамды айтсаң шайтан сенен қашар, достар. Мен айтпадым, Алла өзі уағда қылды, Қараңғы едім, ізгілік жолына салды. Ғаріп болып жапа шектім, қолымды алды, Сондай ғашық зауық шарабын ішер, достар. Құл Қожа Ахмет, ғашықтардың ісі қинар, Махшар күні Хақ көрсетпес оған дидар. Ғарсы-күрсі, Лаухұл-махфуз − бəрі безер, Имансыздарға дозақ есігін ашар, достар. Көзім жасты, көңіл қайғы, жаным күйік Көзім жасты, көңіл қайғы, жаным күйік, Қандай амал істерімді білмен, достар. Бұл қасіретті бастан кештім жасым құйып, Қай тарапқа барарымды білмен, достар. Түрлі-түрлі ғаламаттар келді қайдан, Жүрегімде жарақаттар болды пайда. Бұл дүниеде бірден азат болмақ қайда, Қандай амал істерімді білмен, достар. Алла үшін перзенттерім жетім қылсам, Жаннан кешіп, малдан кешіп, ғаріп болсам. 39 Шөл далада жалғыз қаздай қаңқылдасам, Қандай амал істерімді білмен, достар. Хас құлдардай түні бойы қайыспасам, Жомарттардай ораза ұстап майыспасам. Түні бойы көзімді ілмей Алла десем, Қандай амал істерімді білмен, достар. Арамза тұқым аямадым, тағатым аз, Өтті ғұмырым өкініште қыс пенен жаз. Жаным құсша шарықтаса көңілім мəз, Қандай амал істерімді білмен, достар. Құл Қожа Ахмет Хақ жолында жан бермесе, Диқан емес кетпен шауып, нан бермесе. Бəйшешек ашылар ма су бермесе, Қандай амал істерімді білмен, достар. Ғашық сырын баян қылсам ғашықтарға Ғашық сырын баян қылсам ғашықтарға, Тағат қылмай өз бетімен қашар, достар. Тау мен тасқа басын ұрып естен танып, Ел-жұрты, үй ішінен безер, достар. Ғашық азабын басқа түскен ғашық білер, Танымасын тас лақтырып оған күлер. Дуана деп басын жарып қанға бояр, Риза болып “Хамду сəнаны” оқыр, достар. Сүймегенде жан да жоқ əрі иманы, Расул Алла сөзін айттым, мағына кəне? Неше айтсам да естуші жоқ, білген кəне, Бейхабарға айтсам көңілі қалар, достар. Ғашық гауһары дария тұңғиығында жатар болар, Жаннан кешіп гауһарды алған жанан болар. Көрсеқызар ғашықпын деп жолда қалар, Ар, иманын соқыр тиынға сатар, достар. Отқа күйдім, жаннан тойдым, қайран болдым, Бұл қандай от: күймей-жанбай бір жан болдым. Махаббаттың атын естіп көзім ашылды, Көзі ашылған мұратына жетер, достар. Зар жылаңыз, зар еңіреңіз рахым келсін, Адассаңыз рахымы түсіп жолға салсын. Қызмет қыл Пірмұған қолыңды алсын, Еңбек еткен мұратына жетер, достар. Заманақыр болды да пейіл кетті, Расул Алла уағдалары жуық жетті. 40 Хас құлдары жақсы сөзге құлақ тұтты, Жаман құлдар күннен-күнге бітер, достар. Əрбір күнің өтер деді Хақ Мұстафа, Үмбет болсаң қауымдасып бірге жаса. Жақсыларды жарылқап, жаманға берер жаза, Қияметте жазаларын тартар, достар. Пасық, зұлым басқан жері таза болмас, Ораза, намаз қаза қылып, масуақ салмас. Расул Алла сүннеттерін көзіне ілмес, Күннен-күнге күнəлары артар, достар. Дүниеқорлар малын көріп мақтан қылар, Мен-мендіктен ол құдайға күпір болар. Өлер кезде иманнан жұрдай болар, Жан берерде қасірет шегіп кетер, достар. Дүниеқоңыз мал жиғанды көзбен көрдім, Өлер кезде қалайсың деп жақын келдім. Шайтан айтты: иманына қолым салдым, Жан шығарда жылай-жылай кетер, достар. Құл Қожа Ахмет, ғашық болсаң жаның күйсін, Садақаңмен Алланы айт тəңірім исін. Дұға қыл, мұсылмандар дүние қойсын, Дүние қойған ақыретке жетер, достар. Махаббат шарабынан ішірмесе Махаббат шарабынан ішірмесе, Жан мен ділім қасіретпенен кетер, достар. Алланы жадқа алмай өліп кетсем, Есіл өмірім арманменен өтер, достар. Алла деген шын ғашықтар пырақ мінді, Құштарлықтан бейнет тартып бойынсұнды. Тариқаттың базарында алжасса да, Шындықтың дариясынан өтер, достар. Ақиқаттың дариясына шомған кісі, Өзі мұңлық, көңілі сынық, көзде жасы. Қорлық, зарлық, машақат қой дəйім ісі, Дидарына ынтызар боп табар, достар. Шындыққа ғашықтардың нəпсісі өлі, Үш жүз алпыс төрт, жүз қырық төрт сопы, Сөзі тəтті, мінез-құлқы жүз мың түрлі, Бұ дүниені соқыр тиынға сатар, достар. Білгір ғашық болам десең азап тартқыл, Хақ пайғамбарға жетем десең түндер қатқыл. 41 Бұл дүниенің қызығынан басың тартқыл, Басың тартсаң менмендігің кетер, достар. Қияметтің азабын білмегендер, − Ауыр азап, тар лахаттан қорықпағандар. Хақ қаһарынан шошып жасын төкпегендер, − Дозақ ішінде жүз мың азап тартар, достар. Уа, дариға, өтті өмірім біле алмадым, Жаннан кешіп қазіретке бара алмадым. Нəпсіден безіп Хақ əмірін қыла алмадым, Өле қалсам қасірет маған жетер, достар. Өтті ғұмырым, шариғатқа жете алмадым, Шариғатсыз тариқатқа өте алмадым. Ақиқатсыз мағрифатқа бата алмадым, Жолы қатты пірсіз қалай өтер, достар. Құл Қожа Ахмет, нəпсім салды осы жолға, Соның үшін қаштым, достар, шөлден шөлге. Алла дедім, қарамадым оң мен солға, Алла деген сауық шарабын ішер, достар. Жаратқан бір құдайдың жолын іздеп Жаратқан бір құдайдың жолын іздеп, Шайтан малғұн жолынан қайтқын, достар. Ықыласпен махаббат шарабын ішіп, Жан мен ділдің Хақ зікірін айтқын, достар. Хақ зікірін айтып ішкен жами шарап, Жол үстінде ғазіз басың болар топырақ. Алла жолында хəлі − хараб, бауыры − кəуəп, Жан мен ділде Хақ зікірін айтқын, достар. Аруақтарға басым қойып зар илесем, Сопылармен зікір айтуға жарай берсем. Зікір айтып сол сұхбатта дүрлер терсем, Жан мен ділде Хақ зікірін айтқын, достар. Бойұсынбай жалғанды жалпағынан басып жүрсем, Өлгенде тар лахатта жаны күйер. Алла расул “дінің не?” деп айбат қылар, Жан мен ділде Хақ зікірін айтқын, достар. Мəңкүр-Нəңкүр “раббың кім?” деп сұраққа алғай, Қанша зорласаң да айтқаннан пайда болмас. Е, сорлылар, сонда халің нешік болғай, Жан мен ділде Хақ зікірін айтқын, достар. Алла деген қант пенен бал пайда қылды, Ақыретте Алламенен мəмле қылды. 42 Мойынсұнған шын ғашықты дана қылды, Жан мен ділде Хақ зікірін айтқын, достар. Сөзің − шырақ, халің − пілте, майы − жасың, Неше айтсам да баһра алмас көңіл хошың. Жол үстінде топырақ болсын ғазіз басың, Жан мен ділде Хақ зікірін айтқын, достар. Ессіз ғалым бойұсынбай жолда қалар, Оқып ұқпай дүние малын қолға алар. Менмендіктен есіл өмірін зая қылар, Жан мен ділде Хақ зікірін айтқын, достар. Сыртың жөндеп, ішің түзеп ғалым болсаң, Махшар күні қолыңды ұстар таңда барсаң. Өкінішпен қайғы жұтып жолда қалсаң, Жан мен ділде Хақ зікірін айтқын, достар. Ғалым сол-дүр: намаз оқып бойұсынса, Хақтан қорқып ақыреттің қамын жесе. Құран оқып, Хақтан қорқып зар еңіресе, Жан мен ділде Хақ зікірін айтқын, достар. Ондай ғалымның екі көзі төрт болар, Таң сахарда ерте тұрып зар илер. Хақ жолында күйіп-жанып шоқ болар, Жан мен ділде Хақ зікірін айтқын, достар. Қорлық тартқай, кəпір нəпсің басы қатсын, Бұл дүниеден үнемі жылап өтсін. Топырақ болғыл ғалым Сені басып өтсін, Жан мен ділде Хақ зікірін айтқын, достар. Қорлық тартып Хақ Мұстафа үмбет деді, Күнəһар үмбетінің қамын жеді. Соның үшін үмбеттері қуат алды, Жан мен ділде Хақ зікірін айтқын, достар. Көңілінде алалық жоқ үмбет үшін, Үмбет десе аузынан шығар түтін. Хақ тағала қылмай ма деп бізді отын, Жан мен ділде Хақ зікірін айтқын, достар. Құл Қожа Ахмет, олай десең, аларсың Хақтан үлес, Баязиттей нəпсіңмен күн-түн күрес. Ей, бейхабар, үмбет болсаң болғыл ашық, Жан мен ділде Хақ зікірін айтқын, достар. Дидар үшін жанды құрбан қылмайынша Дидар үшін жанды құрбан қылмайынша, Исмаилдай дидар үшін арман етпен, достар. 43 Жаннан кешіп тарихатқа кірмейінше, Ғашықпын деп жалған уəде қылма, достар. Ғашықтық қиын жұмыс білсең мұны, Мехнатпен жаратушы сынар сені. Реніш, азаппенен бірге болсаң күні-түні, Көңілді тəңіріден өзгеге бөлме, достар. Менмендіктен тариқатқа кірмеді олар, Жаннан кешпей жолға қадам баспады олар. Нəпсін тыймай Хақ жолында болмады олар, Жалқаулармен сапарға шықпа, достар. Ғашықтық жолы құр тілмен бола қоймас, Мұнда жылап, ақыретте күліп болмас. Күллі реңі запырандай солмақ болмас, Мұндай болмай ғашықпын деп айтпа, достар. Ұстаздарға қызмет қыл еркіңменен, Күнəлі ол өз бетіммен келдім деген. Жақсы білсең тариқаттың қатері бар, Қаламасаң осы жолға түспе, достар. Ұстаздарға қызмет қылсаң нəпсіге апат, Наданға тиме: бұл жолдарда қылмас тағат. Адал құлдар бұл жолдарды білер рахат, Өлмей тұрып Хақ дидарын көрем деме, достар. “Кəзəптар үмбетім емес” деді Расул сізге, Ол Мұхаммед Хақ расулы деді бізге. Жалғаншыға жаннат жоқ уалла-билла, Жалған сөйлеп, имансыз боп кетпе, достар. Дүние-мүлікті тəрк етпей көрмес дидар, Дидар көрем деген ғашық жанын қинар. Ондай ғашық ақырында көрер дидар, Дидар көрмей Алла сырын шашпа, достар. Сырдан мағына түймегендер бөтен болар, Ол ғашықтың мекені ойран болар. Ғашық жолында жан қиғандар жақын болар, Жаннан кешпей жаннан хабар алма, достар. Құл Қожа Ахмет, бастан кешпей пəтуа қылма, Халық ішінде ғашықпын деп ауызға алма. Ғашықтық ұлы іс-дүр ғапыл қалма, Ғапыл болып Хақ дидарын көрме, достар. Махаббаттың шарабын ішіп рахатқа батқан Махаббаттың шарабын ішіп рахатқа батқан, Дуананың мақамына кірді, достар. 44 Аш пен тоғын, пайда-зиян еш білмеген, Сауық-сайран, қызықпен жүрді, достар. Сауық-сайран құрғандарға дүние харам, Ел-жұрт, дүние-мүліктен кешті тəмам. Таң сəріден Хаққа сыйынып жылар дəйім, Одан кейін сауық-сайран салды, достар. Сауық-сайран құрған ғашық өзін білмес, Ессіз жүріп дүние малын қолға алмас. Жүз мың адам тақсыр десе мақтана алмас, Дүние теуіп сауық-сайран салды, достар. Дүние таппай сауық-сайран құрған адам, Хақты айтпай, Хақ жолынан сыртта қалған. Дəруішпін дер дүниеқоңыз жаны жалған, Дүние үшін сауық-сайран құрды, достар. Естен танбай сауық-сайран құрып болмас, Жаратқан иеден оған иман болмас. Бойсұнса да көңілі таза болмас, Арсыздықпен ойын-сауық құрды, достар. Уа, осындай надандардан үміт қылма, Қайыр-шапағат алармын деп жүгіріп жүрме. Нəпсісі ұлық, шариғаты бұзық əкім білме, Шайтан малғұн ноқта салмай мінді, достар. Естен танбай сайран салса Алла безер, Дауысынан жер тебіреніп тартады азар. Дұға қылам: көрсетпесін оған дидар, Діннен безіп сауық-сайран құрды, достар. Дуаналық жеңіп шықпай сауық құрар, Хақ, Мұстафа, шəриярдан безіп жүрер, Бастан-аяқ күнəлары əзір тұрар, Күнə тілеп сауық-сайран құрды, достар. Шəблі ғашық, сайран салды нұрын көріп, Мұстафаны енді көріп, сауал беріп. Дүние азабын артқа тастап, көзін жұмып, Сондай құлдар сауық-сайран құрды, достар. Шəблі ғашық жылап еді: “иə, Расул” деп, Сайран салсам да тағатсызбын, қайғым көп деп. Расул айтты: “иншалла, бол қабыл” деп, Рұқсат сұрап сауық-сайран құрды, достар. Құл Қожа Ахмет, сауық-сайран əр кімге жоқ, Мазақпенен сайран салса кірер тамұқ, Бұл сұмдық сыр айтылса көңілім жабық, Хақты тауып сауық-сайран құрды, достар. 45 Шариғаттың шарттарын білген ғашық Шариғаттың шарттарын білген ғашық, Тариқаттың жол-жосығын білер, достар. Тариқаттың бар жұмысын ада қылған, Хақиқаттың дариясына батар, достар. Дидарын көріп болмас күн-түн ұйып, Пəк ғашықты қолға алмай болмас жүріп. Хақиқат дариясының қатері көп, Көзімді ілмей дидарын көрдім, достар. Ей, ғашық, бұл дүниеде мехнат тартқыл, Сол тартқан жапаларды рахат білгіл. Зікір салған жеріңе басыңды ұрғыл, Басын тіккен мұратына жетер, достар. Бұл жолдардың азабы: қайғы, мехнат, Мехнат тартып жапа шеккен көрер рахат. Таң сəріден зар жылаған табар бақыт, “Аһ-уһ” деумен бұл дүниеден өтер, достар. Шын ділімен жылағандар дидар көргей, Субхан ием дидарын сыйға бергей. Сапар шекпе жол мəнісін түсінбей, Жолға түскен мұратына жетер, достар. Уə, дариға, өтті ғұмырым, білмей қалдым, Бұл дүниенің əбзелін қолыма алдым. Дүние қуып діннің жолын артқа салдым, Біле алмадым халім қалай болар, достар. Махаббаттың шарабынан татпағандар, Баязиттей əр күн өзін сатпағандар. Бұл дүниенің қызығынан безбегендер, Хайуан ғой, бəлкім, одан бетер, достар. Ғашық болсаң ғашық жолына қойғыл қадам, Дүниені талақ қылғыл мысал Адһам. Ақылға ерсең дүние үшін жемегіл қам, Қиямет күн жазаларын берер, достар. Сыр шарабын ішкен ғашық өзін білмес, Бұл дүниенің лəззатын көзіне ілмес. Жүз мың рет кеңес айтса ақыл алмас, Гүл-гүл жайнап өзін білмей жүрер, достар. “Руз аласт” құдай өзі хабар қылған, “Қалу бəлə” деп рухтар жауап берген. Хазірет Таба рухы ұшып қарсы келген, Ондай ғашық Хақ жамалын көрер, достар. Құл Қожа Ахмет, ғашық болсаң, дүниеден без, Ақыреттің азабынан зар еңіреңіз. 46 Жарандардың қылғанын сіз де істеңіз, Қызмет қылған мұратын табар, достар. Хақ танып, мұсылман болсаң мойынсұнғыл Хақ танып, мұсылман болсаң мойынсұнғыл, Мойынсұнған Хақ дидарын көрер, достар. Жүз мың бəле басқа түссе еңіремегейсің, Сонда ғана ғашық сырын білер, достар. Ғашықтары зар еңіреп жолға кірді, Əрбір шеккен жапасын Хақтан білді. Разы болып жерге енуге əзір болды, Зар илеп таң сəріде тұрар, достар. Ей, достар, еш білмедім мен жолымды, Игілікке байламадым мен белімді. Өсек сөзден еш тыймадым мен тілімді, Надандығым мені рəсуа қылды, достар. Күні бойы бейғам жүрдім зікір айтпай, Ыждаһатпен күні-түні пікір айтпай. Махаббаттың базарында өзін сатпай, Нəпсім менің жүз мың тағам тілер, достар. Нəпсі еркіне жіберуге болма құмар, Ішпей-жемей тағат етіп болғыл бидар. Ақыры бір күн көрсетер саған дидар, Бидар болған онда дидар көрер, достар. Ей, ғапылдар, Хақ зікірін айтпай қойма, Дүниенің бір түйірін де алма қолға. Жақсылардың соңынан əсте қалма, Жолға кірген ақыры мұратына жетер, достар. Уə, дариға, арманменен өмірім өтті, Нəпсім мені алжастырды, шектен асты. Жан құсы шарықтады, рухым қашты, Надандардың өмірі желге ұшар, достар. Дидар көрем деген құлдар бидар болар, Жатса-тұрса, жүрсе-қойса зікірін айтар. Іші-тысы ондай құлдың нұрға толар, Алла нұрын ондай құлға төгер, достар. Білген ғашық өз жанын отқа жақпас, Бидарларға ғашық шақпағын жағып шақпас. Дүние келіп қарық қылса қия баспас, Ғашық емес бейғамнан да бетер, достар. Құл Қожа Ахмет, пəнде болсаң жылап жүргіл, Махаббаттың мəжілісін де өзің көргіл. Қияметтің азабынан қайғы тұтқыл, Қайғы тұтқан сырдан хабар алар, достар. 47 Рух құсын тұтар болса, бал берейін Рух құсын тұтар болса, бал берейін, Самғап ұшып ғарыштан ғарышқа қонар, достар. Құлмын деген дəйім тынбай зікірін айтар, Ғашық отына бауры күйіп зарын айтар. Бейхабарлар білмей өмірін желге ұшырар, Надандықпен жаһаннамға кетер, достар. Ақырзаман шайхысы түзетер суреттерін, Тақуалыққа түспей бұзар сырт пішінін. Керемет дер қауіп-қатер көргендерін, Халыққа өзін арсыздықпен сатар, достар. Ей, ғапыл, өмірің сенің өтті кетіп, Көз жасыңды төге бер аққан сел ғып, Сені сүйер жаратқан да өз құлы ғып, Иесі сүйсе құлын азат етер, достар. Надандықпен өмірін, сенің өтер деп біл, Жаныңменен пір қызметін тік тұрып қыл. Сол ісіңмен жаратқанға лайық болғыл, Қызмет қылған мұратына жетер, достар. Құл Қожа Ахмет, хикмет айтып жыла сахар, Жақсылардың үлпатынан алып хабар. Сөз асылы білгендерге нағыз гауһар, Сырттан баққан адам құры қалар, достар. Кел, достар, Алла атын дəйім айтқын Кел, достар, Алла атын дəйім айтқын, Алла аты көңіл кілтін ашар, достар. “Астағфиру уа истиғфарды” тынбай айтқын, Шайтан малғұн тəннен шығып қашар, достар. Шайтан малғұн сізге дұшпан, əзір болғын, Кеште Алла, күндіз Алла айтып өлгін. Тар лахатқа кірер кезде нұрға толғын, Періштелер Алла нұрын шашар, достар. Алла нұры қабір ішін жарық қылғай, Періштелер өңірінен сəуле құйғай. Мұсылмандар оны көріп қайран қалғай, Бұл ғаламның жарығынан безер, достар. Барша аруақ жиылып келер мерекеге, Халайықтар ие болар тəбəрікке. Дұға қылып қайтқаннан соң қалар жеке, Барлық аруақ сүйініп бір-бір құшар, достар. 48 Жеті қадам жүргеннен соң Мəңкүр-Нəңкүр, Айбатпенен кіріп келгей қылып қаһар. Екі көзі оттай жанып жайнап тұрар, Нұрын көріп, тағзым етіп, құшар, достар. Мəңкүр-Нəңкүр сұрамай тұрып зар илегей, Көз жасын етегіне төгіп көл қылғай. Хақтың атын айтып өзін ынтызар қылғай, Аспанға құсша самғап ұшар, достар. Хабар келіп тəңіріден жыладың не, Хас құлдан қабір ішінде тыңдадың не? Ей, бейəдеп, құлақ қойып аңдадың не, Мəңкүр-Нəңкүр бет-бетіне қашар, достар. Ертелі-кеш еске алса менің жадым, Хабарын қолға алған құл ол азатым. Ондай құлдың олжасымын, ол саятшым, Қылмыс қылған күнəларын кешер, достар. Күнəларын Хақ кешіріп, назар салғай, Оңда, солда жатқандары разы болғай. Одан кейін барша аруақ əзір болғай, Қабірстанға Хақ рахметін шашар, достар. “Билхамдилла: жақсы келді, біз құтылдық, Қабір ішінде бар азаптан азат болдық. Неше жылдар мүрде едік, біз тірілдік, Дұға қылып Хаққа қолын жаяр, достар. Мəңкүр-Нəңкүрге жылап не айтарыңды білерсің, Затың ұлық, əр не етсең сен қыларсың. Мейірім қылсаң жолсыздарға жол берерсің, Сəжде қылып шəкірт тілін ашар, достар. “Лə иллаһа иллаллаға” мойынсұнған, Дидар үшін бұл ғаламда рəсуа болған. Дүние қуып ақыретте сауда қылған, Хауыз-кəусар шарабынан ішер, достар. Əзелде тағдыр жазса Хақ жамалын, Жүз мың шайтан қас қылса да жоқ зауалы. Күннен күнге артық болғай жағдай, халы, Дана болып Хақ жолдарын ашар, достар. Махаббаттың майданында жанын қиған, Хақиқаттың дариясынан гəуһар алған. Мағрипаттың білімін ішке салған, Жүрсе-тұрса дүр гəуһарын шашар, достар. Ғашық сол дүр Хаққа жанын құрбан қылса, Зікір салып шар тарапқа сахар тұрса. Жарандардан жақсылық, пайда көрсе, Сұлтан болып дүр гəуһарын шашар, достар. 49 Хақ тағалаға бойұсынған мұнда тұрмас, Жұртқа жайып ишандығын мақтан қылмас. Қайда барса пақыр-міскінмен дүкен құрмас, Ғаріп болып, ойраны шығып көшер, достар. Құл Қожа Ахмет, нəпсіден ұлық бəле болмас, Жер мен көктен тағам берсең əсте тоймас. Топырақ болып жерде жатса кəпір болмас, Нəпсі тыйған хор қыздарын құшар, достар. Қызыр бабам салды мені осы жолға Қызыр бабам салды мені осы жолға, Одан кейін дария болып тастым, достар. Шариғаттың базарында сайран салдым, Білімнің бақшасында қайран қалдым. Тариқаттың сарайында тайраңдадым. Хақиқаттың есігін аштым, достар. Əуел бастан шарапты Пірмұған тоя берді, Іше бердім хал-қадарымша, құя берді. Құл Қожа Ахмет, жан дүнием күйе берді, Шəкірттерге дүрі гəуһар шаштым, достар. Хош, ғайыптан келіп түсті бір топ дəруіштер Хош, ғайыптан келіп түсті бір топ дəруіштер, Көңілінде зікірі, көзден таса дəруіштер. Тынбай жүріп жол шегіп, тына қалса тəкбір айтар, Сұхбаттас кісі табылса, сұхбат құрар дəруіштер. Киімдері мың шоқпыт, көңілінде бір Алла, Қызмет қылар əр күні тыным таппас дəруіштер. Иінінде кір шапан, көкірегінде жүз мың арман, Бұл дүние опасыз, көзіне де ілмес дəруіштер. Иығында шапаны, қолға ұстаған асасы, Ізгі мұрат жанында, Алла дейді дəруіштер. Арғы тегі пақырлар, көңіл шаһарын кезгендер, Жан сарайы нұрланып, бақыт кешкен дəруіштер. Машайықтың сыры мол, қызмет қыл да жалбарын, Пайғамбардан мұра боп келе жатыр дəруіштер. Құл Қожа Ахмет, міскін бол, міскіндерден жөн сұра, Дəруіштікті біл, өмір мəні зікір-дүр. 50 Жол үстінде отырып жол сұраған дəруіштер Жол үстінде отырып жол сұраған дəруіштер, Ғайыптан хабар естіп жолға түскен дəруіштер. Асалары қолында, жол нəсібі белінде, Хақтың аты тілінде, Алла деген дəруіштер. Кигендері кір шапан, ділінде бар жүз мың аян, Біліңіз: екі жаһанды көзге ілмес дəруіштер. Дəруіш Хақтың сүйгені, зікірі тұрар гүл бағы, Хақ атына ынтызары, бек əдепті дəруіштер. Жазығым көп жуытпас, аспан даруын таппас, Көзде жасын құрғатпас, жасы аққан дəруіштер. Жаныменен сырласып, тіліменен мұңдасып, Ғашықтықпен жан кешкен, реңі сары дəруіштер. Ит нəпсіні өлтіріп, қызыл жүзін солдырар, Қожа Ахметке осы лайық, сатып жесін дəруіштер. Он сегіз мың ғаламға қайран болған ғашықтар Он сегіз мың ғаламға қайран болған ғашықтар, Ғашық сырын таба алмай, сарсаң болған ғашықтар. Дəйім басы айналып, халыққа көзі телміріп, Таңырқай күліп таңданып, жолы болған ғашықтар. Күйіп-жанып күл болған, ғашығына бұлбұл болған, Кімді көрсе құл болған, жомарт болған ғашықтар, Жол үстінде шаң болған, үсті жара, кір болған, Зікірін айтып пəк болған, зар жылаған ғашықтар. Беліне азығын байлаған, жүрегін сонымен жалғаған. Зар еңіреп жылаған, жолы болған ғашықтар. Кейде жүзі сарғайып, ғашық жолында боп ғаріп, Құдайға арнап тасбиғын, басы айналған ғашықтар. Ахмет, сен де ғашық бол, садақаңмен адал бол, Хақ дидарына лайық сүйікті болған ғашықтар. Ғаріптікте ғаріп болған ғаріптер Ғаріптікте ғаріп болған ғаріптер, Ғаріптердің халін білген ғаріптер. Бір себеппен алыс жерге жол шеккен, Туыстықтың қадірін білген ғаріптер. Сусағанда суға мұқтаж болған, 51 Тірлігіне зар болып өлген ғаріптер. Кісі білмес ғаріптердің халі қандай, Кім мəңгілік, олар да міскін ғаріптер. Кел енді, Ахмет, өзіңе бақ, Ғаріпсің сен де, ғаріп-міскін ғаріптер. Хақ құлдары − дəруіштер, ақиқатты білерлер Хақ құлдары − дəруіштер, ақиқатты білерлер, Хаққа ғашық болғандар − Хақ жолына кірерлер. Хақ жолына кіргендер − Алла деумен жүрерлер, Жақсылардың ізімен мемлекеттен кеткендер. Ғалам пақыры − Мұстафа бұлай деді мархабат: Миғраж түні пақыр айтты: пақырлыққа түсіңдер. Көңіл бөлмей дүние арамдықтан кешіңдер, Хақты сүйген адал құлдар халайықпен бір болар. Дүние менікі дегендер − жаһан малын алғандар, Құзғын құстай арамға белшесінен батқандар. Молда, мүфтий болғандар − жалған жала жапқандар, Ақты қара қылғандар: ол тамұққа түседі. Қазы, имам болғандар − нақақ жала қылғандар, Есектей болып жегіліп жүк астында қалады. Пара алған əкімдер − арамдықпен жүргендер, Өз бармағын өзі шайнап өкінішпен қалады. Жылы жұмсақ жегендер, əсем киім кигендер, Алтын тақта отырса да топырақ астына түседі. Сенген құлдар − адалдар, садақамен тұрады, Дүние-мүлкін сарп етіп жұмақ хорын құшады. Құл Қожа Ахмет, білгейсің, Хақ жолына кіргейсің, Хақ жолына кіргендер: Хақ дидарын көреді. Хақ мəслихаты құрылды, əй, дəруіштер, келіңдер Хақ мəслихаты құрылды, əй, дəруіштер, келіңдер, Хақ дастарқаны жайылды, одан үлес алыңдар. Сөз өнерін меңгеріп, өмір іліміне жетіңдер, Жоқшылықпен күнелткен, бар байлықты алыңдар. Жыртып шапағат пердесін, тілеп дидар уағдасын, Көңіл көзін ашыңдар, құдіретін сезіңдер. Хақ арасын алыңыз, нəпсі басын кесіңіз, Күні-түні, талапкер, жанды құрбан етіңіз. 52 Алқа қотан “һу”деңдер, ғашық отына жаныңдар, Жан-тəніңмен, шəкірттер, тəкбірді бастап айтыңдар. “Алла-Алла” деп еңіреп, Хақ демекте мағына бар, Дидарынан үміткер, рахметінен алыңдар. Құл Қожа Ахмет құл болған, жол үстінде күл болған, Шəкірттерге ырыс болған, одан ғибрат алыңдар. Хақ дидарын талап қылсаң, ей, сопылар Хақ дидарын талап қылсаң, ей, сопылар, Жаннан кешіп, топ ішінде көргін дидар. Ынты-зарыңмен Алланы айтып, ақиқатқа қайтып, Түн ұйқысын төрт бөліп жанын қинар. Сопыларға Хақ рахметі болар жуық, Сопылардың көңілі сынық, көзі жасты, Менмендердің жазасын бергей тамұқ, Тəкаппардың дозақтағы халі мүшкіл. Сенен бұрын жарандарың қайда кетті, Бұл дүниеге көңіл бөлмей жылап өтті. Ғұмырың тəмам болды, нəубат саған жетті, Күнəң үшін тəубе қылғыл, ей, патшағар. Нəпсіге сен ерік берсең не тілемес, Еңіресең де Алла саған мойын бұрмас. Қолға алсаң, жаман құстай қолға қонбас, Қолға алып, түнгі ұйқыны төрт бөліңдер. Нəпсі жолына кірген кісі рəсуа болар, Жолдан азып-тозар, жұртта қалар. Жатса, тұрса шайтанменен бірге болар, Нəпсіні теп, нəпсіні теп, ей, патшағар. Нəпсің сені ақырында торға салар, Діннен қуып, жақсылықтан ада қылар, Өлер кезде иманыңнан жұрдай қылар, Ақылға ерсең ит нəпсіден безер болғай. Перғауын, Қарун шайтан сөзін берік тұтты, Сол себептен жер жарылды, оны жұтты. Мұса кəлəм даналықпен үлгі айтты, Құлақ қоймай ол екеуін қарғыс атты. Күнəң үшін тəуба қылып жылап жүргіл, Кетермін деп жол басына барып тұрғыл. Кеткендерді көріп сен де ғибрат алғыл, Ғибрат алсаң жатқан жерің болар гүлзар. Момын құлдар бар өмірін пида қылды, Хақ жолында жан мен ділін құрбан қылды. 53 Дүниені қойып, ақыретті сауда қылды, Сауда қылсаң хор мен нөкер − бəрі даяр. Қиямет күн ғарасат таңы атары бар, Айқай-ұйқай зар жылайтын күндері бар. Намаз, ораза, тəуба етіп барғандарға Жарылқайтын құлдарменен сұхбаты бар. Намаз бенен ораза өтеуін алар, Əлем халқы сүйініп, оларды Хақтан тілер. Қиямет күн көріп оны, олар тыңдар, Ондай құлдың бақыт пен олжасы бар. Ол арықтар кімге дəру, білгін оны, Тəубе қылған ғашықтар ішер оны. Тəубесіздер ол арықтан ішпес суды, Оған ішкізер улы заһар сулары бар. Қияметтің бір күні мың жылдай болар, Бұл дүниемен санай біл неше болар. Қиямет күн жетпіс мың жыл артта қалар, Тəуба қылған құлдардың күймейтін мезгілі бар. Кімдер Хақ құлы болса, Хаққа жақсын, Хаққа жақпас менменшіл əрі барсын. Құл Қожа Ахмет, нəпсі тыйып қыламын дат, Пірмұған болғай ма екен оған жендет. Бейхабарлар естіместен еңіреп тұрар, Қан жылағанын естісін ол пəруардігар. Тəуба қылып Хақты тапқан ғашықтарға Тəуба қылып Хақты тапқан ғашықтарға, Ұжмақ ішінде төрт арықша шəрбəті бар. Тəуба қылмай Хақтан тайған ғапылдарға, Тар лахатта қатты азап, қасіреті бар. Ұжмақ жайын білген құлдар тəуба қылсын, Тəуба қылып хазіретіне жуық болсын. Хор мен сарай нөкерлері қызмет қылсын, Алуан-алуан ұжмақтың шапаны бар. Тəуба қылған ғашықтарға хор қызын қосар, Күні-түні ораза жүрсе көңілі толар. Өлгеннен соң көрге кірсе, көрі кең болар, Соған лайық пендесіне рахметі бар. Тəубасыздар бұл дүниеден кешпес болар, Өлсе дағы көр азабын көрмес болар. Құл Қожа Ахмет, қайтіп бұдан орын тапсын, Күндіз-түні қорқатұғын Алласы бар. 54 Бейіш, тозақ таласар, таласуда мағына бар Бейіш, тозақ таласар, таласуда мағына бар, Дозақ айтар: мен артық, менде перғауын əман бар. Бейіш айтар: не дерсің, сөзді білмей айтарсың, Перғауын əман сенде дүр, менде Жүсіп Кинған бар. Дозақ айтар: мен артық, сараң құлдар менде бар, Сараңдардың бойында отты шынжыр, кісен бар. Бейіш айтар: мен артық, пайғамбарлар менде бар, Пайғамбарлар алдында қаусар, хоры нөкер бар. Дозақ айтар: мен артық, тарса жөйіт менде бар, Жөйіт тарса алдында түрлі ғазап, сұрақ бар. Бейіш айтар: мен артық, сенетін құлдар менде бар, Момындардың алдында алуан түрлі ырыс бар. Дозақ айтар: мен артық, залым құлдар менде бар, Залымдарға беруге заһар менен у да бар. Бейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар менде бар, Ғалымдардың көңілінде аят, хадис, құран бар. Дозақ айтар: мен артық, алаяқтар менде бар, Алаяқтар мойнында оттан ескен кісен бар. Бейіш айтар: мен артық, сопы құлдар менде бар, Сопылардың көңілінде зікір, пікір, субхан бар. Дозақ айтар: мен артық, бинамаздар менде бар, Бинамаздар мойнында жылан менен шаян бар, Бейіш айтар: мен артық, дидар көрмек менде бар, Дидарын көрсетуге Рахым атты Рахман бар. Дозақ сонда тік тұрды, бейіш билігін айтты, Құл Қожа Ахмет не білді, білдіруші Алла бар. Мұхаммедті білгейсің: заты оның араб-дүр Мұхаммедті білгейсің: заты оның араб-дүр, Тариқаттың жолдары о бастан күллі əдеп-дүр. Хақиқатты білмесе адам емес-дүр, Білсеңіз ол еш нəрсеге ұқсамас-дүр. Əлемде теңдесі жоқ екенін біліңіз, Шəк-шүбə келтіруге болмайтынын сезіңіз. Қаһарланса қылар жермен жексен, Зілзала болар ілезде жер мен аспан. Рахым қылса біліңіз − рахметі бар, Берер болса таусылмас нығметі бар. Мұхаммедті сипат қылсам тіл жетпес, Анасының аты Əминə, одан ешкім өтпес. Атасының аты оның Ғабдолла екен, 55 Анадан тумай жатып өлген екен. Мұхаммедті бабасы сақтап келген екен, Аш-жалаңашқа қол ұшын берген екен. Бабасын білсеңіз Ғабдулмүтəліб, Көңіліңде сақтағайсыз жақсы біліп. Бабасының атасы еді Һашим, Естігенде ағады көзден жасым. Біліңіз: төртіншісі дүр Ғабдулманаб, Оларды білгендердің көңілі дүр ақ. Расулды білсе кім төрт-бес жасынан, Қияметте орын алар сегіз бейіш қасынан. Бабасы жеті жаста өліпті, Расулды ағасына беріпті. Əбутəліб Ғалидің атасы дүр, Араб қауымының ұлығы дүр. Əбутəліб бола дүр іс басында, Мұхаммед болар дəйім қасында. Мұхаммедтің жасы он жетіге келді, Сол уақытта Хадиша оны көрді. Мұхаммедті білсеңіз бейне сұңқар, Хадиша оны көріп болыпты зар. Хадиша көңілінде оны шын сүйе дүр, Мұхаммедке ғашықтықтан іші күйе дүр. Күндіз-түні іздеді оның тұрағын, Білсеңіз ақыр тапты мұратын. Көріңіздер құданың тапқан жүйесін, Мұхаммед баққан екен оның түйесін. Хадишаға Расул жалшы болыпты, Ақырында қосылып оны алыпты. Хадишаның құдай бағын ашыпты, Расулдың басына асыл дүрлер шашыпты. Расулдың жасы қырыққа жетіпті, Сол кезде құдайдан хабар келіпті. Одан соң Мұхаммед болды патша, Расулдың көңіліне жар болды Алла. Мұхаммедтің ісін Алла оңдады. Барша халайық иманымен қолдады. Расулдың басында болды ағасы, Кемел тапты отыз үш мың сахабасы. Расул баршасына ұнады, Əдеппенен бəрі қызмет қылады. Расулдың алдына бір жетім келіпті, Ғаріп, мүсəпірмін деп сəлем беріпті. Рахым қылды мүсəпір халына, Тілегенін берді оның қолына. 56 Расул айтты оған: мен де жетіммін, Жетімдікте, ғаріптікте өтіппін. Мұхаммед айтты: əр кім де жетім-дүр, Біліңдер: ол сүйген үмбетім-дүр. Жетімді көрсеңіз жəбірлемеңіз, Ғаріпты көрсеңіз əмірлемеңіз. Жетімдер бұл жаһанда қор екен-дүр, Ғаріптердің ісі сол екен-дүр. Ғаріптердің ісі дəйім ибалы-дүр, Тірі жетім тірі өлік-дүр. Құдайға ғаріп ісі белгілі-дүр, Ғаріптер ертелі-кеш күйзеліп тұр. Сипаттасам Əлишер алып-дүр, Алмас семсермен кəпірлерді қыра-дүр. Кəпірлерді иманға қылар нəсихат, Берер əр заманда исламға қуат. Дінге кірген кəпірді алып келе-дүр, Қабыл қылмаған кəпірді шауып келе-дүр, Семсерін қолына алып мінсе дүлдүл, Кəпірдің зəре-құты қашар, білгіл. Қолындағы жарағы зұлпұқары, Шабысқанда ұзарар қырық кез қары. Əлидің бар еді он сегіз ұлы, Оның əр біреуі алып боп тұрды. Əли ислам діні үшін қан жұта-дүр, Ислам туын əр кез берік тұта-дүр. Қожа Ахмет, біл, ғаріптікке түсіп-дүр, Пайғамбар əулетіне тіл қатып тұр. Көрген замат иланған Əбубəкір Сыдық-дүр Көрген замат иланған Əбубəкір Сыдық-дүр, Ұстын болып тірелген Əбубəкір Сыдық-дүр. Мұңдасқанда жылаған, құлдылыққа бел байлаған, Іші-бауыры езілген Əбубəкір Сыдық-дүр. Бір бетінен қайтпаған, сырын жатқа шашпаған, Ғапыл болып жатпаған Əбубəкір Сыдық-дүр. Сүйгеніне дос еткен, қызын қолдан тапсырған, Қол қусырып жалбарған Əбубəкір Сыдық-дүр. Айтқан сөзіне жеткен, нəпсі-қызықтан кеткен, Хақ Расулмен бір кеткен Əбубəкір Сыдық-дүр. Мұхаммедке қиын-ды, атасы жоқ-ты, расы, Бұршақ салған мойнына Əбубəкір Сыдық-дүр. 57 Құл Қожа Ахмет, белді бу, соқпақтардан сақ болғын, Ғаріптікте адал болған Əбубəкір Сыдық-дүр. Екіншісі жар болған, əділетті Омар-дүр Екіншісі жар болған, əділетті Омар-дүр, Мұсылмандыққа жар болған, əділетті Омар-дүр. Балалыға азан айттырған, шариғатты білдірген, Діннің сөзін ұқтырған, əділетті Омар-дүр. Қағба есігін аштырған, барша жүзді бұрдырған, Расул көңілін тындырған, əділетті Омар-дүр. Шариғатты бек тұтқан, тариқатты рас тұтқан, Хақиқатты кұп білген, əділетті Омар-дүр. Ұлын жырлап келтірген, дүре соғып өлтірген, Əділдікпен жол салған, əділетті Омар-дүр. Шырақ болып өшпеген, дін жолынан көшпеген, Қиянат істі етпеген, əділетті Омар-дүр. Міскін Ахмет, жадыңа ал, əлсіздерге тірек бол, Рухы Сізді шат қылғай, əділетті Омар-дүр. Үшіншісі жар болған Оспан сыпайы-дүр Үшіншісі жар болған Оспан сыпайы-дүр, Əр кезде де жар болған Оспан сыпайы-дүр. Хақ Расулдың күйеуі, дініміздің тірегі, Пенделердің азаты Оспан сыпайы-дүр. Оқығаны аят пенен хадис-дүр, Мінберде хатиб Оспан сыпайы-дүр. Жалбарынуы куə-дүр, алғандары екі нұр, Айтқандары дүр гəуһар Оспан сыпайы-дүр. Бəрі келіп бас ұрып, алып кетті шаһардан, Құдай жолына құрбан болған Оспан сыпайы-дүр. Қожа Ахмет, өтіндің сен Оспаннан, Жоқ оның шəк-шүбəсі Оспан сыпайы-дүр. Төртіншісі жар болған құдай шері Əли-дүр Төртіншісі жар болған құдай шері Əли-дүр, Миғражда да жар болған құдай шері Əли-дүр. Айтқан сөзі рахман-ды, көрсең жүзі нұр еді, Кəпірлерді қыратын құдай шері Əли-дүр. 58 Күш-қайраты белінде, иман-жады тілінде, Зұлпықары қолында құдай шері Əли-дүр. Мініп шықса дүлдүлге жерге түсер зілзала, Кəпір құтын қашырған құдай шері Əли-дүр. Бет қаратпай дұшпанға кəпірлерді қыратын, Батылдықпен қайтпаған құдай шері Əли-дүр. Рахмет қылсын бір құдай, не істесе де еркі бар, Қожа Ахметке медеткер құдай шері Əли-дүр. Ғашық жаны күйзеліп қайғы тартса Ғашық жаны күйзеліп қайғы тартса, Он сегіз мың бар ғалам көзді ашар, Көңіл құсы қос қанатын қомдап ұшар. Жан дүниесі сайраумен бұлбұл болар. Махаббаттың майданына өзін салса, Мағрифаттың жолына белін буса, Сыр шарабын ішіп ғашық рухы қанса, Дос көңілдің гүлзарында шаттық болар. Жарандар Хақ жадынан ғапыл болмас, “Рижал ла талһиһим” дер халық алғаш. Құдай жолын ұстаған жолда қалмас, Жаратқан иеме тілегі қабыл болар. Алғашқы шарапты кім алса, сол болар сақи, Наша тартып есірер мəңгі бақи. Жанын, тəнін күйдірер жалындатып, Іштен күйіп өртеніп һəм күл болар. Атын бояп, затын безегендер, Ішкі жанын есебімен түзегендер. Көңіл күйін жағдайымен кезегендер, Пейілі оның қашан аппақ болар? Тариқат-дүр бұл жол атын білсе дəруіш. Мағрифат-дүр білім нəрін алса дəруіш. Өзге жолдар сенімсіз, білсе дəруіш, Хақиқат майданында ол ер болар. Қатуланып, Құл Қожа Ахмет, жолға кіргіл, Құлды көрсең құлы боп өмір сүргіл. Қадір ием нəсіп берсе қанағат қылғыл, Қанағат сұрап қанағат алған шын құл болар. Субхан ием пендесіне шапағат берсе Субхан ием пендесіне шапағат берсе, Іші жанып, сырты күйген бір жан болар. 59 Пір етегінен ұстап ғашық жолына кірсе, Хақты іздеумен екі көзі төрт болар. Жаннан кешпей ғашық сырын біліп болмас, Малдан кешпей менмендікті қойып болмас. Зерек болмай жалғыз өзін сүйіп болмас, Ондай ғашық ел көзінен аулақ болар. Жанын қинап ынты-шынтыңмен ғашық болғыл, Жасың төгіп, көзді сулап, адал болғыл. Одан кейін Хақ жүзіне лайық болғыл, Жаның берсең, рахым етсе, жанан болар. Ғашық жолында күндіз-түні жылағандар, Жаннан кешіп белін бекем байлағандар. Қызмет етіп Хақтың сырын аңдағандар, Түн ұйқысын төрт бөліп қайғылы болар. Уə, дариға, ғашық жолында жанын бермей, Сүңгуір болып дария ішінде гəуһар термей, Хақтан өзге, надандықтан аулақ болмай, Таңда махшар тағамдары дайын болар. Ғашық болсаң Баязиттей өзіңді сатқыл, Уаллаһи-биллаһи дүние арам, тастап лақтыр. Қан төгіп, ұйқы көрмей түндер қатқыл, Бір мезетте шайтан мүлкі ойран болар. Таң атқанша зікір айт жаныңменен, Тау мен шөлді бауға айналдыр қаныңменен. Тастан қатты тасқа жатқыл жамбасыңмен, Жолдан азған жүз мың ғапыл қараң болар. Тастан қатты тасты сүзген бейхабарлар, Ол ақырет ісін қойып, дүние іздер, Аят, хадис баян қылсам − кесім сөздер, Залымдардың көкірегі шайтан болар. Зікіріңді айт: қан ақсын көздеріңнен, Хикмет айт: дүр тамсын сөздеріңнен. Гүл өнсін əрбір басқан іздеріңнен, Гүлді күтсең, гүл ашылып гүлзар болар. Сахарда ерте тұрып қандар жұтқыл, Пірмұғанның етегінен бекем тұтқыл. Хаққа ғашық болған болсаң жаннан түңіл, Жаннан кешкен шын ғашықтар махрум болар. Бұл дүниеде пақырлықты əдет қылған, Қорлық көріп, машахатты рахат білген. Құл Қожа Ахмет, жақсыларға қызмет қылғын, Қиямет күн сондай адам сұлтан болар. 60 Бұл сырларды білмеген надан кісі Бұл сырларды білмеген надан кісі, Дəруіштердің қадірін қашан білер? Тіл ұшында үмбетпін деп дау шығарар, Мұстафаның қадірін қашан білер? Тариқаттың лəззатынан татқан кісі, Дүниесін дін жолына сатқан кісі. Күндіз-түні көзден жасы аққан кісі, Бұл дүниенің қадірін қашан білер? Күндіз-түні тағат қылса осы ғашық, Бұл дүниеде күнəсынан болар қашық. Дəруіштерді ғайбат қылған ол оңбаған, Мағрипаттың қадірін қашан білер? Дүние малын жиып мұратына жеткендер, Есіл өмірін заяда өткізгендер. Ен далада қамсыз тірлік кешкендер, Махаббаттың қадірін қашан білер? Көп адамдар дау шығарар нəпсі бағып, Ішіп-жеп хайуандардай түнде жатып. Ораза тұтпас, зекет бермес, ұйқы бөлмес, Хақ тағала қадірін қашан білер? “Матқи кулли, матқи кулли” айтты расул, Əй, Құл Ахмет, бұл хадисті қылғыл қабыл, Сирия халқы қабыл қылмай қалды ғапыл, Надан халық пір қадірін қашан білер? Алланың мақамы ғажап мақам-дүр Алланың мақамы ғажап мақам-дүр, Ол мақамда ғашықтар серуен қылар. Көңілге құдіреттің нұры түссе, Естен танып өзін білмей жалғыз қалар. Ол мақамның жолдарының сырлары бар, Өз бетінше лағып кетсе жолдан азар. Азғыруымен шайтан малғұн дінін бұзар, Өз жолына салып оны қайран қылар. Ол мақамды білдіруге басшы керек, Тариқаттың басында жақсы керек. Осы жолда серттен таймас серке керек, Ондай көсем жұмақта сайран қылар. Ол мақамға жеткен ғашық шарап ішер, Мал-мүліктен бас тартып жаннан кешер. Қос қанатын Хазірет Таба қомдап ұшар, 61 Ғаршы-күрсі, Лауқ-қалам думан қылар. Алланы ойлап дүниеден безіп кеткін, Өлмей тұрып о дүние үшін жасың төккін. “Уанһар мин ғасамин мусаффани”, Ұжмағын сүйген құлға тарту қылар. Ол мақамның Таухит атты дарағы бар, Саясында ғашық құлдар пырақ ұстар. Бір бұтақтың мың жылдық өмірі бар, Əрқайсысы өз орнын мекен қылар. Ол дарақтың миуасынан татқан құлдар, Дүние қызығын ақыретке сатқан құлдар. Көр ішінде көз жұмып жатқан құлдар, Сахарларда көз жасын дария қылар. Ықласыңмен, Құл Қожа Ахмет, белді байла, Махаббаттың отымен жүрек жалға. Жағаңды ұстап таң атқанша тынбай жыла, Мүмкін, саған рахым етіп жанан қылар. Иманы жоқ халайықтан əр кім қашса Иманы жоқ халайықтан əр кім қашса, Білімділер кеңесінен безер болар. Күйіп-жанып ғашық жолына жасын төксе, Субхан ием ғарыш үстінде мейман қылар. Пендем дегей күйгендерді сүйіп Алла, Хақ көрсеткей ақ дидарын олла-біллə. Қайда барса құлшылығы Алла ісі, Əр не тапса Хақ жолына сарқып берер. Зəкір болып зікірін айтса келмек хабар, Шайтандардың бəлесінен айырып алар. Дерті болса Хақ дертіне бергей дауа, Ондай құлды өзі тауып мейірім қылар. Түні бойы Хақ оятып қан жылатар, Көзін ілмей ғашығы үшін белін байлар. Дауасы жоқ дертті беріп зар еңіретер, Мұнда еңіреп, онда барса сұлтан қылар. Хаққа ғашық болған құлдар көзін ілмес, Мақсұтына жетпесе риза емес. Туған-туыс, мал-мүлікке көңілін бөлмес, Исмаилдай ғазиз жанын құрбан қылар. Дуаналық жолында ол Хақты тапқан, Семсерді Хақ қолға алып нəпсі тапқан. Қайда барса көз жұмып сырын тапқан, Ондай сырды тапқан кісі жомарт болар. 62 Шейхпын деп бас көтерген Хаққа қарсы, Көкірек керіп жаратқанға болмас жаршы. Жыласа да құдайсызға болмас емші, Бұл дүниені момындарға зындан қылар. Ей, мұсылмандар, тағат қылып таянбаңыз. Аманат қой, ғазиз жанға иланбаңыз. Харамдықпен жиған малға қуанбаңыз. Малдарыңды Қарыш атты жылан қылар. Бұл дүниеде мал жинаған Қарун қане, Өсиет айтып жар салған перғауын мен Һаман қане? Уамық, Ғазра, Фархад, Шырын, Мəжнүн қане, Қаһарланса жерменен жексен қылар. Білдіңіз бе өлмей адам қалғанын, Бұл дүниенің опасызын, жалғанын. Дүние талап − ризығың алғаның, Алла десең көздің жасын көл қылар. Ғашық дертіне дауа іздеген болар делбе, Іші-сырты жалған жанға əсте сенбе. Арың таза болса, əр кез жеңіс сенде, Ғашық дертіне рахым қылса Алла қылар. Кімді көрсең бұл жолдарда жалған ғашық, Іші таза болмайды көңілі ашық. Сол үшін де сүйгеніне болмас лайық, Жалғаншыны махшар күні сарсаң қылар. Тəн сөйлемес, жан сөйлемес, иман сөйлер, Жаннан кешкен шын ғашықтар Хақты көздер. Ғұламаға қызмет қылып жолын түзер, Сол ғашықты халайыққа сұлтан қылар. Ғашық болсаң күндіз-түні Хақты іздегіл, Парызды өтеп түні бойы көз ілмегіл. Ақылды болсаң надандарға сыр айтпағыл, Дəруіштер сенімдерін жасырын қылар. Дəруіш болсаң парызыңды өте, қылма жалған, Иман келтір, рахым қылар саған Аллам, Дəруіш емес қайда барса жолда қалған, Əділ патша парызын өтеп, əділ қылар. Ей, осындай дəруіштерге пана бергіл, Ол наданға үлпəт қылмай жанымды алғыл. Ей, іңкəрім, жолда қалдым, жолға салғыл, Тəуба қылған қожам жайын гүлзар қылар. Дəруішпін деп парызын істер халық алдында, Айламенен зыр жүгірер онда-мұнда. Алла үшін бойұсынған дəруіш қайда, Шын дəруіштер тау мен шөлді мекен қылар. 63 Ғашық болсаң ғашық жолында пида болғыл, Дидар іздеп қасіретінде ада болғыл. Шипа болып шын дертке дауа болғыл, Жақсыларды аларда оңай қылар. Ғашықтары Хаққа қарап зар еңірер, Махаббаттың дариясына шомып кірер. Гауһар алып ғашығына зарын тербер, Тамшы жасы жер əлемді көл қылар. Ғашықтарға берді ғашық отын күйдіргелі, Зылихадай өн бойын сүйдіргелі. Қасіретпен өңі-түсін солдырғалы, Шын ғашықтың нұр-жүзін сары қылар. Ғашық жандар Хақ қаһарынан қорқып тітірер, Жер мен көкте періштелер жылап тұрар. Бірде қызыл, бірде сары болып жүрер, Зар еңіреп жер мен көкті дүр сілкінтер. Ғашықтардың сүйіктісі сиқыр қыздар, Көңіл көзбен күл етер, баурап алар. Ғашық оты өртеген дерті зорлар, “Қайдасың?” деп жүрек-баурын езіп тынар. “Қайдасың?” деп, “қайдасың?” деп ғашық айтар, Махаббатқа сабыр қыл деп машық айтар. Аузы айтпас, тілі айтпас, ділі айтар, Үш жүз алпыс тамырлары толқын қылар. Ғашықтардың қиямет күн халін білгей, Шын ғашықтың көкірегін жарып шерін сезгей. Пəк аузынан көбігі ағып жүгіріп жүргей, Кімге берсе пəк ғашықты қайран қылар. Ғашықтардың үміттері жам шарап, Сүйіктісіне жетер жолда бауыры кəуəп. Жүрек қылы жан азығына болар жауап, Тербелсе жеті ықылым ойран болар. Құдіретімен əр не қылса ерікті өзі, Құдіретінен мəлім боп тұр қыс пен жазы. Əй, найсап, Алламенен ойнай көрме, Қаһарлы ием жандыларды жансыз қылар. Жыламақты əр адамға бергені қане, Жылау деген қиын емес, бауыр қане. Көз жасыңды текке төкпе, Хақты таны, Хақ тағала өз сүйгенін боздауық қылар. Құл Қожа Ахмет, пендемін деп көп айтпа көп, Алдауменен қылсаң тағат болар кəзəп, Шариғатта, тариқатта ісің бөлек, Ақыретте кəзəптарға жаза қылар. 64 Махаббаттың базарында жыр мен дастан Махаббаттың базарында жыр мен дастан, Бұлбұлдары сайрап онда сазды қылар. Мағрипаттың майданында адасқандар, Күндіз-түні көзінің жасын көлдей қылар. Сол бұлбүлдың сазды əуенін естігендер, Тəкаббардың тауын шағып ұсатқандар. Бұл дүниенің қуанышын ұмытқандар, Зар еңіреп көзінің жасын бұршақ қылар. Ғашық құлдар бұл дүниені көзге ілмес, Дүние қызығын берілген құл ауызға алмас. Күндіз-түні есі кетіп өзіне келмес, Алланы ойлап, көкірегі толып зарын қылар. Уə, дариға, өтті ғұмырым, тоймай қалдым, Кезбелікпен сапар шегіп арып талдым. Тəуекел қып белді бекем байлап алдым, Шын ғашығын Алла өзі сарсаң қылар. Ей, ғашықтар, күндіз-түні тынбай жыла, Күйіп, піскен жүрек-баурыңды отқа бұла. Ажал жетсе, ерлікпенен белің байла, Бұл ғашықты онда барса мейман қылар. Шейх Мансұр өзінің басын дарда көрді, Нұр төгілген Хақ дидарын сонда көрді. Естен танып өзін білмей зарын қылды, “Уашуһа” деп өзін білмей кезбе қылар. Шейх Шəблі ғашық болуды білмей өтті, Шейх Баязит жетпіс рет өзін сатты. Бұл дүниенің бар қызығын тастап атты, Өткен іске өкін деп зарын қылар. Ондай ерлер сұхбатын тапқан кісі, Ессіз жүрер таңданумен жазы-қысы. Таң сəріде хабаршы ғой оның ісі, Жан-тəнімен көз жасын төгіп тұрар. Мұндай болмай Хақ пайғамбарды танып болмас, Азып-тозбай сырдан мағына алып болмас. “Һу” зікірін дəйімі айтпай қоймас, Күдік пенен сенімді талқан қылар. Құл Қожа Ахмет, бұл хикметті кімге айттың, Ғұламамын деп халайыққа оқып жайдың. Əсері жоқ ғалымдарға өсиет айттың, Ғалым сол-дүр жан мен мүлкін ойран қылар. 65 Махаббаттың дариясында шомып жүріп Махаббаттың дариясында шомып жүріп, Мағрифаттын, гəуһарын алғым келер. Тариқаттың майданында самғап жүріп, Ол Туб ағашына қонғым келер. Ол Туб ағашты ексе шықпас, Алла деген ғашық құлдан залал келмес. Шын ғашық əрқашанда жолда қалмас, Ғашық болып Алла атын айтқым келер. Ғашық құлдар Хақ мейірінен құры қалмас, Хақиқатшыл бұл дүниеге мойын бұрмас. Шын ғашықтар дүние азабын мойнына алмас, Менің де бұл дүниеден безгім келер. Алланың нұрыменен ақыл шашқан, Алла деп көңіл қойып Тордан асқан, Махаббаттың отымен күйіп-жанған, Мен дағы Алла деумен барғым келер. Алла жады көңілдерді қылды шадман, Сопы киімін иығына ілді Əдһəм. Киім киіп шындыққа басты қадам, Менің де осы жолға түскім келер. Сопы киімін кигендер Хаққа жағар, Себебі: жан сырымен Хақты табар. Зарынан тілім таулар сызып ағар, Момақан боп сол киімді кигім келер. Адал болып, таза болды Жанид Шəбли, Нəпсісін тиып қаһар қылды Хасен Басри. Пенделікті койып, сопылық құрды Зүнүн Мысри, Əзіздердің жағында болғым келер. Алла ісі тəкаббардың ойын бұзды, Машайықтар алқа-қотан көрік түзді. Зікір айттым: қайғы-қасірет бəрі кетті, Менің дағы солармен болғым келер. Сауық шарабын ішіп едім қалдым күйреп, Махаббаттың отыменен баурым күйіп. Дидар көрсем, жолын берсе Ізім Уахаб, Дариссалам сарайына кіргім келер. Құл Қожа Ахмет, гəуһар сипат хикмет айтты, Əзіздерді мадақтаумен сөзін жайды. Таңды таңға ұруменен көз ілмеді, Дұға оқып азан хикметін айтқым келер. 66 Қай жерде əзіздердің мəжілісі болса Қай жерде əзіздердің мəжілісі болса, Сондай жерде ғылым жайын айтқым келер. Олардың сұхбаттарын қоштасам мен, Өзімді соларменен қосқым келер. Ізгі ниет дəруіштерге жаным берсем, Əрбір басқан іздерін көзге сүртсем. Қызмет қылып жақсылардан бата алсам, Одан кейін сауық шарабын татқым келер. Сауық шарабын ішкендер дүниені етер талақ, Қызыр бабам келіп оған берер сабақ. Дүние тауып жүрген жанның ісі анық, Ондай ерге əзіз жанды бергім келер. Уə, дариға, жақсының бəрі жылап өтті, Анасынан туа сала қайғы жұтты. Көзді жұмып ашқанымша өмірім өтті, Бұл дүниені соқыр тиынға сатқым келер. Тіліменен үмбетпін деп жалған сөйлер, Кісі малын алмақ үшін арбап сөйлер. Адалын мұнда тастап, арам көздер, Надандарға осыларды айтқым келер. Заман ақыр болғанда ақыл кеткей, Адамзат бірін бірі түтіп жегей. Дүние үшін иман, ислам дінін сатқай, Ақылдыларға бұл сөзді айтқым келер. Бір күні періштелер жиылып сұхбат құрды, Би билеп, көңіл көтеріп зыр жүгірді. Миғражда тұрып Хақ Мұстафа мұны көрді, Енді мен де сауық құрып тұрғым келер. Хақ Мұстафа бейжай болып талып кетті, Жебірейіл келіп оның басын тұтты. Сұбхан ием құдіретімен зікір үйретті, Үмбет болсам мен де зікір айтқым келер. Ғашық болсаң, көз жасыңды төгіп жүргіл, Баязиттей дүние қызығын теуіп жүргіл. Əдһам сипат тақ пен бақтан қашып жүргіл, Тілек берсең дүние қызығын тепкім келер. Құл Қожа Ахмет, дүние көрсең аулақ қашқыл, Зікір айтып тариқаттың жолын ашқыл. Аят, хадис сөзіменен алтын шашқыл, Жарандардан дүр мен гəуһар алғым келер. 67 Махаббат бақшасының бұлбұлы боп Махаббат бақшасының бұлбұлы боп, Таң сəріде зар илеумен қонғым келер. Сол уақытта жаратқанның дидарын кеп, Көңіл көзімен анықтап көргім келер. Хақ жолына бастаушылар ерлер болар, Алла мен мүрит ара елші болар. Құдай жолы дариясына сапар шегіп, Мазарларда шырақшы болғым келер. Хақ, пайғамбарды тілегендер күні-түні, Жан-тəнімен тынбай айтар зікір “һу”-ді. Хақтан мейір келер жетіп білсең мұны, Ақыреттің азығын алғым келер. Махаббаттың асасын қолға алып, Бақыт тонын иыққа киіп алып, Махаббаттың түгімен қанаттанып, Мағрифаттың бұтағына қонғым келер. Жарандардың бəрі барып болды мазар, Қатуланып, ей, достарым, болғыл бидар. Мұса сынды Тур тауында көріп дидар, “Раббу унзур илайка” деп айтқым келер. Уə, дариға, есіл ғұмырым кетті желге, Жалбарынсам дəнеңе жоқ жайған қолда. Құлшылыққа бел байладым кеш болса да, Құрмет тұтып пір қызметін қылғым келер. Ғажайыптан келді иман сыйлығы, Тəнім, жаным болсын соның саудасы. Құлаққа жетіп зар илеген хабар сыры, Даусын естіп жаным пида қылғым келер. Құл Қожа Ахметті білгейсің: тектілерден ол, Жапа шекпей еш əлемді көргізбес ол. Алланы айтқан мұсылманға түнек емес ол, Хақ жолына жаным құрбан қылғым келер. Ғажайыппен ол жоқтан бар жаратты Ғажайыппен ол жоқтан бар жаратты, Он сегіз мың ғалам түгел қайран болар. “Қалу бəлə” деген құлдарға үлес таратты, Бейғам құлдың діндері ойран болар. Хақ тағала иман сыйлап берді бізге, Ол Мұстафа Хақ елшісі деді бізге. 68 Мадақ айтсаң қуат берер дінімізге, Өйтпесе қылғандарың жалған болар. Əуелден “Аласту би раббикум” деді құдай, “Қалу бəлə” деп аруақтар қылды əуез. Жылап келдік есігіңе барша кедей, Мейрім қылсаң жүз мың күнəкарға сауап болар. Тəуба қылсам кешер ме екен қадыр Алла, Кешпесе мен не етер ем жүзі қара. Махшар барсам, сондағылар бəрі куə, Хақ жанында барлық істер оңай болар. Жылауменен өтті ғұмырым иə, шаһым, Есептесер мезгіл жетті қараңғылық кетсін һəм. Сенен өзге сүйенерлік жоқ панам, Күндіз-түні тілегенім иман болар. Үмбет үшін Расул дəйім қайғы жеді, Үмбетінің күнəсын тілеп алды. Күндіз-түні тік тұрды, тəңірім білді, Тілінде үмбетпін дер, ділінде мұнысы жалған болар. Үмбет болсаң Мұстафаға ерер болғыл, Айтқандарын жан-тəніңмен сен де алғыл. Түнде жатпай, күндізі ораза болғыл, Шын үмбетің сарғайып сабан болар. Сүннеттерін бекем тұтып, үмбет болғыл, Күндіз-түні мадақ айтып үлпəт болғыл. Нəпсіні тиып мехнат шексең, рахат білгіл, Бұл ғашықтың екі көзі төрт болар. Құл Қожа Ахмет, нəпсің тиып үнемі таза болғыл, Күйіп-пісіп дертпен бірге ада болғыл. Күндіз-түні тынбай жылап құлы болғыл, Дертін тартсам, қожа саған риза болар. Ей, достар, ғашық құштарлығы болмайынша Ей, достар, ғашық құштарлығы болмайынша, Құдай жолы дариясына сүңгіп болмас. Ол дарияның гəуһары дүр Алла менен Мұхаммед, Жаннан кешіп жүзбейінше көріп болмас. Қуат қорын жан беліңе бекем бумай, Махаббаттың шырын балын ауызға алмай, Көздің жасын көл қылып зарын төкпей, Жолдың сырын жомарттарша біліп болмас. “Иухиббуһум” шарабын ішпейінше, “Иухиббунаһу” шапанын кимейінше, Құлшылықтың белбеуін бумайынша, 69 Хақ дидарын қалауынша көріп болмас. “Ли маға аллаһи” мақамына салмағанша, “Ан тамату” сарайына бармағанша, “Фана филлаһи” дариясына шомбағанша, “Бақа биллаһи” гəуһарынан алып болмас. Шариғаттың шапанын кимейінше, Тариқаттың пырағына мінбейінше, Ой əлеміне беріліп батпайынша, Хақиқаттың майданына кіріп болмас. Сопылардың мұраты ғой Хақ дидары, Хақ дидары керек болса бол бидары. Құл Қожа Ахмет, таң сəріде қылғыл зары, Зар илемей Хақ дидарын көріп болмас. Құдіретпенен əмір қылды Мəулəм бізге Құдіретпенен əмір қылды Мəулəм бізге, Жерде, көкте жанды мақлұқ қалмайды деп. Əзірейілді жан алуға жіберді сол əлемге, Ғазиз жанды алмайынша қоймайды деп. Жасымда жас болам деп айтар едім, Қол жеткенді аз ғой деп айтар едім. Əрбір іске дау-дамай қылар едім, Енді білдім: мен айтқандай болмайды екен. Бар дүние менікі деген сұлтандарға, Ғалам малын сансыз жиып алғандарға, Өмірі сауық-сайран құрғандарға, Өлім келсе бірі опа қылмайды деп. Мақтан құрма, ей, достарым, сауық құрып, Күндіз-түні жалған сөйлеп, бейғам жатып. Жан алушы келер дейді бір күн жетіп, Мұндай тұста қапы қалу болмайды деп. Құл Қожа Ахмет, өлеріңді біле көргіл, Ақыреттің əрекетін қыла көргіл. Даярмын деп жол басында тұра көргіл, Ажал келсе еркіңе қоймайды деп. Көзіңді ілме, ей, мұсылман, сахар уақты ішінде Көзіңді ілме, ей, мұсылман, сахар уақты ішінде, Құтқар өзіңді дозақтан сахар уақты ішінде. Сахарда гүлдер ашылып, сайрайды бұлбұл, Бір Алланы айтып тілесе сахар уақты ішінде. 70 Сахарда көктен келер періште мұсылманға, Жазықтарға жаюға сахар уақты ішінде. Сахарда көктен жəннат қақпасы ашылар, Сүйген құлға нұр төгілер сахар уақты ішінде. Сахар уағында тұрғайсың, өлімді еске алғайсың, Қорқыныштан “көкке” ұшқайсың сахар уақты ішінде. Сахар лəззатын ғашық құлдар білерлер, Хақты кəзір көрерлер сахар уақты ішінде. Сахар уақты қош сағат һəм жаннат болар рахат, Тəңірге қыл ғибадат сахар уақты ішінде. Күнəларым бара-бара шектен асты Күнəларым бара-бара шектен асты, Қиямет күн мені шерменде қылма. Басым жастықта, жаным шығарда, Тəнім барып лахат ішіне жатарда. Сират атты қыл көпірден өтерде, Қиямет күн мені шерменде қылма. Қара жүзімді аққа балағайсың, Мұхаммедті маған жар санағайсың. Сұрақ салғанда өзің пендем дегейсің, Қиямет күн мені шерменде қылма. Хисапсызын күнəмның мен біліппін, Құзырыңа сенің жалғыз келіппін. Өзің рахым қыл, бейшара құлыңмын, Қиямет күн мені шерменде қылма. Əміріңмен сенің іс қылдым мен, Бұл дүниеден кетерімді білмедім мен. Көр ішінде жатарымды білмедім мен, Қиямет күн мені шерменде қылма. Өткендерден ғибрат алмадым мен, Көз жасымды төгіп жалбармадым мен. Кітап сөзін құлаққа ілмедім мен, Қиямет күн мені шерменде қылма. Жолымды басқара алмай жолда қалдым, Құдайға құлшылықты ете алмадым. Бар күнəмды жиып мен қолға алдым, Қиямет күн мені шерменде қылма. Ия, құдай, ғажайып қайранда болдым, Күнəмды көріп шерменде болдым, Хисабын таппай дəрменде болдым, Қиямет күн мені шерменде қылма. 71 Ғаріптікте зар еңіреп болып қайран, Жасаған ием, бергейсің маған нұрлы иман. Менің мүшкіл халімді оңайлатсаң, Қиямет күн мені шерменде қылма. Ғарыбыңды жұмаққа жеткізгейсің, Сират атты көпірден өткізгейсің. Ием сен, күнəм мен айыбымды кешіргейсің, Қиямет күн мені шерменде қылма! Барлық арман-тілектерді қабыл алушы Алла Тағаланың мейіріне мінəжат Мінəжат еттім, міскін Қожа Ахмет, Иə, Алла, бар пендеңе қыл рахмет. Ғаріп Ахмет сөзі əр кез көнермес, Егер жер астына түссе шірімес. Жəне мансұқ болып ол қар болмас, Оқыған пенделер дертті болмас. Оқығанға қылармын онда шарапат, Қиямет күні тигізермін шапағат. Құдайым нəсіп етсе маған жəннат, Оқығандарға қылғаймын шапағат. Тілекті не тілесең тəңірім бергей, Махаббат қызығын көкірекке салғай. Жүзін беріп пəруардігарым, Өзін жолға салсын Бір жəне Барым. Құдайым махшарда берсін жақсы күн, Қияметте асыл жанға дозақ махрұм. Үнемі дұғада болса əр мұсылман, Өлер кезде беріледі нұр иман. Менің хикметтерім ғаламға толған, Есітпей өлгеннің бəрі қылады арман. Менің хикметтерім дертке дəрмен, Кімдер бойсұнбаса жолда қалған. Менің хикметтерім ғаламда дастан, Көңілім түссе сұхбатың болар гүлстан. Менің хикметтерім білгенге өсиет дүр, Білмегенге кепиет дүр. Менің хикметтерім шəкірттердің ризығы дүр, Іші мəнсіз болса еңбегі еш дүр. Менің хикметтерім Алладан пəрман, Оқып ұққанға бар мағынасы: құран. Менің хикметтерім ғаламда сұлтан, 72 Бір мезетте шөлді етер гүлстан. Менің хикметтерім құштар махаббат, Көз жасына еткей таһарат. Намазына Расул Алла имамы болғай, Бар періште оның қауымы болғай. Күдікпен еткен намазы, Қабыл болғай оның Хаққа ниязы. Менің хикметтерімді ғашыққа айтсаң, Ділі Əминадай адалдарға айтыңыз. Бəрі көрер ақымақтар мен кəззабын, Бар ықлымды кезсем де таба алмадым тазасын. Менің хикметтерімді сарапшыға айтыңыз, Құдай рахымы түскен сақиларға айтыңыз. Əділетті патшаның бір аты Садық, Бір сəтте қылар жұмаққа лайық. Менің хикметтерімді надан естімес, Ділі, көңілі қара кеңесімді білмес. Қатеден хабарсыз Аллаға Мəңкүр, Əдепсіз биəдеп дүниеде бипір. Жазған адам əр кезде көркем жазсын, Көркем жазып көңілі судай тассын. Діні, иманы жоқ − исламы ойран, Қиямет таңы атса жолда қалған. Пірін танымай шайқы сынған, Қабыл қылмас құдайы оны оқыса құран. Іші қуыс болса да өзін шайық санайды, Жасы жиырмаға жетпей өзін іріге балайды. Үлкен, кіші жайында сөз қылады, Жақсы-жаманды айырмай тез қылады. Олардың сөзінің бəрі − өсек пен жалған, Шариғат қауымы одан əр кез ұялған. Сенсін деп мұны бірнеше биақыл, Бурынғы əулиелерден қылар мұны нақыл. Қасиетсіздер қасиетті боп көрінбек, Тіліменен қол ұшын беріп, ішіменен бөлінбек. Шайтаннан артық мекерлігін жасырар, Таңда махшар қара жүзі ашылар. Олардың жүзін көрмеңіз əр кез, Лағнетке жуымай маңынан без. Соқырға бар тіліммен айттым, Хақиқат сөзбен наданды сөктім. Егер бір ғалым болса жаным тасаттық, Дүр мен гəуһар сөзімді есітіп ұқ. Дүр мен гəуһар сөзін ғаламға ашса, 73 Оқып ұқса, бір Алланы таныса. Бұл ғаламға жанымды құрбан қылармын, Бар мүлкімді аямай шашып тынармын. Кəне ғалам, іс-əрекет, жарандар, Құдайдан жан аяйтұғын не амал бар? Шын ғалымның жастығы тастан болды, Ғылымын əлемге жайса көңілі толды. Өзін білгені, − Хақты білгені, Құдайдан қорқып ынсапқа келгені. Менің хикметтерімді даналар есітсін, Сөзімді дастан қылып мақсатына жетсін. Менің хикметтерім − ісім мен сөзім, Алла, көңілімде болсаң, қорғаушым да өзің. Менің хикметтерім − кемел пір, Кім құдайды таныса жанымен бір. Менің хикметтерімді жайсаңдарға айтыңыз, Дұға, тəкбір қылсын рахметіне батыңыз. Менің хикметтерім − құдіретті бір пір, Естігендердің көңілі толқып ұйып тұр. Тірі болса бұл жаһанда қор болмас, Оқыған пенделер еш нəрседен зар болмас. Қияметте оның жадында болармын, Егер дертті болса, дəрмен болармын. Егер жүз жыл өмір сүрсе қарымас, Егер жер астына кірсе шірімес. Құдайым қылғай оны тозақтан азат, “Жаддан” атты бейіште жаны болғай шат. Егер хикметімді оқысаң, ей, сүйікті пенделер, Шəкіртім сен, перзентім сен, ісің маған жөн келер. Менің хикметіме қойса кім бас, Өлерінде болсын иманы жолдас. Иасауи хикметін даналар естісін, Естіген жандар мұратына жетсін. Жауһар кенінен бір түйір алсын, Естімегеннің бəрі қасіретте қалсын. Хикметті тыңдаса бар жанымен, Кеудеден шығар жаны иманымен. Құлаққа ілмейді бұл сөзді надан, Оны адам деме, жүрген бір хайуан. Құдайдың сөзінен шыққан бұл бір хикмет, Естігенге нұрдай жауар рахмет. Менің хикметімді кім тұтса бекем, Құдайым оны қайғысыз қылса екен. Кірер жəннат ішіне ол шат-шадыман, 74 Құдайым айырмасын оны махшар таңнан. Менің хикметтерім құдіреттің данасы, Құдайдың дертті құлының дауасы. Менің хикметтерім шекер мен балдай, Сөздерім өтер теңдесі болмай. Менің хикметтерім “Инғам Алла”, Сахар уақтында айтса “Астапыралла”. Мұсылмандар етер шайтан жолына бармай, Мұхаммед Мұстафа олардың қолын алғай. Пайғамбар үмбетім деп мейірленсін, Əзəзілді құдайым өзі қусын. Менің хикметтерімді дертсізге айтпа, Баға жетпес гəуһарымды наданға сатпа. Иасауи хикметінің қадіріне жеткіл, Ғашық шарабынан бір тамшы татқыл. Ғашық шарабынан бір тамшы татқай, Құдайдың жұмағына біржола жеткей.
...