Тест по "Истории Казахстана"
Автор: MalikaDar • Март 29, 2023 • Тест • 4,662 Слов (19 Страниц) • 173 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. Тас дәуірінде адамдар үшкір сүйектен жасады:
А) Алқаны
В) Инені
С) Шүмектерді
D) Түймені
2. Геродоттың жазуынша савроматтардың тіліне жақын тіл:
А) Араб
В) Парсы
С) Скиф
D) Түрік
3. Батыс Түрік қағанатындағы «қара бұдун» сөзінің мағынасы:
А) Сот істерін атқарушылар
В) Құлдар
С) Мұрагерлер
D) Қарапайым Қазақ
4. Геродот жазбаларында «Олардың әрқайсысы қыста ағашты қалың ақ киізбен жауып, соның астындапаналайды» деп жазылған тайпа атауы:
А) Аримаспылар
В) Дайлар
С) Массагеттер
D) Аргипппейлер
5. Моғолстан мемлекетіндегі дулат тайпасының мұралық лауазымы:
А) Тайпа көсемі
В) Жабғу
С) Сұлтан
D) Ұлысбегі
6. Кенесары Қасымұлы басқарған әскерде сатқындық (опасыздық) жасағандарға берілетін ең қатал жаза:
А) Әскерден босату
В) Жер аудару
С) Өлім жазасы
D) Айып төлету
7. Абай Құнанбайұлының алғашқы шығармалар жинағы ресми баспадан шықты:
А) 1905 жылы
В) 1908 жылы
С) 1907 жылы
D) 190жылы
8. Азамат соғысы жылдарында бүлік шығарған:
А) болгар корпусы
В) жапон әскері
С) чехословак корпусы
D) француз әскері
9. 748 жылы Түргештердің астанасы Суяб қаласын басып алған ел:
А) Кушан империясы
В) Қытай империясы
С) Ұйғыр қағанаты
D) Тибет патшалығы
10. Төменде Алтын Орда хандары берілген. Осы хандарды басқарған уақытына қарай ретін анықтаңыз. 1) Өзбек Хан 2) Меңгу Темір хан 3) Берке Хан 4) Жәнібек хан
А) 3.2.1.4
В) 1.2.3.4
С) 1.4.3.4
D) 4.3.2.1
11. Түргеш қағанатының ордасы болған қалалар:
А) Суяб, Күңгіт
В) Күңгіт, Испиджаб
С) Навакет, Суяб
D) Талас, Баласағұн
12. Әмір Темірдің ұрпағы Ұлықбекті жеңген Ақ Орда ханы
А) Ерзен
В) Қойыршақ-Оғлан
С) Барақ
D) Ұрыс
13. 1941 жылы көшірілген «Мосфильм», «Ленфильм» студиялары жұмыс істеген қала:
А) Алматы
В) Орынбор
С) Орал
D) Ақтөбе
14. Шыңғысханның Керейлерді басып алған жылы:
А) 1207 ж
В) 1202 ж
С) 1201 ж
D) 1203 ж
15. 1511-1518 жылы ел билеген қазақ ханы:
А) Хақназар
В) Жәнібек
С) Есім
D) Қасым
АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ
1917 жылғы ақпан төөңкерісі Ресей империясы халықтарының ұлттық сезімінің өсуіне әкелді. Қазақ зиялы қауымы автономия – қазақ мемлекеттілігінің жаңа нысанын құру әрекетін жасады. Оның көшбасшылары ұлт мәселесібойынша келіспеушіліктерге байналысты Кадеттер партиясынан қол үзді. Осыдан кейін жалпыхалықтық сьезд щақырып, 1917 жылы шілдеде Ә.Бөкейхан басқарған,«Алаш» ұлттық партиясын құрды.
Қазан төңкерісінен кейін, 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші сьезд құрамына қазақ халқы басым облыстар енген Алаш аумақтық-ұлттыш автономиясын жариялады. Автономияның Конституциясы Бүкілресейлік Құрылтай жиналысында бекітілуі тиіс болды.
Азамат соғысы басталғанда, Алашорда ақтар қозғалысы жағына шығып, өзінің әскери бөлімдерін құрды. Алайда 1919 жылы Колчактың жеңілісі және Қызыл Армияның шабуылға шығуы Алашорданы Кеңес өкіметімен келіссөздер жасауға мәжбүр етті. Алашордалықтар кешірім алғанымен, Алаш автономиясы жойылды.
ТҮРКІСТАН (ҚОҚАН) АВТОНОМИЯСЫ
1917 жылы қараша айында Қоқанда өткен Түркістан мұсылман сьезінде Түркістан автономиясы құрылды. Оның басында М.Тынышбаев пен М.Шоқай тұрды. Ұлттық автономия идеяларын ұстанған Алаш көшбасшыларынан айырмашылығы М.Шоқай аумақтық автономияның жақтасы болды. Ондай автономия Орталық Азияның барлық мұсылман халықтарын біріктіруі тиіс болды.
Қоқан автономиясын 1918 жылы ақпан айында Қызыл Армия бөлімдері талқандады. Ферғананың Кеңестерге қарсы «басмашылық» қозғалысы Қоқан аытономиясын қолдаған жоқ.
...