Лекции по "Петроглифы Казахстана"
Автор: Baqkeldi Rysbek • Октябрь 25, 2023 • Курс лекций • 8,539 Слов (35 Страниц) • 131 Просмотры
«ҚАЗАҚСТАН ПЕТРОГЛИФТЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІС
САБАҚТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ
Дәріс сабақтары
1 тақырып. Кіріспе.
Беғазы-Дәндібай, Андронов мәдениетінің қалдықтарынан, қазақтың дәстүрлі өнерінен, тасқа салынған суреттерден бізге дейінгі жеткен жазба деректерден халқымыздың жасампаздығымен шығармашылығын аңғаруға болады.
Демек, біз тоқталғалы отырған тасқа қашалған суреттер -(петроглифтер) көне дүние куәлары. Археологияда «көне дүние куәлары» деп ерте заманнан қалған заттық белгілерді айтса, жазба ескерткіштер рухани мәдениет мұралары болып табылады. Соның ішінде Қазақстан территориясында кең таралғаны тасқа салынған суреттер - петроглифтер, көркем орындалуымен, әдемі нақышымен және салынған суреттердің жан-жақтылығымен зерттеушілерді қызықтырады.
Петро - «петро» - латынша тас, «глиф» - грекше жазу деген ұғымды білдіреді. Толық мағынасы - тастағы жазу. Тастағы жазулар тарихи-археологиялық ескерткіштердің бірі. Өйткені жартас суреттері бір жағынан адамзат ұрпақтарының рухани өмірін көрсететін өзінше бір өнер туындысы, һәм ашық аспан астындағы галерея болса, ал екінші жағынан өткен дәуірлер мен қоғамдар тарихы үшін бірден-бір дерек көзі болып табылады. Яғни бабаларымыздың күнделікті түрмыс-тіршілігіне, шаруашылығы мен кәсібіне, діни наным-сенімдері мен әдет ғүрыптарына, дүниетанымына, қоршаған ортасына және тағы басқа әрекеттеріне байланысты хабарды осы тасқа салынған суреттер арқылы ала аламыз. Бұл суреттер жеке бейнелерден бастап күрделі композицияға дейінгі туындыларды қамтиды.
Қазақ даласы осындай мағлұматтар беретін жартас суреттері жиынтық орындарының көптігі жөнінен Еуразия континентіндегі алдыңғы орындардың бірін алады. Осы уақытқа дейін Қазақстанда әр тарихи кезеңді қамтитын 200-ден астам жартас суреттерінің шоғырланған (Ақбауыр, Арпаөзен, Ешкіөлмес, Таңбалы т.б.) орындары белгілі болып отыр. Олардан табылған ескерткіштерге байланысты еліміз бен бірқатар шетелдердің баспа беттерінен арнайы еңбектер жарық көріп, өз орындарын әлем мәдениеті мен ғылымының алтын қорынан орын тапса, ал олардағы кейбір бейнелер − түрлі басылымдардың мұқабасын безендіріп, халықаралық конференциялар мен байқаулардың және басқада дүниелердің таңбасына айналып отыр.
2 тақырып. ҚАЗАҚСТАН ПЕТРОГЛИФТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ– 1 сағат.
Қазақ жеріндегі тасқа салынған суреттерге 11-ғасырдың ортасында өмір сүрген атақты ғалым Әл-Бируни алғашқылардың бірі болып көңіл аударған, ел қалмақтардың жүмбақ тас суреттері бар жерлерге табынатынын айтқан.
Қазақстандағы тасқа салынған суреттер туралы алғашқы ғылыми мәліметтерді XҮIII ғасырда өмір кешкен ірі ғүламалар Д. Мессершмидт, Ф. Стралемберг, И. Гмелин, Г. Миллердің зерттеулерінен табамыз.
Тас бетіндегі суреттерді ыждағатпен зерттей бастағамдардың бірі көне дүниелерді жинаушы, ориенталист Н. Н. Пантусов болатын, ол 1879 жылы Талдықорған облысының территориясынан табылған тас суреттері туралы мақала жазды. Біршама уақыттан соң Қызылағша, Қапал ауылдарына жақын маңнан тасқа қашап салынған суреттердің жаңа тобын ашты.
1884 жылы А. М. Никольский мен Г. В. Фишердің экспедициясы Іле өзенінің бойынан Таңбалытас (Тамгалытас) шатқалынан ескерткіштер тобын ашты, оның жазбаларын академик В. Позднеева аударып, Н. Н. Пантусов зертеп мақала жазды. Жетісу мен Солтүстік Қырғызстанның тасқа салынған суреттері туралы мәліметтерді жинай отырып Н. Н. Пантусов Шолақ тауларындағы Күрті Қапшағайының оң жағасында Қараеспе, Жалпақ шатқалдары өңірінде орналасқан Айыркезең мен Тайғақ шатқалындағы аң суреттері мен жазбаларды, сондай-ақ Қора, Көкеу өзендерінің аңғрындағы Жалғызағаш ауылына жақын жердегі тас бетіне қашалған суреттерді қарап шыққан.
Оңтүстік Қазақстанның бейнелеу өнері ескерткіштері туралы бірқатар мәліметтерді Түрістан әуесқой археологтар үйірмесінің мүшелері берді. Топограф М. А: Кирхгофтың айтуы бойынша Қаратаудың өңтүстік беткейіндегі Бесарық шатқалынан табылған тас қүралдар мен тасқа түскен суреттер жайлы В. А. Каллаур хабарлаған. Боралдай өзенінің сол жайылымындағы су айрығында Боралдай қақпасы деп аталатын ауданнан құз-жартасқа қашалған суреттер мен жазбалар туралы қызықты мәліметті 1904 жылы жазылған Л. А. Комаровтың жазбаларынан табамыз.
...