Контрольная работа по "Истории"
Автор: Kyrgyzbaeva29 • Октябрь 14, 2021 • Контрольная работа • 808 Слов (4 Страниц) • 445 Просмотры
1. «Жеке адамға табынушылық» апогеясы. 40-50 жылдардағы саяси үрдістер. 2. Н.С. Хрущевтің реформалары (1956-1964 жж.). (Білім беру мен ғылымдағы оң өзгерістер; қоғамдық-саяси өмірді ырықтандыру және қоғамдық-саяси өмірді жандандыру; халықтың әл-ауқаты саласындағы оң ілгерілеу).
Жеке адамға табынушылық – саяси немесе діни билік иерархиясында жоғарғы лауазымды адамның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау, асыра дәріптеу болады. Авторитарлық және тоталитарлық мемлекеттерде қолданылатын идеология бойынша көсемдерге табыну жүзеге асырылады. Ж. а. т-тың негізі, тірегі – мемлекет басшысын ұлттың көсемі ретінде қабылдайтын сана мен «әділ патшаға» үміт артуға негізделген құлдық саяси мәдениет болады. Қоғамдағы бар билік тармақтарының бүтіндей бір адамның қолына шоғырлануы, адам тағдырының жеке бас жетістіктері мен мүмкіндіктеріне емес, өз іс-әрекетінен гөрі басшылықтың оң қабақ көрсетуіне тәуелділігі жоғарғы мансап иесіне табынудың басты себебі. Саяси тұлғаға тәуелділік сезімін халық санасына жан-жақты сіңіруден, «құдіреті күшті» басшыға деген құлдық сезім, жарамсақтық, жағымпаздық психологияны ұстанғандар қалыптасады. Азаматтық құқық аяққа басылып, оның ішінде біздің қазақ еліміз осы жеке адамға табынушылық апогеясына ұшырайды, бұл кеңес заманында орнаған билік. Сталин өлгеннен кейін билік Никита Сергеевич Хрущевтың қолына өтті. Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына 1953-1964 жылдары сайланды. 1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды. 1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатты. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады. Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады:
...