Контрольная работа по "Истории"
Автор: koibagarov • Сентябрь 24, 2021 • Контрольная работа • 850 Слов (4 Страниц) • 320 Просмотры
Қойбағаров Санжар 125ОМ
Жауаптар
1. Тарих көне грек тілінен аударғанда ἱστορία —сұрастыру, зерттеу— адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.Тарих ғылымы үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Тарих сөзі көне грек тіліндегі "сұрастыру", зерттеу" ұғымынан пайда болған. Тарих оқиғалар мен фактілердің шынайылығын анықтау үшін қажетті. Тарих ғылымы кез келген адмның өткенін білуге және рухани құндылықтарын сіңіруге мүмкіндік береді. Тарих ғылымының маңыздылығы өте зор, себебі тарих ғылымы болмағанда біз қайдан шыққанымызды, ата-бабамыз кім екенін білмейтін едік.
7. Қандай ғылым болмасын оның өз даму тарихы бар. Тарихнама — тарих ғылымының даму тарихы, сонымен бірге бұл ұғым өзге де ғылым түрлеріне қатысты. Тарихнама — ғылымның белгілі бір түрі қай ғасырда пайда болды, қай ғасырдан бастап зерттеле бастады, ғалымдар осы ғылым саласы бойынша қандай еңбектер жазды, соны зерттейді. Дегенмен «тарихнама» деген атау ең алдымен тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуын, өзекті мәселелерін қарастырады.Сонымен тарихнама тарих ғылымы туралы жүйелі қағидалар жинағы. Ол тарих қалай жазылуы керек, қандай құндылықтар басым болуы керек, не жазылды, не жазылмады, ал жазылса қандай деңгейде жазылуы керек деген сұрақтарға жауап береді.
10.С. Асфендияров «Қазақтар тарихының кейбір негізгі мəселелері» атты мақаласында қазақ тарихының үш кезеңі бар: | Отан тарихын дəуірлеу мəселесін кешенді көтерген академик М. Қозыбаев 1992 жылы дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайында оқыған баяндамасында тоғыз дəуірді нақты көрсетті: |
1-кезең – капиталистік дамуға дейін (XVIII ғасырға дейін); 2-кезең – отарлау. Қазақстан патшалықтың отары жəне Қазақстандағы Қазан революциясының алғы шарттары; 3-кезең – кеңестік, – деп бөледі. | 1. Адам баласы қазақ сахарасында пайда болып, өмір сүрген тайпалар белесі; 2. Сақ, ғұндар заманы; 3. Түркі тектес тайпалар дəурі; 4. Қыпшақ белесі; 5. Монғол үстемдігі; 6. Қазақ хандықтары: халық, ұлттың қалыптасуы; 7. Отаршылық бұғауында; 8. Қазақ халқы Кеңес империясының уысында; 9. Қазақ халқы егемеңді ел болған шағында |
9. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін) - бір миллион жылға жуық уақытты қамтитын ең ұзақ дәуір. Ол тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді. Бұл кезең - ең алғашқы адамдардың сыртқы бейнесі, өмір сүру әдебі, көшіп қонған жерлері, шаруашылықтары мен құралдары, сонымен қатар олардың рухани және материалды мәдениеті туралы. Епті адам, тік жүретін адам, саналы адамдардың ең алғаш табылған жерлері, олардың өмір сүру уақыты да қарастыралады. Қазақстан аумағын б.з.б. VIII-III ғ. мекендеген сақтар, Каспий жағалауын мекендеген сарматтар, Мөде құрған ғұн державасы, ерте темір дәуірінде Жетісу жерін мекендеген үйсіндер, үнділердің “Махабхарата” қолжазбаларының мәліметтерінде кездесетін қаңлылардың өзара байланыстары, сыртқы саясаты, мәдениеттері, мекендеген жерлері туралы деректер Қазақстан тарихының осы дәуірінде айтылады.
Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.). Бұл дәуірдің өзі Ерте ортағасырлық кезең (VI-IX ғ), Дамыған ортағасырлық кезең (X-XIV ғ), Біртұтас Қазақ мемлекетін құру кезеңі (XV-XVII ғ) деп бөлінеді. Тарихтың осы тарауында қазақ жерін мекендеген тайпалар мен қағанаттардың территориялары, құрылыстары, шаруашылықтары , ұлы Қазақ хандығының құрылуы және оның хандары туралы қарастырылады. Қазақ жерін мекендеген түрік тілдес тайпалар өзара және ішкі талас- тартыстарының кесірінен биліктен айырылып, күштілігі жағынан басымдылық көрсеткен тайпаларға бағынышты болып қалып отырған. Сонымен қатар тарихта есімдері мәңгіге қалатын билеушілер: Сұлу қаған, Шыңғыс хан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың және т.б. ерліктері мен ел үшін күрестері нәтижесіз қалған жоқ- олар өз мемлекеттерін күйреуден сақтап, енді біреуі жаңа хандықтарға бастама салды. Бұл дәуірде көптеген мемлекеттердің астанасы және отырықшы мәдениет орталықтары болған қалалар: Тараз, Сайрам, Суяб, Баласағұн, Отырар, т.б. туралы мәліметтер де жетерлік. Халық ауыз әдебиетінің алғашқы үлгілері, лиро-эпостық жырлар пайда бола бастаған.
...