Контрольная работа по "Истории"
Автор: Лаура Сағидоллақызы • Сентябрь 16, 2021 • Контрольная работа • 1,906 Слов (8 Страниц) • 265 Просмотры
1.Тарих дегеніміз не? (Араб және еуропалық ойлары)
«Тарих» сөзін жер бетінде ең алғаш арабтар мен гректер қолданған. «Тарих» араб тілінен енген сөз, өткен күндер туралы әңгіме дегенді білдіреді. Яғни, білгенді, зерттегенді және өткеннің өзін айқындап, баяндап беру деген мағынаны білдіреді. Еуропалық ғылыми дәстүрде «тарих» түсінігі бір мезгілде таным нысаны және таным нысаны туралы ғылыми білімді білдіреді.
«Тарих» сөзі көне грек тіліндегі «сұрастыру», «зерттеу» деген ұғымдардан пайда болған. Көне рим тарихнамасында «тарих» сөзі әңгімелеу мақсатында қолданылған . Сол уақытта тарих адамдардың әлеуметтік кеңістікте «бағдарлану» құралы болып табылады. «Тарих – ғасырлар куәгері, ақиқат шырағы, естелік жаны, өмір тәлімгері», - деп жазған, ежелгі Рим философы Цицерон. Кейіннен барлық өткен оқиғалар, ойдан құрастырылған әңгімелер «тарих» деп айтыла бастады . Адамдардың басынан өткен жағдайларын баяндайтын ғылым – тарих ғылымы .
2.Тарих нақты қандай ғылымдар шеңберіне кіреді, ол ғылымдардан ерекшелігі қандай ? мысалы, Философия , Сясаттану, Мәдениеттану, Әлеуметтану
Тарих ғылымы нақты әлеуметтік – гуманитарлық, қоғамдық ғылымдар шеңберіне кіреді. Бұл ғылым адамзат қоғамын түрлі қырынан зерттейді: философия, саясаттану, әлеуметтану, экономика, құқықтану, филология, мәдениеттану, лингвистика және т. б. Бірақ бұл ғылымдардың ешбірі адамзат дамуын, қоғам дамуын толық қамтымайды. Тарихтың сол ғылымдардан басты ерекшелігі -адамзат қоғамын тұтас қамтып, қарастыра алуы. Әрбір гуманитарлық ғылым тарих алдында тұрған басты міндеттердің шешімін өз саласымен зерделейді. Ал тарих ғылымы адам баласының пайда болған уақытынан бастап қазіргі күнге дейінгі өмірі мен кезеңдерін қамтиды.
3.Тарих ғылымына қандай пәндер енеді? Мысалы, Археология, деректану тағы басқалары
Тарих ғылымына енетін салалар: археология, деректану, археография, геральдика, бонистика, палеография,антропология,этнография
4.Отандық тарихтың Қазіргі Қазақстан тарихынан айырмашылығы қандай?
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазір де өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да ұлт өкілдері құрайтын Қазақстан халқының тарихы, бүкіл адамзат тарихының бір бөлімі, Отан тарихының заңды жалғасы. Ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Меніңше, отандық тарих қазақ деген ұлт осы аумақта пайда болған сәттен бастау алады, ал қазіргі Қазақстан тарихы тәуелсіздік жеттіп, азат мемлекет құрған сәттен бастау алады. Отандық тарихтың басты айырмасы-уақытының ұзақтығында.
5.Қазақстан тарихшыларын (кеңестік кезең, қазіргі кезең) жазу және олардың тарихи еңбектері(әдебиеті)
1.М.Тынышбаев- «Қырғыз-қазақ халқының тарихына байланысты материалдар», «Түрік-моңғол тарихы»
2.С.Асфендияров-«Қазақстан тарихы» (1935 ж) 3.Е.Бекмаханов-«ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан»
4.М.Қозыбаев-«Ұлт және өркениет», 30 монографиясы, 50-ден астам ұжымдық еңбектері
5. Данияр Рахманұлы Әшімбаев- "Кто есть кто в Казахстане" (1995, 1997, 1998, 1999, 2001, 2002, 2003 жылдары), "Казахстан 90-х. Правительства Кажегельдина: приватизация, коррупция и борьба за власть (2003)" кітаптары
6. Жамбыл Омарұлы Артықбаев - 1989; «История Казахстана в 19 в.», 1992; «Бухар жырау. Двенадцать историй», 1994; «Этносоциальная структура казахского общества в 18 в.», 1997; «Казахское общество в 19 в.: традиции и инновации», 1993;
6. Қазақ мемлекеттілігінің бастауы мен сабақтастығы:ежелгі дәуір, орта ғасыр және жаңа уақыт. Өмір сүрген уақыттары, мекендеген территориясы, Қазақстаннан табылған ескерткіштері, зерттеушілерді жазу
Ежелгі дәуір | Орта ғасыр | Жаңа уақыт |
б.з.д.VIII-6 ғ | 552 ж-17 ғ | 17ғ бастап бүгінге дейін |
Жетісу, Орта Азия,Батыс Қазақстан, | Моңғолия,ОртаАзия,Қазақстан аумағы | Қазақстан,Орта Азия |
Сынтас, Целинный, Бесоба, Ақжар, Лебедевка,Есік қорғаны, Шірік-Рабад, Бәбіш-Молда, т.б | Талас ескерткіштері,якка, сардоба, дың ескерткіштері, кесенелер,Айша бибі кесенесі,Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, т.б | Қалалардың орны, белгілі тұлғаларға қойылған ескерткіштер |
К.Ақышев, Герасимов, Страбон, В.В. Григорьев | В.Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин | М.Х.Дулати, А.И.Левшин, Б.Б.Кәрібаев |
...