Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

История Турецкой Республики

Автор:   •  Декабрь 24, 2018  •  Лекция  •  29,164 Слов (117 Страниц)  •  395 Просмотры

Страница 1 из 117

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

ТАРИХ  КАФЕДРАСЫ

Дайындаған: PhD доктор, доцент Қ.Қ.Базарбаев

5В020300-тарих  мамандығы үшін

B21.121 «ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ» пәнінің

лекциялар жинағы

Түркістан 2018

5В011400 Тарих мамандығы бойынша лекция тезистерінің жинағы СМЖ университет ережесі (ЖН-СМЖ-013-2014) негізінде дайындалған.  

Лекция тезистерінің жинағын дайындаған:_____________PhD доктор,  доцент Қ.Базарбаев

                                                                                                                                                 

                   

Лекция тезистерінің жинағы  кафедраның  № 1 хаттамасы,

« 01 »  «09 »  2018ж.  мәжілісінде қаралды.

Кафедра  меңгерушісі    _______________  т.ғ.к., доцент Г.Ж.Примкулова        

Лекция тезистерінің жинағы  Гуманитарлық ғылымдар факультетінің   №1 хаттамасы,  

« 01»  «09»  2018ж.  оқу-әдістемелік   Кеңесінде мақұлданды.

Оқу- әдістемелік кеңес төрайымы: _________п.ғ.к., доцент М.Жаздықбаева

№1  Лекция

Тақырыбы: Түркияның қоғамдық- саяси модернизациялануы.

Отарлық басқыншылық пен феодалдық деспотизмге қарсы азаттық күрес

Лекцияның мақсаты мен міндеттері: ХІХ ғ. соңғы ширегінде Осман империясының Еуропадағы империалистік державалардың жартылай отарына айналған ұзақ үдерісі аяқталды. Бұл үдеріс ұлы державалардың отар елдерді қайта бөлу, бүкіл әлемге билік жүргізу мақсатындағы қызу күресінің кезеңіне сай келді. Шығыстың экономикасы артта қалған бірқатар елдері формальды түрде мемлекеттік тәуелсіздігін сақтағанымен, шын мәнінде империалистік державаларға тәуелді жартылай отар елдерге айналып еді. Кезінде жарты әлемге билік жүргізген Осман империясы ХІХ ғ. соңындағы жағдайын түсіндіру.

Лекция мазмұны: Осман империясының осы кезеңде империалистік державалардың «шаруашылық аймағына айналуының» басты сипатты белгісі Абдулхамит сұлтанның (1876–1909) көпжылдық деспоттық билігімен ерекшеленеді. Оның феодалдық абсолюттік деспотиясы «зұлым» («зулюм» түрікше – zülüm деспотизм, тирания) деп аталды .

Осман империясының осы кезеңде барынша артта қалған аграрлы ел болғандығы европалық саяхатшыларды жер өңдеудің қарапайым тәсілдерін қолдануымен таң қалдырды. Шын мәнінде, бұл елде ХІХ ғ. ортасынан бері қарай ауылшаруашылығында ешқандай өзгеріс, даму болған жоқ еді.

ІІ Абдулхамиттің сұлтандық билігі тұсында халықтың әлеуметтік жағдайы мүлдем қорғалмады. Күнделікті өмірде шенеуніктердің шектен шыққан бассыздығы, бюрократтық басқару аппаратының жемқорлығы орын алды. Тақтан айырылып қалудан қорыққан сұлтан және оның төңірегіндегілер, атап айтқанда, мұсылман діндарларымен бірге араб, күрд және шеркеш феодалдарының кертарпа өкілдері мемлекеттің басқару тізгінін ұзақ уақыттар уыстарынан шығармады .

ІІ Абдулхамиттің  билігі  танзимат жылдарындағы ағарту үдерісінің дамуына тежеу болды. Сұлтан барлық оқу орындарына қатаң цензуралық бақылау орнатты, мектеп істері ведомостволарына өзі тікелей араласты. Кез -келген еркін ойлылықтың көрінісі, тіпті ақыл-ойды оятатын пәндер оқу бағдарламасынан алынып тасталды. Осы кезеңде түрік мектептерінің барлық буындарына діни ықпал күрт өсті. ХІХ ғ. соңында орта, арнаулы және жоғары білім беру ісінде бірқатар ілгерілеушілік байқалғанымен, ол үдерістің баяу жүргендігін 1900 ж. ашылған Стамбул университетінің  қызметінен көреміз. Бұл оқу орны сол кезде үлкен қиыншылықтарды бастан кешіріп жатты.

...

Скачать:   txt (410.2 Kb)   pdf (898.9 Kb)   docx (140.7 Kb)  
Продолжить читать еще 116 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club