Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Деректану

Автор:   •  Сентябрь 21, 2020  •  Реферат  •  309 Слов (2 Страниц)  •  539 Просмотры

Страница 1 из 2

Деректану

Деректердің өздерінің көпжүйелілігіне, мазмұнына, пайда болуына қарай ортақ ұқсастықтары бар. Сондықтан, оларға ортақ ғылыми тәсіл жасау қажет – бұл деректанулық синтез. Дерекке ғылыми анализ жасау барысында екі субектінің – автордың және зерттеушінің көзқарастары анықталу қажет.

Деректанулық  анализдің  мақсаты  куәгердің  баяндаған  мәліметтерінің шынайылығын бағалау, шынайы фактілерді алу және фактілерді шынайы емес хабарламалардан  бөліп  алу.Ол деректің  сыртқы  және  ішкі  сынынан  және оны  түсіндіруден  тұрды.  Осылайша  қарастырылған  құжат  тарихшыға  қажет және  қажет  емес  бірқатарфактілерге  арнайы  өңделіп,  өз  тұтастығынан айырылды

Деректемелік синтез Деректерді объективті түрде іріктеу және талдаунегізінде оларды синтездеу мүмкішілігі туындайды.Деректерді синтездеу зерттеу жұмысының соңғы кезеңі. Деректанушы талдаудан өткізген деректерді жинақтап бір бірімен салыстырып оларды кешенді түрде зерттеу процесіне енгізеді. Деректерді синтездеу барысында бір объекті жөнінде жиналған бірнеше ақпарат көздері салыстырыла отырып пайдаланылады. Жекеленген тарихи дерек зерттеу объектісі бойынша толық ақпарат бере алмайды. Сондықтан ол деректер жүйесіне енгізіледі. Сөйтіп бірнеше деректің бір тақырып бойынша берген ақпараттары шынайы көріністерді айқындайды.

Деректермен зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізгі тәсілдері:

- Жазба деректердің сыртқы ерекшеліктерін анықтау үшін деректану ең алдымен палеография ғылымына жүгінеді. Сыртқы сында мәтіннің жазуына, шрифтіне, дерек жазылған материалға, безендірілуіне назар аудару қажет.

- Деректің пайда болуын анықтау – түпнұсқалығын, пайда болу мақсаты мен жағдайын анықтау, ең алғашқы жазылған мәтінді анықтап, қосымша мәтіндермен салыстыру қажет.

- Деректердің мәтінін оқу. Мәтінді қазіргі тілге аудару үшін, сол кездің тіл лексикасы мен грамматикалық ерекшелігін ескеру қажет. Мәтінді басқа көшірмелермен салыстырып, толықтырулар мен қысқартуларды анықтау керек. Сонымен, құжаттың мәтіндік анализі жасалады.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (48.9 Kb)   docx (7.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club