Фитодизайн
Автор: makpalBB • Сентябрь 16, 2019 • Доклад • 418 Слов (2 Страниц) • 598 Просмотры
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
[pic 1]
ФИТОДИЗАЙН
Мұғалімі: М.Т. Балпанбаева
Өскемен қаласы, 2019 ж.
Рефликсиялық есеп
Фитодизайн – өсімдіктерді көркемдеп әшекейлеу. Грек сөзінен аударғанда «фито» - өсімдік деп аталады. Фитодизайн - өсімдіктерден компазиция жасау үшін оған нақты жағдай жасап, өзінің орындалу тәртібін қолдану қажет. Кез – келген композицияны құрастыру үшін өсімдік түрлері, құты, ұстатқыштар, құрал - саймандар, қажет. Композицияға қажетті өсімдік түріне бөлме өсімдіктері, кесіп алынған өсімдіктер, жасанды өсімдік түрлері қолданылады. Тірі өсімдіктерді пайдалану жыл мезгілдеріне байланысты, жасанды гүлдерді дүкеннен сатып алып немесе қолдан құрастыруға синтетикалық табиғи материалдардан жасауға болады. Сонымен фотодизайнда құтылардың атқаратын рөлі зор. Олар – шиша, пластмасса, фарфор, қыш, тас құтылар т.б заттар жасап табиғатты көркейтуге атсалысу.
Үйірменің мақсаты: Гүл өсірудің қыр-сырын үйрету арқылы жаны нәзік, қайырымды, рухы биік, іскер, табиғатқа жанашыр салауатты адам тәрбиелеуге жағдай жасау. Фитодизайн – өсімдіктерді көркемдеп әшекейлеу. Фитодизайн - өсімдіктерден жасалатын әр бір зат оған нақты жағдай жасап, өзінің орындалу тәртібін қолдану қажет.
Міндеттері:
- Оқушыларды мазмұнымен таныстыру:
- Гүл түрлерімен таныстыра отырып, оны бейнелеп салуына мән беру:
- Гүлдер туралы әртүрлі, қызықты мәліметтерді іздестіру;
- Дала, бақша, бөлме гүлдерімен таныстыру;
- Гүлдерді, баптап күту негізіндегі этикалық, эстетикалық тәрбие беру;
- Гүлдерге деген аяушылық сезімдерін ояту, оларды қорғауға үйрету;
- Оқушыларды гүлдер туралы шығармашылық, танымдық жұмыспен айналысуына жағдай жасау.
- Композициялар жасауға, оған қажетті өсімдік түрін таңдай алу, жасанды өсімдік түрлерін де қолдана алу.
2018-2019 оқу жылында «Фитодизайн» үйірмесіне 12 оқушы қатысты. Қаңтар айынан бастап мектеп оқушылар 7 сыныптар арасынан топтастырылып ұйымдастырылды. Үйірме сабағы жоспарланған кесте бойынша аптасына 2 рет, дүйсенбі 2 сағат, бейсенбі 1 сағат өткізілді. Оқушылардың компазиция және гүл отырғызудағы жоғары қызығушылықтары байқалды. Жыл соңында есеп беру кеші өтті. Оқушылар 2 бағытта жұмыс көрсетті. Гүлді бастапқы кезеңнен бастап кесіп алу, сақтау, тамырландыру топыраққа отырғызуға дейін және әр түрлі гүлдерден «жаз тартуы» атты компазиция жасалынды.
...